Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Өсімдік өміріндегі калийдің рөлі және оның өнімдегі құрамы



бет49/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
4. Өсімдік өміріндегі калийдің рөлі және оның өнімдегі құрамы
Калий өсімдіктер үшін өте қажетті үшінші элемент болып саналады. Топырақта калий келесі түрлерде болады:
•қарапайым тұздар (нитраттар, карбонаттар, сульфаттар және т.б.) - топырақ ерітіндісінің калийі;
•коллоидті бөлшектермен сіңірілген калий - алмаспалы және алмаспайтын калий;
•алғашқы және екіншілік минералдардың кристаллдық торында - минералдар калийі;
•органикалық қалдықтар калийі.
Топырақ ерітіндісіндегі калий - өсімдіктердің ең жеңіл пайдаланатын бөлігі.
Өсімдіктердің тамырлары алмаспалы калийге жеткенде ғана өсімдіктер оны пайдалана алады. Бірақ алмасу процесі өткеннен соң ғана алмаспалы калий тамырларға қарай жылжиды.
Алмаспайтын калийді де вегетациялық кезеңде өсімдіктер аздап пайдалана алатын болады.
Топырақтың ылғалдығы жоғарылаған сайын еритін калий мөлшері де, алмаспалы калийдің гидролизденуі және алмаспалы калийді екі валентті катиондардың ауыстыруы себебінен, өсе бастайды.
Қара топырақтар. Бұл топырақтар калийге бай болғандықтан, мұнда өсетін дәнді дақылдардың түсімділігі калий тыңайтқыштарынан көтерілмейді. Тамыржеміс, картоп, көкөніс сияқты дақылдар үшін көп ауыспалы егістерде калий қажеттілігі артады. Калий тыңайтқыштарының тиімділігі азот-фосфор тыңайтқыштарын жүйелі түрде қолданғанда биіктейді.
Боз топырақтар. Калий мөлшерінің деңгейі айтарлықтай жоғары.
Бедердің төмендеу элементтерінде дамыған топырақтар калийдің суда еритін түрлері, сондай-ақ суару және тастанды сулардағы ұсақ бытыраңқы тұнбаларындағы сіңірілген калий есебінен толығады.
Бедердің биіктеу элементтерінде дамыған топырақтар калийді жоғалтады.
Ауылшаруашылық дақылдардың жоғары өнімін алу мақсатында калий тыңайтқыштарын ең алдымен жеңіл және эрозияға ұшыраған топырақтарда қолдану керек.
Тұзданған топырақтарда калий көбінесе бедердің төмендеу элементтерінде жинақталады. Сондықтан, мұнда калий тыңайтқыштарының тиімділігі төмен болады.
Картопқа қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтауКалийдің жетіспеуі-Өсімдіктердің пішіні қисықтанған, буынаралығы қысқарған, жапырақтардың түсі кәдімгі түсіне қарағанда күңгірттеу, жапырақтары жиырылған, ұсақтау болып келеді. Кейіннен кәрі жапырақтар сәл сарғыштана бастайды. Алдымен жапырақтың басы және шеттері, кейінінен өсімдік толығымен қола түсіне ие болады. Вегетация кезеңінің соңында өсімдіктерге паразит ағзалары зиян келтіреді.
Көкөніс дақылдарына қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтауКалийдің жетіспеуі-Өсімдіктің төменгі бөлігінде сұрша-жасыл жапырақтар пайда болады. Өсімдіктің жапырақтары қола немесе сары-қоңыр түсін қабылдайды. Олардың шеттері сарғайып, кейінінен қоңырланады. Жапырақтың жүйкелері бойында дақтар пайда болады. Жапырақ
ұлпалары іріп, өледі. Тамырлары қоңыр түсті, әлсіз дамыған. Сабақтары жіңішке, біртіндеп олар қаттыланып, ағаштанады.
Бұршақ дақылдарына қоректенукаллий элементтерінің жетіспеушілігін анықтау-Жапырақтардың шеттерін бойлай сары теңбілдік пайда болады. Хлорозға ұшыраған учаскелері қосылып, жапырақтың басын және бүйір жақтарын бойлай анық үздіксіз сары жолақтарды құрады. Жапырақтың бұл аймағы кеуіп, өлген ұлпа ыдырайды. Майда жапырақты бүршік тұқымдастардың жапырақтары өсімдіктің барлық бөліктерінде зардаптанады. Жапырақтардың шеттерінде майда ақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет