Мақсаттар кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және оны реттеп отырады. Өйткені кәсіпкерлік қызмет анықталған мақсаттарға жетуге бағытталады. Кәсіпкер өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес мақсаттарын анықтайды.
Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:
1)белгілі бір уақыт ішінде кәсіпкерліктің қандай-да бір объектісіне салынған капиталдан және жұмсалған ресурстардан пайда табу.
2)қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.