Байланысты: Кешенді емтихан 1 Қазіргі қазақ тілі. Қазақ тілін оқыту әдістем-emirsaba.org
1.Ата балаға сыншы (мақал) 2.Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында (мақал). 3.Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер, Сан азап бір күнгідей болмай кетер (С.Сейфуллин). 4.Сонда батыр жөнелді, Екі арыстан тең өлді (Махамбет).
Мәтін бойынша сөз құрамындағы морфемаларды түбір морфема мен қосымша морфемаға ажыратыңыз. Түбір морфема мен қосымша морфеманың айырмашылығын көрсетіңіз.
Елтаңбам қандай тамаша!Қазақтың кең даласы, күн сәулелі шаңырағы, құс қанатты пырағы, көгілдір нұрлы шуағы, күн сәулелі ұраны - бәрі осында. Олардан жерімнің жұпары, елімнің рухы еседі.Ендеше, Елтаңбаға тағы бір көз салайық: ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шаңырақтан шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды. Жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен “Қазақстан” жазуы жарқырай түскендей.Осы бір әсем де асқақ Елтаңбамызды суретшілер –Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов жасаған. (Ж. Дәуренбеков)
Сөйлемдердегі зат есімдерді тауып, категориялық грамматикалық мағыналарын анықтаңыз.
Сыбырлай сүйіп самал жел Толқытты жанды несіне? Жұпарын шашып көгал бел, Шақырды кімді төсіне? Өзенге әсем өң беріп, Жол қайың жайнап өсуде. Жағада қайық тербеліп, Күтеді кімді есуге? (Ф.Оңғарсынова.)
Көптік жалғаудың білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметін көрсетіңіз. Көптік жалғаулар қай сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарып тұр? (астын сызыңыз). Көптік ұғым көптік жалғаудан басқа қандай жолдармен берілген?
Талай заман - Құстар қайтты - Құралдарыңды алыңдар. Достықтары жарасқан. Бәріміз доспыз. Көре-көре көсем боласың. Жан-жануар бас қосыпты. Қыстың орталарында. Үйге қайттық. Отыз шақты кітап. Анамдар қайтып кетті.
Сын есімдерге толық морфологиялық талдау жасаңыз.
1.Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. (М.Әуезов). 2.Қараңғы тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы (М.Әуезов). 3.Жомарт бергенін айтпас (мақал). 4.Ту ұстап, дүлдүл мініп, топты бастап, Елге жол, өмірді алға кім нұсқаған (О.Шәріпов). 5.Сен алтынсың – мен пұлмын, Сен жібексің – мен жүнмін, Сен сұлтансың – мен құлмын (Шалкиіз).
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Сөйлем мүшесіне талдау жасап, сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратыңыз, толық морфологиялық талдау жасаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетер (мақал). Екі Кенен келмейді, Алатауға ексең де (К.Әзірбаев). Бұл Көкбай … осыдан төрт-бес жыл бұрын ел ішінде жақсы әнші еді (М.Ә.).
Сөйлемдердегі салт және сабақты етістіктерді бөліп жазыңыз.
Суреттер және көрдім жүзі жарқын, Ойладым: “Оңдырған-ау баққан халқын!” Соншама құны толық, пұлды түйме, Артында қалдырмас па “жақсы даңқын!” (С.Торайғыров). Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқақ бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. (М.Жұмабаев).
Көсемше, есімше, етістіктің шақтары. Етістіктердің қай шақта тұрғанын, шақтық мағынаның қандай тұлға арқылы беріліп тұрғанын анықтаңыз.
Ол апасының кескін-келбетін де анық білмейді. Ана дегенде көзіне бар елестететіні – тәңірдің жазғанына әбден мойынсұнып, қандай ауыртпалық болса да бәрін қабақ шытпай үнсіз көтеруге көндіккен, еріне, баласына деген ақ тілегін өз ғұмырынан да артық санайтын жұдырықтай ғана әйел. Үлкен үйге не керек болса – отау үйге де сол керек, жыртық шаңырақ астындағы осы екеуінің көңілі жыртық болмасын деп әкесі айлап, апталап мал табудың жолына кеткенде, анасының мұны қыса құшақтап еркелететіні, даладан дүбір естілсе, “әне, әкең келді!” деп елең ететін сәттері есінде мәңгі қалыпты (Д.Исабеков).
Тұлғаның акмеологиялық дамуындағы «Мен» тұжырымдамасының мәні, мазмұны және құрылымын кластермен көрсетіңіз.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде пунктуацияны оқытудың мазмұны мен ұстанымдарын тұжырымдаңыз.
Адамгершілік категориялар және олардың кәсібилікті дамытудағы рөлін «INSERT» әдісі арқылы көрсетіңіз.
Синтаксистік талдау жасап, бірыңғай және үйірлі мүшелер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңдар.
Қасиетті Жетісу топырағынан небір дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жезтаңдай жыраулар шыққан. Солардың ішінде әйгілі Сүйінбай, Жамбыл сияқты ақиық ақынмен терезесі тең, керегесі көктес жан – осы Кенен Әзірбаев. (А. Сейд.) Бақшадан жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып шыққан ешбір қайғы-уайымсыз, күмістей таза күлкі естіді.(С.Ерубаев.) Бір күні бай баласын үлде мен бүлдеге орап, киіндіріп, ат-тұрманын сайлап, қасына бір жас шешен жігіт пен бір ақынды қосып, ауыл-ауылды аралап, қыз көруге жіберіпті.(«Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинағынан.)
Мәтінге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Кептелісті де, жол үстіндегі түрлі апаттарды жасайтын өзіміз. Негізінен көбіне көше, жол тәртібін бұзатындар автобус жүргізушілері. Олар таңғы және кешкі қарбалас уақытта көліктің жүрісін жылдамдатады. Жол ережелерін бұзып аялдама жоқ жерлерге де тоқтайды. Соның салдарынан жол апаттары орын алып жатады. Көбінесе бұған жол беретіндер – автопарк басшылары. «600 автобусты қысқарту керек» дейді. Ол рас, көптеген автобустар техникалық жағынан жарамсыз. Көпшілік пайдаланатын қоғамдық көліктерге тәртіп орнату керек. Олай болмаған жағдайда қайғылы жағдайлар жалғаса береді. Бұл деген адамның тағдырымен ойнау емес пе?