33
Бұл жағдай соңынан әр түрлі типтегі және үлгідегі білім беру
мекемелерінде (жалпы немесе түзету түріндегі балалар бақшасы,
бастауыш мектеп, музыка мектебі және т.б.) жұмыс істеу үшін
педагогикалық кадрларды даярлауда өзгерістерге әкелді.
Нәтижесінде, педагогикалық мамандықтың ішінде мамандықтар
мен мамандандырулар қалыптаса бастады, олар ескеріле
отырып, кәсіби білім берудің мазмұны дифференциацияланады.
Мамандық – тағайындалатын біліктілікке сәйкес (мектепке
дейінгі мекеменің тәрбиешісі, музыкалық жетекші, ән мұғалімі,
бастауыш мектеп мұғалімі, биология мұғалімі және т.б.) белгілі
кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған әрекет
түрі.
Мамандандыру –белгілі бағыты
бар және еңбектің нақты
объектісімен (логопедиялық тпотың тәрбиешісі, мектепке
дейінгі мекеменің дене тәрбиесі бойынша инструктор, бейнелеу
қызметі студиясының жетекшісі және т.б.) байланысқан
мамандық шеңберіндегі қызметтің ерекше түрі.
Оқу орнын (орта немесе жоғары)
аяқтағаннан кейін
бітірушіге маманның кәсіби-педагогикалық даярлығының
деңгейі мен түрін көрсететін
педагогикалық біліктілік
тағайындалады. Тағайындалған
біліктілікке сәйкес педагог
нақты лауазымды қызмет етіп, белгілі деңгейдегі кәсіби
міндеттерді атқара алады.
Педагогтің одан арғы біліктілігін көтеру қажеттілігі білім
беру жүйесіндегі өзгерістерге (мектепке дейінгі мекеменің жаңа
үлгілерін
жасаумен, балалармен білім беру жұмысының
вариативтік бағдарламаларының пайда болуымен және т.б.),
сонымен қатар, лауазымдық өсуге (тәрбиешіні әдіскердің,
мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі қызметіне ұсынады)
байланысты туындайды.
«Ресей Федерациясындағы білім туралы» заңда педагогтің
үш жылда бір реттен кем емес педагогикалық қызметінің бейіні
бойынша қосымша кәсіби білім алу құқығы жазылған (47-б.).
Достарыңызбен бөлісу: