Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Күздік астық дақылдар. Мәні. Биологиясы.Өсіру технологиясы. (ҚР бір облысы мысалында)



бет76/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
Күздік астық дақылдар. Мәні. Биологиясы.Өсіру технологиясы. (ҚР бір облысы мысалында).

Күздік дақылдар– күзде егіліп, қалыпты жетілетін бір жылдық астық тұқымдас өсімдіктер (күздік бидай, күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы, т.б.).
Өнімі келесі жылы орылады. Вегетациялық (өсіп-өну) кезеңі – 2 кезеңнен тұрады: күздік (40 – 45 тәулік), бұл кезде олардың тамыр жүйелері түзіледі, сонымен қатар жер үстіндегі вегетативтік мүшелері темп-раның төмендеуіне бейімделіп, шыныға түседі; көктемгі-жазғы (75 – 100 тәулік), бұл кезде олардың аталық-аналық мүшелері жетіле бастайды. К. д. күзгі және қысқы ылғалды, қоректік заттарды тиімді пайдаланып, жазғы ылғал тапшылығына, топырақ, ауа құрғақшылығына төзімді келеді. К. д. жаздық дақылдарға қарағанда ерте масақтанып, бұрын піседі және К. д. егістігінде арамшөп аз болады. К. д. жер жүзінде (әсіресе, күздік бидай) көп егіледі. АҚШ пен Еуропаның негізгі астық дақылы болып табылады. К. д. – Қазақстанда кеңінен таралған астық тұқымдасы, күздік бидаймен қатар күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы өсіріледі. К. д. Қазақстанда егілетін барлық егіннің 1/6 бөлігіне жуығын құрайды. К. д-ды егу мерзімі белгілі бір аймақ жағдайына, бидайдың сортына, т.б. байланысты әр түрлі болады. К. д-ды өте ерте не өте кеш егу оның қыстап шығуына қолайсыз әсер етеді. Аса ерте егілген дақыл гүлдеу жағдайы (яровизация) сатысынан ерте өтіп, қаулап өсіп шығып, қыстағы суыққа үсіп кетеді, ал кеш егілсе өсімдік толық тамырланып, түптеніп үлгермейді, тиісті қоректік заттар қорын жинай алмайды да, үсікке ұшырайды. К. д-дан көп өнім алу үшін күзде және ерте көктемде егіске тыңайтқыш шашылып, тырмаланады, қыста қар тоқтатылады. Суғармалы егіншілік аудандарда К. д. аралық дақылдар егістігінде жиі пайдаланылады. Бұл мал ш-на қажетті мол өнім алуға мүмкіндік береді.


  1. Майлы дақылдар. Мәні. Биологиясы.Өсіру технологиясы. (ҚР бір облысы мысалында).

Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді (күнбағыс, рапс, т.б.). Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр, сабын, тері, тігін өнеркәсіптерінде, т.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргеннен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамды. Жекелеген майлы өсімдіктердің (майкене, майлы зығыр) сабақтарынан қағаз, қалың маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла, арыш), жартылай кебетін (күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) жөне кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша, мақсары жене майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1985 ж.) 483,3 мың/ға (1996 ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде (2,9ц/ға) қалуда.
Күнбағыс астра тұқымдасына жатады, барынша кең тараған түрі — мәдени күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша 3 топқа бөлінеді: майлы, шағылатын жөне аралық. Өндірістік маңызға майлы топтың сорттары ие.
Өсіп-жетілу кезеңдері -көктеу, бірінші нағыз жапырақтар жұбы, бүрленуі (шанақтануы), гүлдеу және пісу. Күнбағыстың шекілдеуігі +4-5°С температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +16-18°С деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күнде пайда болады. Өркендер -5-7°С үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы арта түседі де, гүлденуі мен кейінгі дамуына +25-27°С температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жоғары температураға 8-10 сағат бойы тұрақты түрде шыдай алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік бойыңдағы түктердің жылу сәулелерін шашыратып жіберетіндіктен, жоғары температура мен аңызақтан күйікке ұшырамайды. Толық вегетация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-2500°С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және орташадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-2100°С тең.
Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, өсірілу аймағына, талаптардың арамшөптермен ластауына, т.б. жағдайларға байланысты өзгереді. Күнбағысты таза сүрі жерде өсірілген бидай немесе күздіктерден кейін орналастырғанда алдыңғы дақылды жинап алысымен танаптар жазықтілгіш терең қопсытқыштармен 20-22 см және одан да тереңге қопсытылады. Жүгері алғы дақылынан кейін эрозиялық қауіпті ескере отырып, танапты терең қопсытуға немесе аудара жыртуға болады. Алғы дақылдардың арамшөптермен ластануы айтарлықтай жоғары болғанда және олардағы егінді жинағаннан кейін, жылы өрі ылғалды ауа райы қалыптасса, сонымен бірге эрозиялық қауіп болмаған жағдайда негізгі өңдеудің алдында арамшөптерді еліктету мақсатымен танаптар алдын ала дискіленеді. Қыста 1-2 рет қар тоқтату да оң нәтиже береді. Ерте көктемде топырақтың физикалық пісуіне қарай ине тісті немесе тісті тырмаларымен топырақ кесектерін үгіту және оның бетін тегістеу үшін топырақ тырмаланады, арамшөптер де көктеуге еліктетілінеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет