Айналым құралдары
Өндіріс-
тік
қорлар
Аяқтал –
маған
өндіріс
Алдағы
кезең
шығын
дары
Қоймада
ғы
дайын
өнімдер
Дебитор
лық
берешек
Ақша-
лай
қаражат-
тар
Тауар
жөнелту
және
жолдау
Мөлшерленетін айналым қаражаты
Банкідегі
есеп
шоты
Есеп
ажырасу
қаража-ты
Өндірістің айналым қорлары
Айналыс қорлары
Мөлшерленбейтін
айналым қаражаты
Кәсіпорындарда айналым құралдарының құрылымы тұрақсыз және
көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты
кәсіпорында
айналым капиталының шамасы, олардың құрамы мен
құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің
ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б.байланысты болады.
Айналым құралдарының бір мезгілде әрі өндіріс сферасында, әрі
айналыс сферасында әрекет етуіне байланысты олардың айналымдылығын
тездету әртүрлі жолдармен іске асады. Олардың негізгілері мыналар:
-
өндірістік циклдың ұзақтығын азайту;
-
шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге төзімділігін
жақсарту;
-
айналым
құралдарын басқаруды жетілдіру;
-
қоймадағы запастарды азайту;
-
материалдық реурстарды пайдалануды жақсарту;
-
материалдық – техникалық жабдықтауды жетілдіру;
-
есеп – айрысу жүйесін жақсарту.
Айналым құралдарының тиімділігін арттыруға әсіресе өндіріс сатысында,
яғни материалдық құндылықтарды өндіріске қосқан кезден бастап, дайын
өнім алғанға дейінгі аралықта қол жеткізуге оңай.
57
Сурет 4.Айналым құралдарының бөлінуі
Өндіріске өнімділігі жоғары техника енгізу,
өндіріс процесін
автоматтандыру сияқты шаралар бұған қол жеткізуге көмектеседі. Мысалы,
мұнай өндірудегі кен орындарын интенсивті пайдалану арқылы әрбір ұңғыға
келетін мұнай көлемін арттыру осы бағыттағы шаралардың бірі болып
табылады.
Айналдым құралдарының көп бөлігі өндірістік запастар түрінде
болады, сондықтан оларды мөлшерге сай азайту айналым капиталын
пайдаланудың тиімділігн анықтайды. Өндірістік запастар мөлшері көптеген
факторларға байланысты. Осы бағыттағы шаралардың негізгісі материалдық
запастарды мөлшерлеуді жетілдіру. Техникалық әрі экономикалық
негізделген мөлшерлемелерді қолдану материалдарды үнемдеуге мүмкіндік
береді. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның тұрақсыздығына,
жабдықтау жұмысының нашарлығына, жоспарлаудың дұрыс жүргізілмеуіне
байланысты мөлшерден тыс және артық материалдар орын алуы мүмкін.
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың және олардың
айналымдылығын жеделдету шараларының бірі материалдық ресурстарды
үнемдеп пайдалану жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Материалдық – техникалық жабдықтауды
ұйымдастыру деңгейінен
кәсіпорындардағы материалдық құндылықтар шамасы анықталады.
Өндірістік бағдарламаның орындалуы, өндіріс процесінің үздіксіздігі де осы
факторларға байланысты.
Осы бағыттағы негізгі шараларға мыналар жатады:
- материалдық – техникалық жабдықтаудың жетілген формаларын
енгізу;
- ресурстарды пайдалану есебі мен оларды бақылауды жетілдіру;
- запастар мен шығындарды мөлшерлеуді жетілдіру;
- тиеу – түсіру жұмыстарын механизациялау мен автоматтандыру.
Ал айналыс сферасындағы айналым құралдарының айналымдылығын
тездетуге мынадай факторлар әсер етеді:
-
материалдық құндылықтарды жеткізуге келісім – шарттары дер
кезінде жүргізу және банк арқылы есеп айрысуды жеделдету;
-
құжаттардың айналымын тездету;
-
дебиторлық бережақты қадағалап отыру және оны азайтуға
бағытталған шараларды белгілеу.
Кәсіпкерлікпен айналысатын кез – келген кәсіпорын мөлшерленбейтін
айналым
құралдарын қысқартуға тырысады, себебі бұл айналым
қаржыларының айналыс – сферасындағы айналымын тездетеді, ал ол өз
алдына барлық айналым құралдарын тиімді пайдалануға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: