10-сыныпта металдар және бейметалдадың құрылысы мен қасиеттерін меңгеруді жалғастырамыз Бұл курста табиғаттағы, зертханадағы, өндірістегі және күнделікті өмірдегі химиялық құбылыстарды, сонымен қатар табиғаттағы және адам ағзасындағы элементтер мен олардың қосылыстарының рөлін түсіндіру. Бұл сыныпта жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор түріне тәуелділігін түсініп, элементтердің радиоактивтілік түсінігімен таныстыру.
выполнено
30.11.2022
11-сынып бойынша берілген органикалық химия әлемінің есігін одан да кең аша түсу. Бұл кезеңде көміртектің органикалық қосылыстарының құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін тереңірек зерттеп, бейорганикалық және органикалық қосылыстар арасындағы байланыстарды меңгерту. Гибридтену, изомерия, гомологтар, функционалдық топ, радикалдар ұғымдары,органикалық заттардың құрылысы, құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтауға көмектесу. Органикалық қосылыстардың алыну жолдарын, адам өмірінде және табиғатта қолданылуын өз бетіңмен зерттей алатын деңгейге жеткізу.
выполнено
07.12.2022
"Химия әлемінде" сыныптан тыс іс шара (8-9 сынып)
Тақырыбы: «Химия әлемінде»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.(8 - 9 сынып курсынан)
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.
3. Жауап жалаушаны көтеру арқылы беріледі.
4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
Сұрақтар: 1. Оттектің атомдық массасы нешеге тең? (16)
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық)
5. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл (қорғасын – Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық
атауы ( калий пермаганаты)
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды? (Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Эндотермиялық реакция дегеніміз не (жылу сіңіре жүретін реакция)
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды).
II кезең «Мозайка»
Әр топқа карточкалар беріледі. Сөздерден сөйлемдерді құрастыру керек.
1) Массалық үлес дегеніміз – химиялық қосылыстағы ато массасының бүкіл молекуласының массасына қатынасы.
2) Валенттілік – химиялық элемент атомның басқа химиялық элемен атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
IІІ кезең «Полиглот».
Келді кезек полиглотты шешуге, Жауаптарды аударуға үш тілде. Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, 30 ұпай, шәкірт саған несібе. Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron 4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ.Табиғатта онсыз өмір жоқ Өсімдіктен аламын Өміріме нәр қыламын. Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен. Жауабы: Күміс, Серебро, silver
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
выполнено
Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден кәсіптік практика Жетекшісінің қорытындысы (жақсы жақтары мен кемшіліктері көрсетілген қысқаша сын-пікір және баға қойылады) Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Химия факультетінің «Химия-Биология» мамандығының 1 курс студенті Ошақбай Нұрсая Жұмабайқызына Мінездеме
Практика бағасы:
Алиева.М.Р 10.12.2022ж. Жетекшінің қолы күні және мөрі