1. Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С.И. Гессен университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
Университетте ғылыми білімнің толық болуы;
Дәріс беру және оқыту үрдісіндегі еркіндік және шығармашылық рухы;
Оқытушылар мен ғалымдарды дайындау жолымен университеттің өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілігі[32].
Өз мәнісінде университет, С.И.Гессеннің көзқарасы бойынша, ғалымдардың одағы болады екен, ешқандай билікке төзбейтін. Қазақстандық ғалымдар (С.С. Құнанбаева[44] және т.б.) университеттік білім беру ұстанымдарының маңыздылығын ерекше көрсетеді. Олар бүгінгі университетте мамандарды дайындау жүйесінің негізгі ұстанымдарын анықтайды:
білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;
білім берудің қол жетерлік ұстанымы;
ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және кіріктірілген ұстанымы;
мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық принципі;
білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;
кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;
алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;
білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік ұстанымы;
біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе академиялық ұстанымы;
білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық ұстанымы;
оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және интерақтивтілігінің ұстанымы;
білім беруді гуманизациялау ұстанымы;
оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;
білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық ұстанымы;
мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-мәртебелік деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;
бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз.
оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
Осы ұстанымдар кезкелген университетке лайықты, бірақ ғылым мен үниверситеттік білімберу түсінігі тарихи тұрғысынан өзгеріп тұрды. Олардың көзқарасын қолдай отырып, маңызды ұстаным ретінде болашақ мамандарды оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тұлғаға-бағытталған ұстанымды айтамыз.
Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
Қоғам мен мемлекет дамуының нақты тарихи кезеңінде мамандарды нақты қажеттілігіне және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы білімберу саясатына;
Жоғары мектеп стандарттарына және алынатын нәтижелерге білімберу мақсаттарына;
Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және басқа көздерімен қаржылануына;
әлемдік стандарттарға жоғары білімберу деңгейі мен сапасына;
әлемдік білімберу кеңістікке кіріру барысындағы жоғары білім беру жүйесінің ашықтығы;
әлемдік стандарттарға бағдарлануға және қалыптасқан дәстүрлердің сақталуына [29,121].
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәнеди мұрасынан, адамның өмірі мен тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің, ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы ретінде анықтаймыз. Осы тұжырымға сүйене отырып өз кезегінде жоғары білім беру мазмұнының педагогикалық ұйымдастырылуы жағынан және психологиялық қолдау тұрғысынан болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын келесі тарауда қарастырамыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады [22, 118-119]: мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші білімберушілік парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.
Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады. Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық. Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.
Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік-құндылықтық парадигмасы шенберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |