Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Кәсіпорын бойынша шығындардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет36/72
Дата19.09.2023
өлшемі1,45 Mb.
#108837
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
Baimukashova2

7.2 Кәсіпорын бойынша шығындардың жіктелуі
Өнеркәсіп өндірісінің шығындары негізгі экономикалық элементтер мен
шығын баптары бойынша жоспарланады және есепке алынады.
Негізгі экономикалық элементтерді топтастыру кәсіпорынның
материалдық ресурстардағы жалпы қажеттіліктерін, негізгі құралдардың
107


құнсыздану мөлшерін, еңбек шығындарын және кәсіпорынның басқа да
ақшалай шығынтарын айқындайтын өндіріс құнын бағалауға мүмкіндік
береді. Өнеркәсіпте экономикалық элементтер бойынша шығынтарды
келесідей топтайды:
-шикізат пен негізгі материалдар;
- қосалқы материалдар;
- отын ( сырттан);
- энергия ( сырттан);
- негізгі құралдардың амортизациясы;
- еңбекақы;
- әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары;
- элементтерге бөлінбеген өзге де шығындар.
Кәсіпорында экономикалық элементтер бойынша шығындарды есептеу
негізінде өндірістік шығындар сметасы құрылады.
Жеке экономикалық элементтердің құнының жалпы құнына қатынасы
өндірістің өзіндік құнының құрылымын анықтайды. Әр түрлі салаларда
өндіріс шығындарының құрылымы өзгереді, бұл әр саланың нақты
жағдайларына байланысты.Экономикалық элементтер бойынша
шығындарды топтастыру кәсіпорынның материалдық және ақшалай
шығындарын оларды белгілі бір өнім түрлеріне және басқа да экономикалық
қажеттіліктерге бөлместен көрсетеді. Экономикалық элементтерге сәйкес,
әдетте, өндірістің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. 
Өнеркәсіпте негізгі шығындар элементтерінің келесідей калькуляциялық
баптар номенклатурасы қолданылады:
Кесте 1. Калькуляциялық баптар номенклатурасы

Калькуляциялық баптардың атауы
1.
шикізат және негізгі материалдар
2.
жартылай фабрикаттар
3.
басқа мекеме орындаған өндірістік сипаттағы қызметтер
4.
технологиялық қажеттіліктерге арналған отын және энергия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет