27
күркіреу, балаға жасалатын екпелер және т.б.) сияқты сұрағын
оның көмек сұрап тұрғандығы, эмоционалдық қолдау сұрап
тұрғандығы екенін түсінеді.
Керісінше, баланың жүріс-
тұрысындағы сыртқы белгілері арқылы педагог көңіл-күйдегі
өзгерістерді түсінеді, эмоцияларын «оқи» алады, қандай да бір
іс-әрекеттерден екіншісіне ауыстырады, мінез-құлқының теріс
түрлеріне жол бермейді.
Педагогикалық оптимизм педагогтің әр баланың күш-
жігеріне, қабілеттеріне, білім беру жұмысының нәтижелілігіне
терең
сенуіне
негізделген.
Осы
оптимизмнің
мәні
Ш.А.Амонашвилидің тұжырымдаған «Балаға сеніңіздер. Өзіңе
сеніңіз. Ғылымға сеніңіз» педагогикалық ұстанымдарында
негізделген. Балаларды жақсы көретін
педагогқа олардың оң
қасиеттері мен мінез-құлықтарын қабылдау тән.
Әр тәрбиеленушінің қадір-қасиеті мен қабілеттерін біліп,
олардың өздерін көрсете алуы үшін жағдай жасай отырып, ол
балалардың жеке әлеуетін ашуға көмектеседі.
Педагог жақсы болғысы келетін баланы көтермелейді және
жігерлендіреді. Оқу процесінің қиындықтарына тап болғанда, ол
бас тартпайды. Ол жас баланы тәрбиелеу – бұл «толуы» мен
«кемуі» бар ұзақ үдеріс екенін біледі, алайда табысқа жетудің
кепілі –
бұл баланың мінез-құлқы, іс-әрекеттері мен
сезімдеріндегі жақсы жақтарына сүйену.
Оңтайлы мұғалім бала туралы жаман нәрсе айта алмайды,
ата-анасына шағымданып, оларды «шара қолдануға» шақыра
алмайды және т.б. Педагогикалық оптимизм ішкі рухтан,
қызықтыра,
шабыттандыра білуден, өзінің соңынан ергізе
білуден, әзіл және ақкөңілділіктен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: