Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Тәрбие - педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбие заңдылықтары



бет2/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
педагогика

2. Тәрбие - педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбие заңдылықтары.
Тәрбие — өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық үрдісін ұйымдастыру.Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық үрдісті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екі жақты түсіндіріледі:
1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі;
2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.

3. Бастауыш мектептегі педагогикалық процесс. Бастауыш мектептегі оқу мәні мен мазмұны
Елімізде қайта құрумен байланысты оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болуда. Оның өзіндік әлеуметтік – экономикалық негізі де бар. Бір орталықта топтастырылған, сол арқылы бүкіл оқу тәрбиенің процестерінің орталық арқылы реттеп отыратын, салаларға бөлінген, басқару жүйесі күйреді. Еліміз өз алдына мемлекет болып, енді өз алдына барлық шаруашылық – экономикалық, ағарту – педагогикалық, саяси — әлеуметтік ахуалды өз қолына алып, өзі басқару дәрежесіне жетті. Сондықтан, еркін елдің болашақ азаматтарына жаңа жағдайларға байланысты, жаңаша тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылған кезек күттірмейтін мәселе болып отырғаны белгілі. Олай болатын себебі қоғамдық — өндірістің дамуы, қоғамдық- экономикалық қатынасуы күрделі өзгерістерге түсуде . Меншік түрлері өзгеріп, енді жекеменшік иелері, шаруашылықтың түрлі саласында оның ішінде білім беру саласында да жаңа терминдер, жаңа ұғымдар, жаңа құрылымдар пайда болуда. Бұрын орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелерде бір мақсатта, біртұтас ынтымақты жұмыс жүргізілмей келсе, бүгінгі күннің өзгерісі ендігі жерде біртұтас педагогикалық процестің мәні зор болып табылады .Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу – тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет