Іс-әрекеттік - студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз. Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:
Мотивациялық - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
Бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
Бағалаушылық - іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
Мазмұндық-операционалдық -екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану);
Еріктілік, зейінді - ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.
Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзарабайланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және шығармашылық-теориялық өзараәрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі тәжірибемен алмасу үрдісі. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени-білім беру аспектісін дамытудың моделі өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі танып білу мен анықтауды, толерантылықты, кәсіби этиканы т.б. компоненттерді құрайды. Біздің келесі қарастыратын мәселеміз – бұл болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі мен моделі.