Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата06.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#55249
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы-оқу құралы-2019

1.6 Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша
кәсіпорын түрлері
25


Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрі болса да, орындалатын орны
кәсіпорын. Оны ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша
анықтайды.Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандарын дұрыс таңдау
көптеген факторларға байланысты болады: жеке капиталдың немесе оны
тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы,
кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен
ұйымдастырушылық қабілеті, нарық жағдайы және т.б.
Акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы мен жарғысы бар қоғам болып
табылады. Жеке тұлға және заңды ұйымдар акционерлер бола алады.
Акционерлік қоғамның негізгі капиталы ақцияларға бөлінеді. Бұл қоғамның
акциясы бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке
алынады. Акционерлер құқы жылына бір-екі рет жиналатын акционерлердің
жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс жылдық қортынды
бойынша, пайданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз міндеттерінен
босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту туралы шешім
қабылдайды. Акционерлік қоғам екі түрде болады: жабық және ашық. Ашық
қоғамның акциялары еркін сату жолымен таралады. Мұндай қоғам көп
көлемді капиталды қажет еткен жағдайда құрылады.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп бизнеспен айналысатын
ұйымды атайды. Серіктестікке де корпоративті табыс салығы салынады.
Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат
пен жаңа ұсыныстар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа
салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының
тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей
түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау
күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер,
аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге
болады.
Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың
мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге
жауапты.
Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы.
Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл
мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік(шектеулі серіктестік қоғам) алдын ала
белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның
мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелерін орындау
жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.
Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар,
мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ
кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік
жүйесіне енеді, тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке,
ведомствоға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар
пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік
26


бюджет арқылы өтеді. Олар, әдетте сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды,
мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырады. 
Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқықтық
формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар шаруашылық жұмыстарымен
бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады.
Басқаша айтқанда мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар
мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей
қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар кәсіпкерлік қызметті
коммерциялық негізде тиісті министрліктер мен ведомстволардың бекіткен
жоспарына сай жүргізеді. Мұндай қызметтің экономикалық негізін
мемлекеттік қорлар есебінен құралатын өзіндік капиталы, акционерлік
капитал және пайда құрайды. 
Аралас компаниялар.Олар акционерлік қоғам және жауапкершілігі
шектеулі серіктестік формасында да құрылады, акциялары мемлекет пен
жеке салымшылардың қолында болады. Акционерлік қоғамдар туралы заңға
сай аралас компаниялар заңды иегер, коммерциялық жеке фирмалармен
салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Атап айтқанда, мемлекеттік несие мен қосымша қаражатты (дотация)
пайдалану, импорттық лицензияларды жеңілдік тәртіппен алу, басқа
мемлекеттік кәсіпорындардан бекітілген бағамен шикізат пен жартылай
фабрикат алуға кепілдік, өндірген өнімдерді өткізуде кепілді рынок, сыртқы
дотация т.б. жеңілдіктер.
Жеке кәсіпорын бір адамның немесе жанұяның ұйымдастырумен
және иелік етуімен құрылады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және
оның капиталы шағын, жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.Оның
артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті
өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпоративті табыс
салығынан босатылады
.
Барлық кәсіпорындар (жеке, кооперативтік,
акционерлік, коммерциялық және коммерциялық емес және т.б.)
мемлекеттік бақылаудан босатылмайды, ол:
1) кәсiпорынның табысы және салық төлеу;
2) өндiрiстiң санитарлық жай-күйi;
3) өнімнің мақсаты және оның техникалық деңгейі;
4) өндiрiстiң стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкестiгi;
5) жалдамалы қызметкерлерді құқықтық қорғау;
6) кәсіпорынның басқа да тараптары.
Экономикалық және құқықтық бақылау әлемдік тәжірибеде кең тараған. .
Заңнама бойынша кәсіпорын өзінің барлық қызметіне толық жауап береді,
оның ішінде:
1) мемлекеттің мүдделерін және азаматтардың құқықтарын сақтау үшін;
2) заңдарды сақтауға;
3) қоршаған ортаны қорғауға;
4) мемлекеттің немесе акционерлердің тапсырған мүлкін көбейту үшін;
5) өнімділікті арттыру үшін.
27


Кәсіпорынның әкімшілігі қызметкерлер үшін қалыпты еңбек жағдайларын
жасауға міндетті. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер
тікелей немесе кәсіподақтар арқылы жұмыс күшінің қатысуымен жасалуы
тиіс. Кәсіпорын мен еңбек ұжымы арасында өзара міндеттеме белгіленетін
еңбек шарты жасалады:
1) санитарлық жағдайға байланысты;
2) еңбек қауіпсіздігі үшін;
3) кәсiпорынның және оның бөлiмшелерiнiң жұмыс iстеуi, оның iшiнде
ауысымдық жұмыс және бiр ауысымның ұзақтығы;
4) демалыстың ұзақтығы және оларды төлеу мөлшері;
5) қызметкерлердің әр түрлі санаттары үшін сыйақы төлеудің шарттары мен
түрлері және т.б.
Жергілікті билік органдары мен коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ
басқа да қоғамдық ұйымдар кәсіпорынның ішкі экономикалық және
әкімшілік функцияларын жүзеге асыруға араласуға құқылы емес. Олар
кәсіпорынның заңдылықты басқару органдары ретінде ғана әрекет ете алады,
олардың ұсыныстарын жасайды және компания басшылығының
қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін талап етеді.
Квазимемлекеттік кәсіпорындар - бұл үкіметке тиесілі жекеменшік
ұйымдар. Олар экономиканың кейбір субсидияланған секторларында
капиталдың көтерілу құнын төмендетуге арналған, олар өте маңызды және
қолдаудың лайықты саналады. 
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы бойынша
квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттің құрылтайшысы,
қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ
еншілес, тәуелді ұйымдарды және басқа да заңды тұлғаларды қоса алғанда,
мемлекеттіккәсіпорындар, шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар
болып табылады. Квазимемлекеттік секторғаАҚ «Самрук-Энерго», АҚ
«KEGOC», АҚ «Казпочта»,Ақ ҰК «КазМунайГаз»,АҚ «Казатомпром»,
«Самрук-Казына» ұлттық компаниясы, АҚ «ҰК «Казахстан темир жолы»
сияқты компанияларды жатқызады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет