Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігіне әр түрлі факторлардың әсері



бет48/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

3.Органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігіне әр түрлі факторлардың әсері
Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен өсiмдiкке әсерi әр түрлi. Өсiмдiк минералдық тыңайтқыш құрамындағы қоректiк заттарды алғашқы мерзiмде (бiрiншi жылы) көп мөлшерде қабылдайды, ал органикалық тыңайтқыштан
қоректiк затты өсiмдiктiң пайдалануы бiрқалыпты (бiрiншi, екiншi жылы) жүредi. Бұл оның құрамындағы органикалық заттардың ыдырау қарқынына байланысты екенiн көрсетедi. Егер минералдық тыңайтқыш негiзiнен топырақтың қоректiк режимiн жақсартса, органикалық тыңайтқыш сонымен бiрге топырақты органикалық затттармен байытады, микроорганизмдердiң белсендiлiгiн арттырады.
Польша мемлекетiнде жүргiзiлген тәжiрибеге сүйенсек жыл сайын гектарына 20-60 тонна көң қолдану 43 жылда топырақтағы қарашiрiк мөлшерiн 0,7 пайыздан 1,5 пайызға көтерген. Көң мен минералдық тыңайтқыштарды үйлестiрiп немесе бiрге қолдану оларды дара қолдануға қарағанда әлде қайда тиiмдi. Оны агрохимия кафедрасының жүргiзген егiстiк тәжiрибесiнен көруге болады. Мұнда шалғындық - қара қоңыр топыраққа 60 т көң еңгізгенде, бiр гектардан қосымша 110,2 ц жүгерi балаусасын жинады. Ал бiр гектарға 20 тонна көң және N60P30K60 қолданғанда қосымша өнiм мөлшерi 174,4 ц дейiн көтерiлдi.
Ауыспалы егiсте органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бiрге қолдану мiндеттi емес, бiрақ оларды үйлестiрiп пайдалану дұрыс. Егер топырақ қоректiк элементтердiң жылжымалы түрiмен жақсы қамтамасыз етiлген, бiрақ органикалық заттарға кедей болған жағдайда жалғыз органикалық тыңайтқышты ғана қолдану орынды. Ең алдымен органикалық тыңайтқышты қоректiк элементтердi едәуiр көп мөлшерде пайдаланатын, алайда топырақ ерiтiндiсiнiң жоғары концентрациясын жаратпайтын жүгерi, картоп, қияр сияқты дақылдарға беру керек.
Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бiрге қолдану топырақ типiне де байланысты. Азотқа бай қара топырақтарға органикалық және фосфор тыңайтқыштарын бiрге қолданған тиiмдi. Суармалы боз және ашық қара қоңыр топырақтарға органикалық тыңайтқышты азотпен толықтырған орынды. Құм, құмайт топырақтарға органикалық тыңайтқыш бергенде, үстеме ретiнде (немесе бiрге) азот пен калий тыңайтқыштарын берсе, өсiмдiктiң қоректенуiне қолайлы жағдай жасалынады.
Сонымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс үйлестiрiп қолдану ауыспалы егiстiң жалпы өнiмдiлiгiн арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет