Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет237/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   280
Дидактикалық ойын құрылымы

Дидактикалық ойынның бірнеше компоненттерден тұратын


өз құрылымы бар. Осы компоненттерді қарастырайық. 


Оқыту (дидактикалық) мақсаты - басқа элементтердің
барлығы бағынатын дидактикалық ойынның негізгі элементі. 
Балалар үшін оқыту мақсаты ойын мақсаты ретінде
тұжырымдалады. Мысалы, «Затты дыбысынан таны» ойынының 
оқыту мақсаты мынадай: есту қабілетін дамыту, балаларды
дыбысты затпен сәйкестендіруге үйрету. Ал өз кезегінде,
балаларға келесі ойын мақсаты ұсынылады: әртүрлі заттардан
шығатын дыбысты тыңдап, оларды дыбысынан анықтау, дұрыс 
жауаптарды фишкалармен белгілеу.Осылайша ойын мақсатында
ойын әрекеттерінің «бағдарламасы» ашылады. Сондай-ақ, оның 
көмегімен
ойын

әрекеттерін


орындау

тілегі
ынталандырылады.Ойын мақсаты әдетте ойын атауында 


айтылып тұрады: «Сипаты бойынша тап», «Керісінше айт»,
«Балықты ұста», «Суретті құрастыр» және т.б. 


Ойын әрекеттері - ойын мақсатымен баланың белсенділігін
арттыру әдісі: «таңғажайып қапқа» қолын салу, ойыншықты 



426 
ұстап сезу, оны сипаттау; үстелдің үстіне қойылған 

ойыншықтардың өзгерістерін көзбен көріп, оларды атау,;


қуыршаққа киім, тұрмыстық заттарды таңдау. Мектепке дейінгі 


жастағы балалардың ерте және кіші жастағыларын
дидактикалық ойындарда ойын нәтижесі емес, ойын процессінің 
өзі қызықтырады. Сондықтан ойын әрекеттері қарапайым және
біртиптес болады: матрешканы шашып қайтадан жинау, 
дыбысына қарай кімнің айқайлап жатқанын анықтау (мысық, ит,
әтеш, сиыр), жануардың әр түрінің дауыстары салу, затты 
танып, атын атау.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың орта және үлкен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет