Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты


Персоналды даярлаған, оқытқан және біліктілігін арттырған кезде



бет5/7
Дата17.03.2023
өлшемі28,48 Kb.
#75277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты

Персоналды даярлаған, оқытқан және біліктілігін арттырған кезде:

  • объектілерде жұмыс істеуге тартылған персонал біліктілігінің тиісті деңгейін, мүмкін апаттық және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге даярлауды қоса, қамтамасыз ету;

  • жұмыс істеушілердің қолданылатын құралдардың, қабылданатын шешімдердің маңыздылық деңгейіне жауап беретін кәсіби іріктеу мен психикалық даярлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

  • Серіктестіктің барлық құрылымдық буындарында қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесін жақсарту;

  • үнемі тәжірибемен алмасу, жұмыс істеушілерді оқытудың заманауи әдістерін енгізу жөнінде семинарлар өткізу қажет.

Оқту бағдарламаларын жетілдіру, Компанияның білім беру базасында («Семсер АОО» ЖШС) Компания қызметкерлерін қызмет ерекшелігін ескеретін заманауи технологиялар негізінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу қажет.
Оқыту қажеттілігін анықтау және барлық персонал үшін тиісті оқыту өткізу, соның ішінде жұмыс орнында, арқылы персоналды қамтамасыз ету және құзырлығын арттыру процедураларын әзірлеу талап етіледі. Оқыту деңгейі мен түрі Компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаты мен мақсаттарының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу керек.
Өткізілетін оқытудың қажет есепке алуын жүргізу, біліктілікті арттыруды жоспарлау, оқыту бағдарламалары тиімділігінің мониторингі жүйесін әзірлеу және оларға қажеттілік бойынша түзетулер енгізу қажет.
6. Қауіпсіздікті және еңбек қорғауды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету
Серіктестікте қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесінің саясатын іске асыру деңгей мен оның талаптарын көрсету және қойылған мақсаттарды орындау дәрежесі мен тиімділік критерилерін белгілеу үшін есепке алу және талдау жүйесін дамыту қажет.
Сәйкес мердігерлер мен сатып алулар туралы жазбалар, аудит пен түзету әрекеттерінің қорытындылары енгізілетін есепке алудың тұтастығын, қол жетімділігін және бақылауды қамтамасыз ететін процедуралар болу керек.
ҚЕҚБЖ-не, оның ерекет етуі немесе нәтижелеріне қатысты көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда айқындау, түзету әрекеттер анықтау және қолдану бойынша ынтагерлік көрсету міндеттері мен құзыреттік белгіленеді. Сәйкессіздік жағдайлары мониторинг, қызметкерлерден, мердігерлерден, клиенттерден, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан, сондай-ақ оқиғаларды тексеру нәтижелерінде түскен ескертулер арқылы айқындалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет