Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»


Жұмыстың мазмұны, балаларға әсер ету тәсілдері мен



бет11/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   280
Байланысты:
С. А. Козлова, Т. А. Куликова-emirsaba.org

Жұмыстың мазмұны, балаларға әсер ету тәсілдері мен 

әдістерін таңдауда үлгі және біркелкілік болмауы керек. 
Шығармашылық жетіспеушілігі бар бірқалыпты монотондылық 

20
жұмысмерзімінен бұрын кәсіби солуына, тіпті жеке адамның 


қартаюына, интеллектуалдық өсуінің тоқтатылуына, жалпы


белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. 
Шығармашылық болмаған жерде көбінесе примитивизм мен
формализм көрінеді, бұл балалардың дамуына теріс әсер етеді. 
Педагогикалық еңбекте аяқталғандық пен жетілгендік «қол
жетімсіз, ал даму мен жетілу шексіз» деп ХХ ғасырдың басында 
айтылған Л.Н.Толстойдың сөзі қазіргі уақытта ғажап естіледі.
Соңғы жылдары білім беру мекемелері шығармашылыққа 
құқықтық негіз алды. Ресей Федерациясының «Білім туралы»
Заңында мектептің, балабақшаның ұжымына өз білім беру 
мекемесінің түрін анықтауға, жұмыс бағдарламасын таңдауға
және т.б. мүмкіндік беріледі. 
Өз бағдарламасын жасауға, тәжірибе жасауға рұқсат етіледі.
Бірақ педагогикалық үдерістегі шығармашылық, егер 

педагогтар өз мамандығының негізін жақсы игерсе, жемісті 

әрі ақталған болып табылатынын есте ұстаған жөн. 
Мамандықтың 
негіздері
мемлекеттік 
білім
беру

стандарттарымен анықталады.


Кез келген кәсіби оқу орны, оның ішінде колледж де, ең 
алдымен болашақ маманды стандартқа үйретуі тиіс. Стандартты
толық

меңгеру
шеберлікке жетуге 


мүмкіндік береді.
Психологиялық-педагогикалық дайындық түрінде фундаментсіз, 
шығармашылық өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, себебі
мұғалім әрбір баладан құралатын ең күрделі және әмбебап 
құбылыспен айналысады. Кейде консерватизм радикализмнен
гөрі адамгершіл болады. 
Педагогтің құқықтары мен бостандықтары 2012 жылғы 29
желтоқсандағы 
«Ресей
Федерациясында 
білім
туралы»

Федералдық заңының 47-бабында анықталған.


Бұлар білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға, өз кәсіби 
абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға, шығармашылық бастама
көтеруге, білім беру бағдарламаларын жасауға қатысуға, 
ғылыми,
ғылыми-техникалық, 
шығармашылық,
зерттеу

жұмыстарын жүргізуге, педагогикалық тұрғыдан негізделген


оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін, нысандарын 
таңдау және пайдалану еркіндігіне деген құқықтар және т.б.
Қысқартылған жұмыс уақытына, ұзақ мерзімді төленетін 

21
демалысқа, қарт болуына және т.б. қарай еңбек зейнеткерлігін 


мерзімінен бұрын тағайындауға құқық бекітілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет