Тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік нышаны Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. 2-жүргізуші: Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауы мемлекеттің қаржы саясатындағы қарымды істерінің нәтижесі.
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз. 1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол — Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша — асыл қазына, халық байлығы.