Шикізаттарды өндіріске дайындау.
Ұнды електен өткізіп, металл қоспаларын бөліп алады. Әртүрлі ұн партияларын зертхана нұсқауларына сай араластырады. Қамыр илеуге қажетті суды жылу алмастырғыш аппараттарда қыздырған соң, рецептурада көрсетілген температураға сай суық сумен араластырады. Қосымшаларды қамыр дайындауға жұмсалатын суда ерітіледі. Тауық жұмыртқаларын алдын- ала жуып тазалайды, ал меланжды жылытып ерітеді.
Макарон қамырын дайындау.
Ұн мен суды, қосымшаларды рецептура бойынша мөлшерлеу және қамыр илеуден тұрады. Қамыр илеу процесі макарон пресінің қамыр илейтін бөлігінде (месильное корыто) жүргізіледі. Мұнда ұн бөлшектері аздап ылғалданып, ісініп, илеу соңында жентектелген, әлі толық байланыспаған массаға айналады.
Қамырды пресстеу.
Мақсат – иленген қамырды тығыздап, оны тығыз байланысқан серпімді – созылғыш массаға айналдырып, матрица тесіктерінен сығымдап өткізу арқылы форма беру.
Дымқыл өнімдерді өңдеу.
Бұл операцияның басты міндеті – престеліп шыққан дымқыл макарон өнімдерін желдетіп аздап кептіру, керекті ұзындыққа кесу, оларды кептіруге дайындау. Макарон өнімдерін кептіруге дайындау процесі өнім түріне байланысты әртүрлі болады: тор көзді конвейрге жайып салу, кассеталарға орналастыру және арнайы қондырғыларға ілу.
Өнімдерді кептіру.
Кептіру мақсаты - өнімдердің формасын тұрақтандыру және оларда микроорганизмдердің өсіп-өнуін болдырмау. Кептіру технологиялық процесстің ең жауапты да ұзақ кезеңі. Макарон өнімдерінің сапасы кептіру режиміне тығыз байланысты. Макарон өндірісінде конвективті кептіру әдісі қолданылады.
Сорттау және қораптау.
Макарон өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарға сай келмейтін жарамсыз өнімдерді алып тастап, қалғанын пакеттерге, картон қорапшаларға, жәшіктерге салып қораптайды.
1.2 Шикізатты қабылдау және сақтау.
Макарон фабрикасында макарон ұнын Орал қаласынан теміржол
транспортымен жеткізіліп, оны қорапсыз әдіспен М-118 маркалы бункерлерде
сақтайды. Қорапсыз сақтау әдісі қазіргі кезде кеңінен тараған, тасымалдау процесстері жоғары дәрежеде механикаландырылған және втоматтандырылған, сол себепті ұн шығыны өте аз болады.
Ұн қоймасының сыйымдылығы фабриканың 7 күндік жұмысына жететін ұн мөлшерін қамтамасыз етеді, яғни қоймада 5 бункер жайғасқан. Қолайлы жағдайда сақталған ұн сапасы өзгермейді, ал қойма температурасы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, ұнда микроорганизмдер дами бастайды - өзіндік қызу процесі жүріп, қышқылдығы өседі, көгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |