Кәсіпорынның міндеттемелері туралы түсінік және олардың жіктелуі



бет4/8
Дата01.11.2022
өлшемі376 Kb.
#46727
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жабдыктаушы (2)

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Бухгалтерлік есептілікті құрудың теориялық және қолданбалы аспектілері және оларды міндеттемелерді есепке алу тұсында қолдану мәселелері Р.С.Абдушукировтың, А.Р.Алиповтың, А.Қ.Әкімованың, Ю.А.Бабаевтың, В.А.Быков, И.Е.Глушковтың, К.Ш.Дюсембаевтың, Т.Г.Вакуленконың, О.В.Ефимованың, С.Ж.Жақыпбековтың, Н.Н.Карзоеваның, Ү.Ж.Көкеновтың, Б.С.Мырзалиевтың, В.К.Радостовецтің, А.А.Сәтмырзаевтың, Я.В.Соколованың, Г.К.Тулешованың, және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Аталған ғалымдардың ғылыми үлестерін барынша бағалай отырып, бүгінгі таңда ағымдағы міндеттемелерді есепке алу әдістемесі, оларды тану тәсілдері мен талдау мәселелері жеткілікті дәрежеде зерттелмегені атап өткен жөн. Қазіргі уақытқа дейін міндеттемелерді есепке алуға арналған салық тізімдерінің бухгалтерлік есеп мақсаттарына әсері толық ашып көрсетілмеген, ішкі және сыртқы экономикалық ақпаратты қолданушылардың нақты шеңбері анықталмаған синтетикалық және талдамалы есеп жүргізуде, сыртқы және ішкі есептілік нысандарын құрастыруда және талдау үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді таңдауда кемшіліктер бар.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – Қазақстанда қабылданған есеп жүйесіне сәйкес ағымдағы міндеттемелерді есепке алу, оларды тану тәсілдері мен талдау ерекшеліктерін зерттеу. Осы мақсатты орындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет:

  • кәсіпорынның міндеттемелері туралы түсінік;

  • міндеттемелер бойынша түрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлерін зерттеу;

- еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың есебі;
- жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулардың есебі;
- кәсіпорынның салық міндеттемелерінің есебі;
- кәсіпорынның міндеттемелерін талдау;
- міндеттемелердің есебін жетілдіру бағыттарын анықтау.
Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде бухгалтерлік есеп саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құжаттар, Халықаралық қаржылық есеп стандарты, «Алтын Дану» ЖШС құжаттары мен мәліметтері пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет