Тақырыбы: Несеп - жыныс жүйесі ағзалары-ның хирургиялық аурулары және жарақаттары.
Дәріс тезистері. Бүйрек жарақатының этиологиясы Бүйрек жарақатының түрлері.
Несеп жыныс жолдарының жарақаттарының ішінде бүйрек жарақаты жиі кездеседі. Бүйрек жарақатының негізгі себептерінің бірі жол апаты, құлау, соққы, спорттық жарақаттар, оқтық жарақаттар.
Бүйрек жарақатының түрлері: Ашық жарақаты
Жабық жарақаты
Бүйректің ашық жарақаттанулары кезінде ондағы морфологиялық өзгерістер бойынша әр алуан болады. Мұның өзі жаралаған заттың сипатына ( пышақ, оқ, бытыра), жара арнасының бағытына атқан тұстың қашықтығына ( атылған оқтан жараланғанда) байланысты. Сондықтан бүйрек жарақаттануларының толып жатқан формалары кездесуі мүмкін. Пышақтан болған жарақаттар әдетте тілме сызықтық формада болады да, ондай жағдайда бүйрек паренхимасының көп бұзылуымен қабаттаспайды. Ал атылған оқтан, оның үстіне жақыннан атылған оқтан, әсіресе бытырадан болған жаралар бүйректің жеке-жеке бөліктерге ыдырауына не оның езілуіне әкеліп соғады. Егер оқ алыс қашықтықтан атылып, оғы үлкен болмаса, бытырадан жараланған сияқты мұндайда бүйректің жарақаттануы болмашы болады.
Бүйрек жарақатының клиникалық белгілері Клиникалық тұрғыда бүйректің жарақаттнуының көрсетілген өту барысы несеп инфильтрациясының ұлғаюы мен жайылуы кезеңінде бірқатар жергілікті және жалпы симптомдармен көрінеді.
Жергілікті симптомдар : белдің тиісті өңірінің тегістелуінің күшеюі, зақымдалған бүйрек өңірінің пальпация кезінде ауыратыны, алдыңғы ішперде кабырғасының бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуының күшеюі және Щеткин- Блюмберг симптомдарының білінуі, іштің тиісті жартысына перкуссия жасалған кезде жылжымайтын доғалдықтын байқалуы не үлкею, жатады.
Клиникалық белгілері Жалпы симптомдарына несептік интоксикацияның өршуінің клиникалық белгілері : ауыздың кұрғауы, әлсіздік, науқастың мезгіл-мезгіл болатын қозушылық жағдайы, ұйқы қашу, сананың шатасуы, ағыл-тегіл тершендік және т.б.