1.1 Кәсіпорынның еңбек құралдарын пайдаланумен тиімділігін талдау
Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. Жұмыс күші – бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы деп түсіндіріледі. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке қабілеттілігі жұмыс күшін тауарға айналдырады. Бірақ бұл әдеттегі таур емес. Оның басқа тауарларға қарағандағы айырмашылығы сол, біріншіден, ол өзіне қарағанда құнды көп жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз тарту кез келген өндірісті жүзегеасыруға болмайды, үшіншіден, ол негізгі және айналым өндірістікқорлардың, жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің эканомикасының тиімділігіне байланысты болады.
Әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп, оның іске асырылуы қажет.
Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн ;
жұмысқа қабілетті және кінәратсыз ұжым құру ;
кәсіпорынның білікті қызметкерлердің деңгейін арттыру ;
жынысы және жасына қарамай оңтайлы еңбек ұжымын құру ;
қолынан іс келетін, өзгеретін мән-жайға оралымды жер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру ;
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Алға қойған саяси эканомикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның еркшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдіңнақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салаларды және аймақ бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Негізінен рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайда байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістің салалық құрылымының өзгеру және басқа да әлеуметтік-эканомикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі. Қазіргі нарықтық эканомикада болып жатқан техналогиялық жағдайлар мен жұмыс уақатын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, жұмыссыздық эканомикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз-ақ өсуді көрсетеді.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілген төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады. Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі пренциптерін еске алу керек ;
әділдігі, яғни тек еңбекке, тең жалақы ;
Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығының және еңбек біліктілігінің деңгейі :
Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі ;
Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру ;
Ақаулық жібергені үшін және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығын жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау ;
Еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі .
Әр түрлі меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда еңбек ақының көп тараған екі нысаны: кесімді және мерзімдік.Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учачкелерінде қол еңбегінің немесе машиналы-қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады:
-тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
-жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану және т.б.
Еңбек ақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге еңбек ақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді. Еңбек ақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады. Еңбекке мерзімді еңбек ақы төлеу нысаны қолдану жағдайы:
егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тигізе алмаса;
егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;
ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданылған жағдайда.
Ең төменгі жалақы меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық сала лары мен барлық кәсіпорындардағы еңбек ақы базасы болып есептелінеді. Кез келген қызметкерлердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақыдан кем болмауыкерек. Нарықтық экономикада қандай кәсіпорын болмасын ондағы еңбек ақы кәсіпорынның алғашқы шарты болып табылады. Еңбек ақы бұл тауар өндірушілер мен жұмысшыларға өнім өндіру барысында төленетін төлем. Еңбекке берілген төлеудің жүйесі адамның, оның еңбегінің және өндірістің жеке ерекшеліктерін ескеруге негізделген, еңбек ақыны ұйымдастырудың міндетті күші болу үшін оның барлық маңызды құрылымдық бөліктері, ұжымдық келісімдер және шарттар туралы заңға сәйкес анықталады. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорынның жетекшісімен шартты жасау кезінде еңбекті талдау шарттары иесімен немесе оның өңдеуші органымен анықталады. Шарт бойынша еңбекті төлеу автономды сипатта болады және кәсіпорын қызметінің өндірістік және қаржылық нәтижелеріне тәуелді. Еңбек ақының түріне келетін болсақ, оның 1- ші варианты болып, еңбек ақының тарифтік жүйесі табылады.
Тарифтік жүйе – бұл ережелер комплекс, оның негізінде еңбекшілердің еңбегі орындалатын жұмыстың сипатымен жағдайына байланысты төленеді. Тарифтік жүйенің негізін тарифтік сетка, тарифті ставкалар, тарифті-квалификациялық анықтамалар құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн: осы жүйеге енгізілген күнкөрістің ең төменгі деңгейі, ең төменгі жалақы – тұтыну игілігі жіне қызметінен тұрады. Жалақының ең төмен мөлшері қабылданған заңман анықталады және баға индекісінің өзгеруіне байланысты үйлестіріп, қайта есептеліп отырады.
Кәсіпорында еңбек ақыны есептегенде мыналар еске алынуы керек: әділдік принципі, яғни тең еңбекке тең ақы, атқарылатын жұмыстың күрделілігі және еңбекке біліктілігі, зиянды жұмыс жағдайы және ауыр қол еңбегі, еңбектің сапалылығын ынталандыру және адалдықпен қарау, ақаулыққа жол бермеу және өз міндетіне жауапсыздықпен қарайтындарға материалдық жаза, инфляция денгейіне сәйкес жалақыны индекстеу, кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыратын еңбек ақының үдемелі нысаны мен жүйесін қолдану және тағы басқалай.
КЕСТЕ-1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
Қызметкерлердің санаты
|
жоспар
|
нақты
|
Қамтамасыз етілу%
|
Өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны
|
300
|
300
|
100
|
Жұмыскерлер
|
250
|
255
|
102,0
|
Моторшылар
|
90
|
93
|
103,3
|
Слесарлар
|
80
|
85
|
106,3
|
Қосалқы жұмысшылар
|
40
|
39
|
97,5
|
Инженерлік-техникалық қызметкерлер
|
40
|
38
|
95,0
|
Диаграмма-1
Достарыңызбен бөлісу: |