20. Мырзағали Балнұр Еліміз тəуелсіздігін алған отыз жылдан асқан уақытта асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда кәсіби қызметтегі заманауи маманға қойылатын талаптар да арта түсуде.
Егеменді кезеңнің ерекшелігі — адамшылық, адамгершілік, азаматтық сияқты қасиеттер сынға түсуде. Қоғамымыздың өзгеруі үшін адамдар, олардың мінез-құлқы жаңаруы керек, сонымен қатар əрбір қоғам азаматы өзінің қолынан келген көмегін беріп, оның əрі қарай жандануы үшін аянбауы тиіс. Экономикалық жəне əлеуметтік табыстардың түп тамыры моральдік жəне мəдениеттік шарттарында жатыр.
Қоғамымызға адал, арлы адамдар, білімі жоғары мамандар қажет. Əрбір азамат адамгершілігі жоғары болып, қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінуі тиіс. Оған жан-жақты араласу үшін, өмір талабын жүзеге асырарлықтай қабілеті болу керек. Ал қабілеттілік адамның қолы оңай жете беретін қасиет емес. Ол тарихи дамуды игерудің, соған бейімделіп, еңбек етудің нəтижесінде келеді.
Кәсіби қызметтегі заманауи маманның көптеген әлеуметтік іс - әрекет түрлерінің ішінде кәсіби іc - әрекет мәселесі және соған байланысты жеке адамның дамуындағы кәсіби өзіндік анықталу сұрақтары маңызды орын алады. Кез келген кәсіби іс- әрекет белгілі бір талаптар, ниеттер негізінде жүзеге асады. Әрбір кәсіби ic - әрекет - жеке адамның қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты жеке бастық кәсіби бағдарды, іскерлікті, кәсіби сана қалыптастыруды, білімділікті, шеберлікті талап етеді. Кәсіби іс- әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге жеке бастық қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады.
21. Зиядинханұлы Мұхамеджан Ең алдымен, «заманауи маман деген кім?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Заманауи маман - өз заманының талабына қабілетті, қозғаушы күш деп білемін. Ал менің таңдаған мамандығыма байланысты, яғни болашақ мұғалім ретінде, заманауи мұғалімнің бойында қандай қасиеттер табылу керек екенін талдайтын боламын.
Мысалыға, біздің уақыт ойдың жүйріктігін, жаңа нәрседен қорықпай, керісінше оған қызығушылықты сонымен қатар дамыған заман болғандықтан, заманауи технологияны меңгеруді талап етеді. Онымен қоса өз тәжірибесін жетілдіру мақсатында біліктілік курстарын тамамдаған дұрыс деп ойлаймын. Себебі заманауи маман жан жақты болуы керек. Және де, мұғалімнің ең басты қасиеті – білім алушымен байланыс орната білуі. Өкінішке орай, қазіргі таңда жас буынның басым көпшілігінің психикалық бұзылулары бар. Оған себеп болатын факторлар: Ата-анасынан қорқу немесе олардан жылулық сезінбеу, әлеуметтік желінің әсері және т.б. Осыларды ескере отырып, баланың индивидуалды қасиеттерімен жұмыс жасаудың орнына, жауапкершіліктен қашатын мұғалімдер бар. Оқушы мен оқытушының арасында болатын көп түсініспеушіліктер, оқушының суицидке баруына апарып соғуы мүмкін десем қателеспеймін деп ойлаймын. Сол себепті қарым-қатынас құра білу-бұл өте маңызды қасиет.
Қорытындылай келе, заманауи маман болу үшін заман қиындықтарына төтеп беріп, заман ағымын талдап, дұрыс бағдар беру керек. Болашақ мұғалімдерге айтарым, «Ұрының да ұстазы бар бағынар, жақсы ұстазға жолыққанның бағы бар» - демекші, қандай бағдар беру – мұғалімнің қолында!