Кәсіпорынның міндеттемелері туралы түсінік және олардың жіктелуі


Міндеттемелердің аудитін жүргізудің әдістемелік негіздері



бет6/8
Дата01.11.2022
өлшемі376 Kb.
#46727
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жабдыктаушы (2)

1.3 Міндеттемелердің аудитін жүргізудің әдістемелік негіздері

Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелердің талдауын жүргізген кезде кезде экономикалық талдаудың жалпылама әдістері мен тәсілдері кеңінен қолданылады.


Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық өнідіріске қатысушылар арасындағы қатынастардың өзгергені байқалып отыр. Бір жағынан, кәсіпорындардың өздігінше жұмыс істеуі шаруашылық қызмет туралы нақты, толық ақпаратты қажет етсе, екінші жағынан, бәсекелестік күрес коммерциялық құпияны сақтауды талап етеді.
Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін талдау талдау – түрлі факторлардың әсерінен болатын процестер мен құбылыстардың өзгеруін анықтау үшін зерттелетін объектіні бірнеше көрсеткіштерге бөліп қарастыру. Ол басқару, техникалық және экономикалық процестердің өзара әрекет етуін және олардың кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсерін зерттеп, шикізат, еңбек, қаржы ресурстарының тиімді пайдалануын бағалауға, өндіріс резервтерін анықтауға, қабылданатын басқару шешімдерінің аналитикалық базасын дайындауға бағытталады. Талдау кәсіпорындағы жоспарлы, есеп беру және т.б. құжаттарға негізделіп жүргізіледі [18].
Талдаудың пәні болып түрлі объективті және субъективті, ішкі және сыртқы өндіріс жүйелері факторларының әсер етуімен қалыптасатын шаруашылық процестер табылады. Бұл процестер нақты нәтижелермен сипатталуы мүмкін: өндіріс көлемі, оның тиімділігі, шығындар, қаржы жағдайы.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне әсер ететін объективті ішкі және сыртқы факторлар экономикалық заңдардың әрекет етуімен байланысты; осы факторларға сұраныс пен ұсынысты, бәсекені, бағаны, тарифтер мен ставкаларды жатқызуға болады. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жалпы өнім, тауарлық өнім, таза пайда, өнімнің өзіндік құны, кіріс көрсеткіштерін талдайды.
Адамның нақты қызметімен байланысты субъективті факторлар толығымен қызметкерлердің өздеріне байланысты – бұл шаруашылық қызметті болжау, сонымен қатар объективті жағдайлар мен факторларға байланысты – шаруашылықты үздік жүргізу, жоспарды ырғақты және толық орындау, өндірісті ұйымдастыру, қаржылық әрекеттер.
3-кесте - Кәсіпорынның міндеттемелерінің аудитін ұйымдастыру қағидаларының жіктелуі



Қағида

Қағиданың сипаттамасы

1

Тиімділік

Экономикалық талдау нәтижесінде алынатын оң әсерлерді алу болжамымен анықталады

2

Ғылыми негізділік

Талдаудың диалектикалық тұжырымдамасынан келіп шығады, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын ескере отырып, экономикалық зерттеулердің жаңа қазіргі заманғы әдістерін қолданады

3

Кешенділік

Қызметтің барлық жақтарының қамтылуын талап етеді, кәсіпорын экономикасындағы себепті тәуелділіктерді жан-жақты зерттеуді қарастырады

4

Жүйелілік

Объект бір-бірімен және сыртқы ортамен өзара байланысты элементтер қатарынан тұратын күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Әрбір объектіні зерттеу оның жеке элементтерінің ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін ескере отырып жүргізіледі

5

Объективтілік, нықтылық

Талдау шынайы, объективті жағдайды нақты көрсететін ақпаратқа негізделеді

Ескерту – Кесте автордың зерттеуі негізінде құрастырылған

Талдаудың мазмұны:



  • экономикалық құбылыстарды, оларға әсер ететін факторлар мен себептерді зерттеу;

  • шаруашылық қызметтің тиімділігіне объективті баға беру;

  • жоспарларды ғылыми тұрғыда негіздеу, олардың жағдайы мен орындау барысын бақылау;

  • ішкі шаруашылық резервтерді анықтау;

  • резервтерді тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

Шаруашылық қызметтің тиімділігіне объективті баға беру жоспарды орындау және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейлері бойынша жүргізіледі. Шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізген кезде есептік мәліметті жоспарлы мәліметпен салыстырумен қатар есептік мәліметтерді өткен кезеңдердегі мәліметтермен салыстыру қажет [19].
Мазмұны бойынша талдауды кешенді және тақырыптық немесе локальдық деп жіктейді. Кешенді талдау экономикалық қызметтің барлық мәселелерін қамтиды. Ал тақырыптық талдау жеке тақырыпты, мәселені зерттеумен шектеледі.
Талдау объектісін қамту дәрежесіне байланысты шаруашылық талдау жаппай және ішінара болып бөлінеді. Ішінара талдау әдістерін дұрыс қолдану талдау жұмыстарын жеңілдетеді.
Механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне байланысты шаруашылық талдау ЭЕМ пайдалану арқылы талдау және жай талдау болып бөлінеді.
Талдау келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
1. Талдаудың бағдарламасын құрастыру;
2. бастапқы ақпаратты таңдау және тексеру;
3. Талдау көрсеткіштерін есептеу және топтастыру;
4. Талдау көрсеткіштерін салыстыру, оларды базистік ретінде қабылданған көрсеткіштерден ауытқуын анықтау;
5. Талдау көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер еткен факторлар мен себептерді анықтау;
6. Анықталған факторлардың талдау көрсеткіштерімен байланысы дәрежесі мен сипатын анықтау;
7. Талдау көрсеткіштерінің толқуына әсер ететін факторларды реттеу жолдарын анықтау;
8. Өндіріс резервтерін анықтау, оларды тиімді жүзеге асыру шараларын қарастыру.
Талдау бағдарламасын құрастыру – дайындық жұмыстарының маңызды кезеңі. Бағдарламада талдаудың мақсаты, мазмұны, зерттеуге жататын мәселелердің көлемі көрсетіледі. Ақпаратты жинау және тексеру қойылған мақсаттарға сәйкес жүргізіледі. Ақпараттың сапасы, жоспарлы және есеп беру көрсеткіштерінің сәйкестігі, есеп беру мәліметтерінің толықтығы тексеріледі. Шаруашылық-экономикалық құбылыстардың сипаттамасы экономикалық көрсеткіштердің көмегімен бағаланады. Талдау нәтижелерін қорытындылау бүкіл кәсіпорын қызметін бағалау үшін жүргізіледі [20].
Экономикалық талдау әдісінің ерекшеліктері: шаруашылық қызметті жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану, осы көрсеткіштердің өзгеру себептерін зерттеу және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау, өлшеу.
Шаруашылық ісін талдаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелігі – жоспарлы, есептік көрсеткіштер жүйесін пайдалану. Экономикалық процестер мен құбылыстар өзара байланысты, сондықтан көрсеткіштер өзара байланысты, бір жүйеде қарастырылады.
Екінші ерекшелігі – талдау жүргізіліп отырған процестер мен құбылыстарды бағалау үшін өлшем бірліктерін таңдау қажеттілігі. Талдау барысында натуралды-заттай, шартты-натуралды, еңбек және ақшалай өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Бір мезгілде түрлі өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін, бұл түрлі факторлардың талдау көрсеткішіне әсерін анықтап дұрыс бағалауға көмектеседі.
Үшінші ерекшелігі – кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелеріне әсер еткен факторларды анықтау, зерттеу. Талдау барысында бекітілген нормативтерден, көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталады.
Талдау, экономикалық ақпаратты өңдеу кезінде қолданылатын экономикалық талдау әдістерін шартты түрде дәстүрлі және математикалық деп жіктейді. Дәстүрлі әдістерге талдаудың пайда болу мезетінен бастап қолданылатын әдістер жатады: салыстыру, абсолютты және салыстырмалы шамалар, топтастыру, индекстік әдіс, тізбекті ауыстыру әдісі, баланстық әдіс, графиктік әдіс.
Экономикалық талдау салыстырмалы көрсеткіштерлі есептеуден басталады. Мысалы, бизнес жоспар бойынша 1 млн тенге өнім шығару ұйғарылып, нақты 950 мың тенгеге ғана өнім шығарылса, онда бизнес-жоспар 95% орындалды деп тұжырым жасауға болады.
Салыстырмалы шамалар динамикалық және құрылымдық көрсеткіштерді талдаған кезде кеңінен қолданылады. Аналитикалық есептеулерде орташа шамалар түрлі формаларда қолданылады (орташа арифметикалық, орташа гармоникалық, орташа геометриялық, орташа хронологиялық, мода, медиана).
Салыстыру – басқа біртекті құбылыстар арқылы құбылыстың сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін шаруашылық ісін талдаудағы маңызды әдістердің бірі. Осындай талдау барысында есептік көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен, жоспарлы және есептік көрсеткіштер өткен кезеңдердегі көрсеткіштермен, алдынғы қатарлы кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады.
Топтастыру – тиісті белгілер бойынша зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен топтарды бөліп шығару. Шаруашылық құбылыстарды дұрыс топтастыру оларды терең зерттеуге, резервтерді табуға және зерттеліп отырған көрсеткіштерге әсер ететін маңызды факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Есеп пен есеп беру мәліметтерін топтастыру шаруашылық қызметтік кешенді зерттеуді қамтамасыз етеді. Сандық мәліметтерді топтастыру зерттелетін құбылыстардың экономикалық мазмұнына сәйкес келуі тиіс.
Құрылымдық топтастыру кәсіпорынның құрылымын зерттеген кезде кеңінен қолданылады (өндірістік қуаты бойынша, механизациялау деңгейі бойынша, еңбек өнімділігі бойынша және т.б.).
Аналитикалық топтастыру зерттеліп отырған құбылыстар арасындағы өзара байланысты, өзара тәуелділікті, өзара әрекет етуін анықтау үшін жүргізіледі. Топтастыру кестелерін бір және бірнеше белгілер бойынша құруға болады.
Индекстік әдіс нақты құбылыс деңгейінің өткен кезеңдердегі көрсеткішпен қатынасын көрсететін салыстармалы шамаларға негізделеді. Барлық индектер есептік көрсеткішті базистік шамамен салыстыру арқылы есептеледі. Бір құбылыстың арақатынасын көрсететін индекстерді жеке индекстер деп, ал күрделі құбылыстардың арақатынасын көрсететін индекстерді жалпы немесе тотальды индекстер деп атайды.
Индекстік әдіс арқылы зерттеліп отырған көрсеткішке түрлі факторлардың әсерін анықтауға болады.
Тізбекті ауыстыру әдісі тиісті жиынтық көрсеткішке жеке факторлардың әсерін есептеу үшін қолданылады. Тізбекті ауыстыру жеке кәсіпорындардың көрсеткіштерін талдау кезінде кеңінен қолданылады. Тізбекті ауыстыру әдісі жоспарлы көрсеткіштің ретімен нақты көрсеткішке ауыстырылуына негізделген. Яғни, әрбір ауыстыру кезінде жеке фактордың ықпалы есептеледі. Бірінші есептеуде барлық көрсеткіштер жоспарлы болса, соңғы есептеулерде барлық көрсеткіштер нақты болып келеді.
Қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға жақындатылған бухгалтерлік есептің біріңғай формалары бекітілген. Есептік мәліметтердің біріңғай болуы есеп жүргізудің біріңғай принциптеріне негізделген.
Қазіргі заманғы кәсіпорынның экономикалық ақпарат жүйесіне келесідегідей сипаттама беруге болады.
Экономикалық ақпарат біртекті емес; оның кейбір түрлерінің өзара байланыс схемалары күрделілігімен ерекшеленеді. Ақпарат көлемінің жүйелі түрде өсуімен қатар тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін оның жетіспеушілігі байқалып отыр [21].
Шаруашылық ісін талдау бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне және өндірістің экономикалық жағын сипаттайтын ақпараттарға негізделеді. Оның құрамы мен мазмұнына бүкул талдау жұмыстарының сапасы байланысты болады. Осы жағдайда тек экономикалық емес, сонымен қатар техникалық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да ақпараттар қолданылады. Барлық экономикалық ақпарат көздері есептік және есептік емес болып бөлінеді.
Есептік ақпарат көздеріне бухгалтерлік, статистикалық, басқару есептерінің мәліметтері жатады. Бұл мәліметтер арнайы есеп формаларында көрсетіледі.
Өндірісті басқару барысындағы функцияларына байланысты ақпаратты келесі негізгі топтарға бөледі:
- өндірісті дайындау бойынша ақпараттар, нормативтік ақпарат, жоспарлы ақпарат, оперативті, басқару, бухгалтерлік, статистикалық есеп пен есеп беру мәліметтері;
- экономикалық сипаттағы ндірісті дамыту бойынша ақпараттар;
- нормативтік ақпарат, ол технико-экономикалық нормалар мен нормативтерді қамтиды - өндірістік нормативтер, баға белгілеу нормалары, жоспарлы нормативтер, жобалау нормалары, кәсіпорынды ұйымдастыру және басқару нормалары.
Талдауды ақпараттық қамтамасыз етуде басты рольді бухгалтерлік есеп пен есеп беру атқарады.
Бухгалтерлік есепті талдау келесілерді қамтиды:
- кәсіпорынның балансы – форма №1;
- кірістер мен шығындар туралы есеп беру – форма №2;
- ақша қаражаттарының қолда бары және қозғалысы туралы есеп беру – форма №3;
- бухгалтерлік балансқа түсініктеме.
Қазіргі жағдайда есептік емес ақпарат көлемі үнемі өсуде. Есептік емес ақпараттарға келесілер жатады:
- Заңдар, қаулылар, шешімдер түріндегі нормативтік құжаттар;
- Ревизия, аудиторлық және салықтық тексерулердің материалдары;
- Шаруашылық-құқықтық құжаттар, келісім-шарттар, сот органдарының шешімдері, рекламациялар;
- Қаржы, несие, сақтандыру мекемелерімен ресми хат алмасу материалдары;
- Радио, баспасөз, теледидар, интернет, ақпараттық бюллетень материалдары.
Қызмет түрлерінің меншік нысандарының көп түрлілігі, экономикалық, техника - технологиялық шаруашылық ерекшіліктері, сонымен қатар басшылардың хабардарлығы және әр нысандарының әр түрлі болуын ескертеді. Шаруашылық байланыстардың күрделенуі, нарықтың әр түрлі құралдарының пайда болуы, құралдар мен әдістердің жаңаруы, субъекті қызметін тиянақты орындауда қамтамасыз ететін қосымша ақпараттардың болуын қажет етеді. Сондықтан да, әр түрлі шешімдерді негіздеуге, таңдауға және талдау жасауға ақпарат құрудың жаңа жүйесін жасауға қажеттілік туындайды.
Бухгалтерлік есепті қазіргі заманға сай ұйымдастырудың негізі - әрқашан айналып тұратын лекті қайтадан жасау, кейбір жағдайларда есептен тыс ақпараттарды да жасау [22].
Тек қана ұйымдастыру аспектісі келесі сұрақтарға жауапты қамтамасыз етеді: есеп жүйесінің өміршеңдігін қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді кім, қашан, қай жерде орындау керек? Ұйымның техникалық аспектісі бойынша ақпараттарды өңдеу процесі қалай жүріп жатыр?
Есептің қайнар көзі деп мыналарды айтамыз:
- бухгалтерлік есеп және есеп беру (шаруашылық операцияларының, міндеттемелердің, мүліктің, құралдардың жалпылануы және толық бейнеленуі);
- статистикалық есеп және есеп беру (анықталған экономикалық заңдылықтарды анықтау мақсатында өзінің сандық және сапалық жақтарын сипаттайтын процестер мен құбылыстардың массалық жиынтығын бейнелейді);
- жедел есеп және есеп беру (шаруашылық қызметтің жеке бөлімшелері туралы ақпаратпен жедел қамтамасыз ету);
- ішінара есеп мәліметтері (есептіліктің көрсеткіштерін тереңдету және бөлшектеуге көмектесетін, есеп сипатының көздерінің сипатынан шығатын бақылаулық тексеру, эпизоттық таңдаулар).
Қазіргі уақытта микро - және - макро - деңгейде шешім қабылдауды қатамасыз етуші ақпараттық мәліметтер базасы (ұлттық шоттар жүйесінде есеп беру және бухгалтерлік баланс арқылы көрсеткіштерді беру жолы) құрылуда.
Статистикалық есеп қоғамда және шаруашылық қызмет ағымындағы мемлекеттік қызығушылық пен процестерді қамтамасыз етуге және ішкі, сыртқы қолданушыларға шешім қабылдау үшін пайдалы және қажетті ақпараттарды алуға арналған (бухгалтерлік).
Оперативті есепке қажетілікттің туындау себебі бухгалтерия күнделікті қызметті жедел жоспарлау және реттеу үшін қажет ақпараттарды барлық уақытта бере алмайды. Бірақ, есептің интеграция және дифференция процестері оперативті болуына қажеттілік түрлі көзқарастардың пайда болуына себепші болды. Бұл - есепті ұйымдастырудың және әдістемесінің әлі де шаруашылық процестерді жедел моделдеуге жеткілісіз бейімделуімен байланысты.
Есептен тыс көздерге жататындар:
- ішкі ведомстволық және ведомстоводан тыс ревизия, аудиторлық және салық қызметі тексерісінің материалдары;
- анықтамалардың, жазулардың ақпараттары;
- еңбек ұжымы жиналыстарының хаттамалары және басқа да мәліметтері;
- жоғары тұрған ұйымдармен қаржылық, неселік және басқа да ұйымдарға түсініктеме, баяндау хаттарын жазу;
- орындаушылар мен байланыс нәтижесінде алынатын мәліметтер.
Көптеген ағылшын тілді елдерде есеп жүйесі өзара тығыз байланысты қаржылық (сыртқы) және басқару (ішкі) жүйелерге бөлінеді. Соңғы уақытта отандық бухгалтерлік есепте қаржылық және басқару функцияларының жекеленуі байқалады. Шаруашылық қызметке әсер ететін, қабылданған шешімдер санының өсуі, коммерциялық құпияны сақтау талаптьарының күшеюі, шарттар, жағдайлар және факторлар есебінің қажеттілігі, жеке жүйе ретінде басқару есебінде деген қажеттілікті туындатады. Бұл, өз кезегінде, шаруашылық субъектіні басқару жүйесін өзгертеді [23].
Әр түрлі елдерде «басқару есебі» түсінігі әр түрлі. Алғашында оны ағылшы тілінде жазатын авторлар қолдана бастады. Германияда бұл термин мүлде қолданылмайды, сәйкесінше оқу курсы «Шығындарды және нәтижелерді есептеу» деп аталады. Сондықтан да, ұсталымдардың есебі, бақылануы және талдануының жоспарлануы, ағымдық жылдық шығындары және сатудан түсетін түсім негізінде шектелінеді. АҚШ - та, Канадада басқару есебі қаржылық өндірістік инвестициялар, олардың қолданылуы және басқа да басқару мәселелері кіретін жекеленген сала ретінде қарастырлады. Францияда (басқару есебі» түсінігінің орнына «маржиналдық есеп» (француз тілінен marqinal - шекті, анықталған көрсеткіштер арасындағы айырмашылықты бейнелеу) термині қолданылады, бұл маржиналдық пайда көрсеткіштерін қолдану арқылы перспективалық басқару шешімдерін тану және шектеулі ізденім дегенді ұғындырады.
Басқару есебі туралы алғашқы ескерту мерзімі 1855 жыл болып табылады және ол АҚШ - тағы «Лиман Милс» фабрикасында қолданған есеп жүйесіне жатады. Бұл есептің даму процесінде өзіндік құнды калькуляциялаудың өзіндік қатары жасалынған: стандарт - кост, директ - костинг, калькуляциялаудың дифференциалдық жүйесі.
Стандарт - кост жүйесін 1908 - 1909 жж. Г. Эмирсон қолдануды ұсынған, мұнда нормативтерге сәйкес кәсіпорын өз бетінше жоспарланған әр түрлі шығын түрлерін есептен шығару жолымен өзіндік құнды жасайды. Есептік мерзім соңында нақты кеткен шығындар, кәсіпорын қызметінің резерві мен жетіспеушіліктерін анықтау үшін бекітілген нормаларымен (нормативті) салыстырады. Отандық есепте мұндай жүйе дайын өнім мен өндірістік өзіндік құн нормативі (жоспарлы) бойынша аяқталмаған өндірісті бейнелеуді еске түсіреді.
Директ - костинг жүйесінің дамуы Дж. Кларк және Дж. Харрис есімдерімен байланысты, олар осы жүйеге өзіндік құн құрамында тек айнымалы өндіріс шығындарын есептеу керек деген идея берген.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың бағыттарының бірі дифференциалданған жүйе болып табылады, мұны ұсынған ғалымдар Р. Каплан және Р. Купер, олар осы жүйені «Біркелкі жоғалту: басқару есебі жүйесінің төмендеуі және жоғарлауы (1988 жыл) деген еңбектерінде жазған. Жүйенің мақсаты толық техникалық процеске жататын барлық қызмет түрлері бойынша шығындар туралы ақпарат жинау және сәйкестендіруге арналған: жобалау, өндіру, маркетинг, өткізу, іске қосу қызмет көрсетьу. Компьютердің көмегшімен мұндай бөлшектенген ақпарат үстеме шығындарды дәлелді бөлуге негіз болды.
Қазіргі заманғы нарықтық экономикада калькуляциялық есеп қағидаларының маңыздылығы өсуде, мұның құрамына өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау бойынша есеп беру жариялылығы кіреді. Бұл, әсіресе, дәстүрлік профильде, халық кеңінен қолданатын тауарларды өндіру кезінде маңызды болып табылады (сату бағасын төмендету факторы). Сонымен қатар, есептік калькуляция жариялылығы, бәсекелестікпен, яғни бірдей өнім, қызмет және жұмыс өндірушілерімен күресу кезінде күшті ақпараттық құрал бола алады [24].
Қазіргі заманғы көптеген қазақстандық басқарудың әміршіл - әкімшілдік кезінде пайда болған кәсіпорындардың қызметін сипаттай отырып, былай деп тұжырымдауға болады: олардың құрылу негізінде пирамидалық (иерархиялық) құрылым жатыр, яғни функцианалдық қағида бойынша құрылу (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.б.). Бақылау жүйесі шағын орталығына жинақталған, олар белгілі деңгейде кертаратпалыққа салынып, кәсіпорын қызметкерлерінің тәуелсіз қозғалысын, олардың қозғалысына тәуелсіздік туғыза отырып, қамтамасыз ете алмайды. Нарықтық қатынастар жағдайында, егер өндірістік салымдар нәтижесінде жүзеге асырылса, онда бақылау - әсер етуші болып табылады. Мұндай жағдайда әрбір бөлімше пайда алу үшін өз үлесін қосуы керек.
Осылайша, қазақстандық есепті - қаржылық және басқару үлгісін екіге бөлу - механикалық түрде жүргізілмеуі керек, керсінше, дайындық жұмыстар мол, анықталған білімді талап ететін терең деңгейде ойластырылуы қажет.
Айтылғандарды қорытындылай келе, ұйым есеп қызметінің нәтижелеріне әсер ететін бухгалтерлердің сапасына қойылатын талаптардың өскенін де айта кету керек. Негізінен, қаржылық есеп жұмысын жүргізетін бухгалтерлерге келесі қасиеттер тән болуы тиіс:
- арнайы экономикалық білімнің жеткілікті деңгейі, кез келген жағдайда есеп жүргізу әдістерін білу;
- жоғары экономикалық білімдарлық, перспективті ойлау қабілеттілігі;
- нормативті құжаттармен жұмыс істей алу және олардың талаптарын орындау;
- болжағыштық, логикалық ойлу қабілетінің болуы;
- салық салу сұрақтарын шешетін білімі болуы және фирма қызметіне қолданылатын салықтар туралы заңды білу;
- адамдармен тіл табыса білуі, іскерлік байланыс, әр түрлі деңгейдегі адамдармен қарым - қатынаста бола білу;
- ұқыптылық, көп аспектілік, дәлділік және беріктілік;
- жауапкершлік, еңбек сүйгіштік, еңбекке деген қабілеттілік және ынталылық.
Басқару қызметімен айналысатын бухгалтерлердің негізгі сапалық қасиеттеріне келесілер жатады:
- есеп концепцияларын, ақпаратты жинау әдістерін, оларды өңдеу тәсілдерін, басқарудың жаңа әдістерін білу, ойлаудың икемділігі;
- қажетті ақпараттарды өз уақытында ұсыну;
- бизнесті әр түрлі құрушылардың ішкі ара - қатынасын ұғу;
- әр түрлі деңгейдегі қызмет етушілермен жұмыс, басқа адамдарды бағалау және дұрыс түсіне білу, аңғарымпаздық;
- тәуелсіздік, іскерлік, жеделділік, қайраттылық;
- тез шешім қабылдау, жүйелілік, есте сақтаудың кең көлемі.
Жоғарыда айтылған көзқарастарды әр түрлі позицияда талқылауға болады, бірақ бұл мәселенің шешімі көп жағдайда есепті үйлесімді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, қазіргі заманғы бухгалтер дұрыс есеп корреспонденциясын қиындықсыз жасай алатын және есеп беру мерзімінде өткізе, алатын адам емес, жоғары квалификацияланған маман, тәжірбие қажеттіліктерінің бар адам болуы керек.
Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамтамазсыз етілуіне қарай жинақтамалық және талдамалық деп екі түрге бөлінеді. Жинақтамалық шот негізінен бухгалтерлік баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері туралы жалпылайақпарат алуға ғана болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде обьектілер тек қана ақшалай өлшемде көрсетіледі. Бұл жинақтамалық шоттағы мәліметтер кейде мекемені иімді басқару барысында жеткіліксіз болады. Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы адамға жоғарыдағы мысалда қарастырылған дайын өнімнің қанша түрлі өнім екендігін, оның ішінде әрбір өнімнің санын әне оның бір данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте жинақтамалық шоттармен қатар талдамалық деп аталатын шоттар да қолданылады. Негізінен талдамалық шот жинақтамалық шоттардағы мәліметерді толықжәне жан-жақты ашып көрсетуге арналған. Есепке алынатын обьектілер бұл шотта өздерінің түрі бойынша ақшалай өлшемен және затай өлшеммен есептелініп жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық және талдамалық деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот деп аталатын түрі де жиі қолданады. Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық шотқа қарағанда жіктелген түрде, алталдамалықдеп аталатын шотқа қарағанда топтастырылған тұрде қолданады. Сндықтан да бұны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот –деп атайды. Бұл шотта тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі. Қазақстан Республикаында қазіргі кезде қлданылып жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық шоттың ішінен аралық шоттарды өз қалауы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды. Америка Құрама Штаттарында шоттар кестесі жоқ, яғни ол қолданылмайды. Ал шшындығында ол елде жалпы мемлекет тарапынан брлық кәсіпорындар үшін біртекті бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары жасалып бекітілмеген. Бірақ әрбір мекеме немесе кәсіпорын өзқызметіне ыңғайлы шоттар жоспарын жасап бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет