Кеңселік жиһазды жасау цехын құру Резюме


Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы



бет3/5
Дата16.10.2023
өлшемі333,69 Kb.
#116489
1   2   3   4   5
Байланысты:
слаиж

Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы
Кеңселік жиһаз өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс.
Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады. Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді.
Бұл әдетте АЖТ-дан жасалған екі тірек, царга (тіректер арасындағы өтпе) және үстелдің беті. Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда тумбасы жоқ үстелді икемді жылжымалы төрт дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл тумбаны сол жаққа да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді. Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде бұрыштық үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек
Өндірістер бағдарламасы
2-кестеде жылдар бойынша өндірістің жоспарланатын бағдарламасы ұсынылған.

Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Ең жоғарғы қуатының өндірісі, %

58%

78%

90%

95%

100%

100%

100%

Үстел, дана

1 373

2 482

2 851

3 010

3 168

3 168

3 168

Шкаф, дана

686

1 241

1 426

1 505

1 584

1 584

1 584

Сату бағдарламасы маркетингілік зерттеулер жүргізу жолымен (тұтынушылардың кеңсе жиһазының дизайнындағы артықшылықтарын анықтау мақсатында), сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүргізілген нәтижелер негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бағаларды қалыптастыру кезінде тұтынушылардың олардың кірістерінің орташа деңгейімен айқындалатын сатып алу қабілеті ескерілген.
Бағаларды қалыптастыру өнімнің нарықтық бағаларына және толық өзіндік құнына негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет