Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Песонал қозғалысы мен жұмыс уақыты



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата19.09.2023
өлшемі1,45 Mb.
#108837
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
Baimukashova2

4.2 Песонал қозғалысы мен жұмыс уақыты
көрсеткіштері
Кәсіпорынның кадрлық потенциалы - бұл кәсіпорынның мақсаттарына
қол жеткізу және оның міндеттерін орындау үшін барынша мүмкін болатын
әлеуетін көрсететін персоналдың маңызды интегралдық сипаттамасы.
Кәсіпорынның персоналдық әлеуеті, сөздің кең мағынасында
жұмысшылардың дағдыларын білдіреді, олар өндірістің түрлі салаларында
оның тиімділігін арттыруға, табысқа (пайдаға) немесе әлеуметтік әсерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметкерлерінің жекелеген
санаттары мен топтарының құрамы мен сандық коэффициенті қызметкерлер
құрамын сипаттайды. Өнім (қызметтер) өндірісіне тікелей байланысты, яғни
өндірістегі негізгі өндірістік қызметте жұмыс істейтін кәсіпорын персоналы
өнеркәсіптік- өндіріс персоналы болып табылады. Бұған негізгі, қосалқы,
көмекші және сервистік цехтардың барлық қызметкерлері кіреді;
кәсіпорынның балансында ғылыми-зерттеу, жобалау, технологиялық
ұйымдар мен зертханалар; зауытты барлық бөлімшелермен және
қызметтермен, сондай-ақ кәсіпорынның жабдықтарымен және көлік
құралдарын күрделі және ағымдағы жөндеуімен айналысатын қызметтер.
Кәсіпорынның өндірістік емес персоналына сауда және қоғамдық
тамақтандыру, тұрғын үй, медициналық және денсаулық сақтау мекемелері,
оқу орындары мен курстар, сондай-ақ баланста тұрған мектепке дейінгі
тәрбие мен мәдениет мекемелері қызметкерлері жатады.
Өнеркәсіптік-
өндірістік персоналдың саны өндірістің көлемі мен еңбек
өнімділігі қортындысы ьойынша бойынша анықталады.
Қызметкерлердің санын есептеу кезінде жұмысқа келгендер мен тізімдік
санының айырмашылығы болады. Жұмысшылардың күн сайын жұмысқа
келуі бойынша келгендер саны есептеледі. 
Қызметкерлердің тізімдік саны - персоналдың жұмыста болмауы мен
қозғалысын (демалыс, ауру, жұмыстан босату, қабылдау) ескере отырып,
қызметкерлер жалпы құрамын, яғни тізімнің құрамын көрсететін
қызметкерлердің санын анықтайды.
Жетекшілердің, мамандардың, басқару персоналының және басқа да
қызметкерлердің саны кәсіпорынның типтік басқару схемасы мен штаттық
кестелері негізінде анықталады.
62


Кәсіпорындардың еңбек ресурстары өлшемі, біліктілік деңгейі бойынша
тұрақты емес, бірақ олар әрқашан өзгереді, себебі кейбір қызметкерлер
кетеді, басқалары қабылданады. Бұл өзгерістер персоналдың айналымымен
сипатталады, ол үшін белгілі бір көрсеткіштер есептеледі.
Осындай сипаттағы өзгерістер кадрлардың ағымымен сипатталады.
Мекемедегі кадрлар жағдайы мынадай коффициенттермен анықталады.
1. Кадрларды істен шығару коэффициенті – нақты кезең ішінде барлық
себептер бойынша жұмыстан босатылған жұмысшылар санын осы кезеңдегі
жұмысшылардың тізімдік санына бөлу жолымен есептеледі.
К
і..ш.

шығ 
/Кт*100% (1)
мұндағы К-кадрлар
2. Кадрларды қабылдау коэффициенті – нақты кезең ішінде жұмысқа
қабылданған жұмысшылар санын осы кезеңдегі жұмысшылардың тізімдік
санына бөлу арқылы есептейді:
К
қаб.

к 
/К*100% (2)
3.Кадрлардың тұрақтылылығының коэффициенті 
К
т..к.
=1-К
шығ 
/К+ К
қаб
(3)
4.Кадрлардың ағымдық коэффициенті – мекеменің жұмыстан шығарылған
жұмысшылардың санын жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлу
жолымен анықталады:
К
а.к.

шығ
/Котс* 100% (4)
Еңбектің функциялық бөлінісі жұмыс істеушілердің белгілі бір
өндірістік функцияны орындауға нақтылы мамандандыруды көздейді
(өндірісті дайындау, еңбек заттарын қайта жасау, жүк тиеу мен тасымалдау,
құралдар мен аспаптар дайындау, өнім сапасын бақылау, жабдықты жөндеу).
Бұл өндірістік функиялардың бәрін олардың кәсіби (лауазымдық)
мамандығын ескере отырып өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің
жекелеген топтары (негізгі, көмекші цехтардың жұмысшылары, инженер-
техник қызметкерлері, кіші қызмет көрсету қызметкері, бақылаушылар және
басқалары) орындайды. Функциялық еңбек бөлінісінің өзгерісін төмендегі
кестеден көруге болады.
Ең көп әрі негізгі категория - жұмысшылардың атқаратын функцялары
бірдей емес, сондықтан технологиялық процестерге, еңбек заты мен еңбек
құралына қатысты атқаратын қызметіне қарай оларды үш топқа бөледі.
- негізгі жұмысшылар - технологиялык процеске тікелей қатысады және
машинаның көмегімен еңбек затын өзгертеді;
- көмекші (қосалкы) жұмысшылар технологиялык процесс барысында
машинаға қызмет көрсетеді немесе олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді,
еңбек затымен жұмыс істегенімен, онын түрін өзгертуге катыспайды;
- қызмет көрсетуші жұмысшылар – құралдар, аспаптарды жұмысқа
даярлау және оны жөндеу.
Негізгі жұмыстарды көмекші жұмыстардан бөлінісі еңбектің
функциялық бөлінісінің маңызды бағыты. Бұл орайда негізгі жұмысшылар әр
қилы көмекші жұмыстарды орындаудан босатылады.
63


Еңбектін мамандыққа қарай бөлінісі еңбек процесінің күрделілігі әр
түрлі бөлінуі болып табылады. Мүның өзі күрделі жұмыстарды
мамандықтары жоғары жұмысшыларға тапсыруға және қызметкерлерді
өздерінің мамандық шеберлігіне сәйкес неғұрлым ұтымды пайдалануға
мүмкіндік береді.
Персонал қызметіннің маңызды көрсеткіші ретінде жұмыс уақыты
қаралады.
Жұмыс уақыты дегеніміз кәсіпорын деңгейінде қызметкердің тәулік
ішінде өндірістік қызметтермен шұғылданатын уақыты. Жұмыс уақытының
ұзақтығын косіпорындардың қатысуымен мемлекет белгілейді.
Жұмыс уақытының еңбек өлшемі ретінде өзіндік масштабы, өлшеу
бірлігі болады. Мысалы, секундтар, минуттар, сағаттар және т.с.с,
Жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығы заңмен тағайындалған қалыпты
шамасынан ұзак немесе қысқа болуы мүмкін. Егер де белгіленген жұмыстан
артық істелінген болса, жұмыс уақыты ұзарады, ал жұмыс уақытын
жоғалтқан кезде - ол қысқарады. Жұмыс уақыты жұмыстағы уақыт пен
үзілістер уақытына бөлінеді.
Жұмыстағы уақыт өндірістік тапсырманы орындауға қажетті пайдалы
жұмыс уақытынан және еңбек пен өндірістің нашар ұйымдастырылуынан
болатын өнімсіз жұмыс уакытынан тұрады.
Өндірістік тапсырманы орындауға қажетті пайдалы уақыты дайындық-
қорытындылау, оперативті және қызмет көрсету уақыттарынан тұрады.
Дайындық – қорытындылау уақыты бұл атқарушының тапсырманы
орындау үшін жұмыс орнын әзірлеуге, сондай-ақ жұмысты аяқтауға
байланысты барлық іс-әрекеттерге жұмсалатын уақыты. Бұған материалдар,
аспаптар, құралдар, наряд, чертеж алу, жұмыспен танысу, жабдықтарды
әзірлеу, смена басталар алдында аспаптар мен құрылғылар орнату және
оларды смена аяқталғанда қайтадан алу, дайын өнімдерді тапсыру және т.б.
жатады. Дайындық-қорытындылау уақыты бұйымдардың бүкіл тобына бір-ақ
рет жұмсалады және олардың санына байланысты болмайды.
Оперативті уақыт - бұл берілген операцияны орындауға жұмсалатын
уақыт және ол өнімдердің әрқайсысын жасаған сайын қайталанып отырады.
Өз кезегінде ол негізгі (технологиялық) және қосалқы уақытқа бөлінеді.
Негізгі уақыт – бұл өңделіп жатқан еңбек затына оның сыртқы түрін,
бітімін және тұрқын өзгертуге кететін уақыт.
Қосалқы уақыт – бұл жұмысшының негізгі жұмысты қамтамасыз етуге
қажетті еңбегіне жұмсалатын уақыты. Ол әрбір бөлшекті немесе
бөлшектердің әрбір тобын жасаған кезде қайталанып отыруы мүмкін
(мысалы, бөлшекті станокқа орнатып, бекіту). Қосалқы уақытта жұмыс
әдетте қолмен, бірқатар жағдайларды машинамен де, қолмен де (бөлшекті
кранның, лебедканың көмегімеи орнату және қайта алу және т.б.) және
машинамен (машинаның жұмыс істейтін бөлшектері бір орнынан екіншісіне
автоматты түрде ауысатын болса) істеледі.
Жұмыс орнын баптау уақыты - бұл жұмысшыныңжұмыс орнын баптауға
және жинақы ұстауға жұмсайтынуақыты. Бұған смена басталар алдында
64


және аяқталғандааспаптарды дайындау және жинау, жабдықтарды
тексеру,майлау және тазалау. жұмыс орнындағы қалдықтардышығарып
тастау жатады.
Механикалаңдырылған
және
автоматтандырылған процестерде
күтіп-баптау уақыты жұмыс орнына техникалық және ұйымдастыру қызметін
көрсету болып бөлінеді. Техникалық уақыт белгілі бір операцияны
орындауға байланысты (жүзі мұқалған аспапты ауыстыру, жабдықты және
т.б. дайындау). Ұйымдастыру уақыты жұмыс сменасын тапсыру мен
қабылдауға, аспаптарды реттеп қою мен жинастыруға жұмсалады.
Үзілістер уақыты өздерінің туындайтын себептеріне қарай былай
бөлінеді: жұмысшыларға байланысты бос тұру (тынығуға, жеке қажеттерге
байланысты үзілістер, жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан ерте кету және
басқалары); өндірістік кемшіліктерге байланысты бос тұру (жабдықтардың
уақытънда жөндемеуі, материалдардың, будың, электр энергиясының,
сығымдалған ауаның болмай қалуы және т.б.); ұйымдастыру кезіндегі
кемшіліктерге байланысты бос тұру (жұмыстың, нарядтың, чертеждің,
мастердің, дайындаулардың болмауы және т.б.) болып бөлінеді.
Жұмыс уақытын дұрыс пайдалану бос уакытты арттырудың қажетті
шарты болып табылады. Тосыннан қарағанда еңбектің бос уакытының
өндіріспен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді. Ал шындығында бос
уақыттың мөлшері мен оны пайдалану ерекшеліктері енбекшілердің жан-
жақты кемелденуіне және олардың еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер
етеді. 
Қызметкерлерді пайдаланудың тиімділігі қызметкерлердің жұмысының
нәтижесі бастапқыда ұйым белгілеген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес
келетіндігін білдіреді; ал нәтиже ең төменгі шығындармен қамтамасыз
етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет