Кешенді емтиханның негізгі міндеттері


«Жаратылыстану» пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны



бет14/19
Дата16.10.2023
өлшемі82,29 Kb.
#116516
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Кешенді емтиханның негізгі міндеттері-emirsaba.org

15. «Жаратылыстану» пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны.
«Мен зерттеушімін», қоршаған орта, құбылыстар, процестер, нысандар, зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері. «Жанды табиғат», өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар, өсімдіктерде болатын маусымдық өзгерістер. «Заттар және олардың қасиеттері», ауа, ауаның адам, өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызы. «Жер және ғарыш», жер ғаламшары үшін Күннің рөлі, Ай - Жердің табиғи серігі. «Табиғат физикасы», денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы, жылдамдықтың сипаттамасы.
16. «Жаратылыстану» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны.
«Мен зерттеушімін», ғылыми жаңалықтар және олардың күнделікті өмірге әсері. Ақпарат көздерінің түрлері, ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі. Экспериментті жоспарлау және жүргізу жолдары. Эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау.
17. «Жанды табиғат» фотосинтез процесі туралы алғашқы түсінік.
Өсімдіктердің бейімделуі, жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңкесүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер. Табиғат бірлестіктері - жанды және жансыз табиғат. Тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы.
18. Жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері.
Жануарлар, омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс. Тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі. Адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері.
19. Адамның ішкі ағзалары, асқорыту жүйесі.
Тыныс алу жүйесі және оның ағзалары, тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі. Қанайналым жүйесі, оның адам ағзасындағы ролі. Жүрек, тамыр соғуы. Адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау.
20. «Заттар және олардың қасиеттері» заттар мен денелер, заттарды шығу тегі бойынша жіктелуі.
Табиғи және жасанды денелер. Заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет