Моральдық тозу - негiзгi қорлардың ұдайы өндiрiсiне
қажетri шығындарды қысқарту және неғұpлым тиiмдi
машиналарды iскe қосу нәтижесiнде негiзгi қорлардьң
құнының төмендеуi.
Өндірістік мекемелерiнде негiзгi қорлардың қалыпты
әрекет eтyiн қамтамасыз ету жағдайында жоспарлау алдын -
алу жөндеу жүйесi қолданылады.
Жұмыс көлемi,
қаржыландыру кезiне байланысты жөндеудiң үш түрі белгiлi:
ағымдық, орташа, күрделi.
Aғымдық жөндеу - тез тозатын детальдарды алмастыру,
жеке бөлшектердi жөндеу жұмыстарын қамтиды.
Орташа жөндеу – жөнделiнетiн обьектiнi бөлшектеу,
көптеген тозған детальдарды қалпына келтiрумен
байланысты жұмыстарды қамтиды.
Күрделi жөндеу - агрегатты толық бөлшектеу, барлык,
детальдарды алмастыру және жөндеу жұмыстарын қамтиды.
Күрделi жөндеу жұмыстары амортизациялық төлемдер
есебiнен жүргiзiледi.
Жөндеу жұмыстары мынандай көрсеткiштердi қамтиды:
а) жөндеу циклi – eкi кезектi күрделi жөндеулер арасындағы
кезең, оның ұзақтығы
қондырғының конструкциясы, жұмыс
жағдайлары,кызмет ету мерзiмiне байланысты.
ә)жөндеу циклiнiң құрылымы – жөндеу циклi деңгейiндегi
жөндеулердiң кезектесу тәртiбi.
б) жөндеулер арасындағы кезең - eкi аралас жөндеу
жұмыстарының арасындағы кезең.
Жерден басқа барлық негізгі құралдар техникалық, экономикалық,
физикикалық фактор әсерінен құндылығын
жойып жарамсыз деңгейге
жетеді. Негізгі құралдардың физикалық шығынын жөндеу, құру арқылы
біртіндеп жаңартуға болады, бірақ пайда жөндеуге кеткен шығын орнын баса
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: