Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты


Кәсіптік тәуекелдерді бағалау, бақылау және басқару



бет3/7
Дата17.03.2023
өлшемі28,48 Kb.
#75277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кәсіби іріктеудің еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырумен байланысты

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау, бақылау және басқару:

  • қызметкерлердің денсаулық жағдайын еңбек ахуалының себеп-салдарлық байланысында бағалау және талдауды;

  • қызметкерлерді кәсіптік тәуекел, оның пайда болу мүмкіндігі мен бақылау тәсілдері, сондай-ақ салдарлар мен жауапкершілік туралы хабарландыруды;

  • кәсіптік тәуекелдердің көрсеткіштері динамикасының мониторингін;

  • қызметкерлер денсаулығын зақымдау мүмкіндігін төмендету бойынша (сақтандыру жағдайы туындау мүмкіндігін) сақтандыру іс-шараларын өткізуді көздейді.

Серіктестік ҚЕҚБЖ саясаты талаптарының жете есепке алынуы мен орындалуын және денсаулықты, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны сақтау үшін қолданылатын іс-шараларды қолдауды ұйымдастыруға тиісті.
ҚЕҚБЖ қолдайтын корпоративтік мәдениетті:

  1. ҚЕҚБЖ саласындағы көрсеткіштерді жақсарту ықыласы;

  2. ҚЕҚБЖ саласындағы жеке көрсеткіштерді жақсарту уәжі;

  3. ҚЕҚБЖ саласындағы көрсеткіштер үшін жеке жауапкершілік қабылдау;

  4. барлық деңгейдегі қызметкерлердің ҚЕҚБЖ әзірлеуге қатысуы;

  5. нәтижелі ҚЕҚБЖ жолын қуушылық негізінде

  6. құру және сақтау қажет.

Компания басшылғымен ҚЕҚБЖ жолын қуушылыққа:

  • ҚЕҚБЖ мәселелеріне қажет ресурстар, уақыт пен қаржы бөлу;

  • күн сайынғы жұмыста жеке үлгі көрсету;

  • жерегілікті нысандармен қатар жеке нысандарда ҚЕҚБЖ жұмысы мен қайта қарауға белсенді қатысу;

  • іскери шешімдерде ҚЕҚБЖ мәселелерінің маңыздылығын мойындау;

  • мақсаттарға жеткен жағдайда тиімділік критерилеріне сәйкестікті мойындау;

  • қызметкерлердің ҚЕҚБЖ саласындағы жұмысын жақсарту шаралары бойынша ұсыныстарын көтермелеу;

  • ішкі және сыртқы бастамаларға қатысу кіреді.

Басшылықтың ҚЕҚБЖ бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін және тиімді әрекет ететін корпоративтік мәдениетті жоғарылатуда жетекші рөлі қажет. Жоғары басшылық қызметкерлерді ҚЕҚБЖ көрсеткіштерін жақсартуға белсенді қатысқаны, уәжі, жеке жауапкершілігі үшін көтермелеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет