Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Пішен және пішендеменің малазықтық құндылығы және дайындау технологиясы



бет17/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

9. Пішен және пішендеменің малазықтық құндылығы және дайындау технологиясы

Пішен – шабылғаннан кейін ылғалдылығын 15-17 % не бұдан да құрғақ етіп кептірілген шөп.Пішен – қыста қолда ұстаған малдың негізгі азығы. Қыста малға берілетін барлық жем-шөптің 40-45%-і азық өлшемі және қорытылатын протеиннің 50%-ке жуығы пішен үлесіне келеді.


Пішеннің азықтық сапасы оның ботаникалық құрамына, өсімдіктің өскен жеріне, шөптің шабу, жинау мерзіміне және сақтау жағдайына байланысты. Ботаникалық сапасына қарай мал жейтін шөптер астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас өсімдіктер және аралас шөп болып бөлінеді. Бұршақ тұқымдас, мысалы, беде, жоңышқа, екпе сиыржоңышқа т.б. шөптер Пішеннің сапасы өте жоғары. Сапасы бұдан сәл кем пішен – ақбас түйежоңышқа, сарыбас түйежоңышқа, эспарцепт, альпі бедесі, ноғатық, бедебас т.б.; астық тұқымдасынан шалғындық шөп, қой-көде субетеге, бетеге, қарабас шалғын, раиграс, шалғындық атқонақ, қарабидайық, тарғақ шөп, еркекшөп т.б. сапасы ең жоғары аралас шөпті пішен таспажоңышқа, қой желкен, ұсақ өлең, сораңнан т.б. алынады.
Пішеннің құнарлығы құрамындағы шөптің өскен жеріне, ауа райы жағдайына, агротехникасына байланысты. Батпақты жердің Пішеніне қарағанда далалы жердің пішенінде көректік заттар көп болады. Күнгейдің пушенінде протеин көп. Шабындыққа азотты тыңайтқыштар шашылса пішенде протеин мөлшері артады. Шөп пісіп жетіле бастағанда шабылса, пішенде көректік заттар мен витамин көбірек болады. Астық тұқымдас өсімдіктер масақ сала бастағанда, ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер гүл түйінін түзе не гүлдей бастағанда шабылса, сапасы ең жақсы пішен алынады. Шабылған шөптің жапырағы көп болса, жапырағы аз, сабағы көп шөпке қарағанда пішенде протеин 2-2,5, май мен минералды заттар 1,5-2, каротин 7-15 есе артық болады, сонымен қатар жапырақ организмге сіңімді келеді. Пішеннің сапасын бағалағанда оның түсі, иісі, жұмсақтығы ескеріледі. Ең сапалысы – көк пішен, бұл оның дер кезінде шабылып жиналғанын , дұрыс кептірілгендігін көрсетеді. Бұндай пішен стандартты деп саналады.
Пішен дайындауды жазық жерде шөпшабыс машиналарымен, ал тік беткейлерде шалғымен жүргізеді. Шабылған шөпті қатты кептірмей, бөкестеп, бөкестерді шөмелелеп, ал шөмелелерді маялап не бірден пресстеп жинайды
Пішендеме - көк шөптің нәрлігін сақтауға мүмкіндік туғызатын жемшөп дайындау әдісі. Пішендемеге қиын сүрлемделетін дақылдарды, әдетте, бұршақ тұқымдастарын салады. Пішендеме дайындау үшін шабылған көкті 45-55% ылғалдылыққа дейін дегдітіп, ор не траншеяға ұсақтап салып, мұқият нығыздап, ауа кірместей қымтап жабады. Бұл ылғалдылықта «физиологиялық құрғақтық» жағдайына енетін өсімдік торшасының су, яғни нәрін, ұстау күші бактериялардың сору күшінен басым түседі, де анаэробтық жағдайда олар ұзақ мерзім сақталады. Соның нәижесінде, бір жағынан пішен секілді құрғап қатаймаған (іріленбеген), екінші жағынан сүрлем секілді бүкіл қанты ашытылып, қатты қышқылданбаған, тұщы (рН=5-5,5), мал сүйсініп жейтін хош жеміс иісті азық дайындалады. Онымен қысқы мал азығыңда пішен мен сүрлемді алмастыруға болады. Бұршақ тұқымдастар көгінен дайындалған 1 кг пішеңдеменің жалпы қоректілігі - 0,3-0,4 а.ө. құрап, 70-90 г қорытылатын протеині болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет