Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру



бет22/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
23. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.
Мұғалім оқушыларға терең білімді береді, оны кәсіптік бағдар беру жұмысымен байланыстырады, мамандықты таңдауда оларға көмектеседі, әрбір мектеп бітіруші оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсетеді. Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы, кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орнату т.б
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Кәсіптік бағдар беру – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, мектеп психологының, пән мұғалімдерінің бірлескен іс-әрекеті.. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділік әдістемесі: ойындар, пікірталас, жағдаяттарды талқылау және т.б
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.Және табиғаттың бізге не үшін қажет екенін түсінеді.Күнделікті тұрмыстағы заттардың табиғаттан алынатындығын біле отырып,оқушылардың табиғатқа деген жағымды көзқарастары қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру жөнінде қарастырылатын әдістемелер:
1) бастауыш сынып оқушыларын қоршаған орта туралы білімді үнемі толықтыруға ынталандыру, осы мақсатта сабақта сюжеттік-рөлдік ойындарды, әңгімелесулерді, оқушылардың баяндамаларын, викториналарды қолдану;
2) бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту, қоршаған ортаға адам қызметінің мүмкін болатын салдарын болжай білу, осы мақсатта зияткерлік іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер қолданылады: салыстыру, синтез, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, зертханалық жұмыс, тәжірибе, бақылау, әңгімелесу-дәстүрлі әдістер.;
3) бастауыш сынып оқушыларын жергілікті маңызы бар экологиялық мәселелерді шешу бойынша практикалық қызметке тарту (экологиялық экскурсия ұйымдастыру, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді анықтау, табиғатты қорғау, экологиялық білімді насихаттау: әңгімелер, дәрістер, плакаттар)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет