Бағалы қағаздар нарығы, оның құрылымы Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 1920 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған, ал қазіргі кезде Қ.Р.-да құнды қағаздар нарығының алғаш нұсқалары Кеңес одағының заңдары негізінде 1990 жылдардың басынан бастап пайда болды. Жалпы құнды қағаздар нарығы-тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Біздің елімізде құнды қағаздың дамуы мемлекеттік игілікті жекешелендіру кезінде тұлғаның иелеріне акциялар сату көмегімен 1994-95 жылдары өтті. Ол кездерде инвестициялық қорлар арқылы халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акциялар алғандары аз. Қ.Р.-ның жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық құрылымға өтуі елімізде жаңа қаржы нарығын құруды талап етті. Қаржы нарығы мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектерінің сұранымы мен ұсынысының әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады.
1990 жылдан кейін Қ.Р.-да құнды қағаздар нарығының даму себебі нарық меншік қатынастарын және мемлекетпен жергілікті басқару органдарының қаржы саясаты өзгеруден бастады. Қазіргі кезде егеменді жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік құнды қағаздарды шығара бастады. Құнды қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Құнды қағаздар басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар құнды қағаздар. Құнды қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.
Құнды қағаздар онымен байланысты мүліктік құқықты көрсететін, нарықта өз бетінше айналым жасайтын, сатып алу, сату объектісі бола алатын тұрақты және бір жолғы кіріс алу көзі болып қызмет ететін ақша капиталының бір түрі болып қалыптасатын құжат. Бағалы қағаздар бұл өзінің негізімен ерекшеленетін тіпті меншікті материалдық ресурстарға құқық. Бағалы қағаздардың алуан түрлері жіктеу өлшемдігінің көптігін айқындайды. Олар арқылы куәландыратын құқықтың кімге жататындығы белгісі бойынша бағалы қағаздарды жіктеу дәстүрлі болып саналады. Құқық мыналарға жатуы мүмкін:
1. Бағалы қағаздарды ұсынушыға.
2. Бағалы қағаздың иесіне.
Осыған сәйкес құнды қағаздар ұсынушыға, ұсынушыға атаулы қағаз, ордерлік құнды қағаз деп бөлінеді.
Ұсынушыға бағалы қағаз – меншік құқығының толық сай келушілігін орындауы талап етпейді. Оған иелік етушінің аты жөні көрсетілмейді. Құнды қағаздарға куәландырылған құқық жай тапсыру жолымен басқа тұлғаға беріледі.
Ұсынушыға атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқық талаптарға жол беру үшін белгіленген тәртіпте беріледі. Мұндай бағалы қағаздарда иесінің аты-жөнітолық жазылып көрсетіледі.
Ордерлік бағалы қағаз алғашқы сатып алушының атына және оның бұйрығына жазылып беріледі.