Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты



бет5/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
stud.kz-26208

2 Өндіріс жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорын өнімдерінің сәйкессіздігінің себеп-алдарын талдау
Кесте 1



Ақаулардың белгісі

Пайда болу себептері

1

Түсінің сәйкес келмеуі, Бозғылт түсті

Сапасы төмен шикізат; пресстеу (жоғары температура) жэне кептіру; (температурасының дұрыс сақталмауы) технологиялық процестерінің дұрыс сақталмауынан; шикізат түсі жэне оның күреңкілік түсінен;

2

Жағымсыз иіс, көгеру

Ылғалдылығының жоғарылауынан, сақтау шартының бұзылуынан, персонал біліксіздігінен;

3

Пісіру кезінде көлемінің шектен тыс ұлғаюы

Өнімді өндіруде жұмсақ бидай сортын пайдаланудан, ұн сапасының төмендігінен

4

Сынықтар және өнімнің ақаулануы

¥н сапасының төмендігінен, кептіру процесін дұрыс жүргізбегеннен, қораптау кезінде механикалық зақымданулардан, тасымалдау жэне сақтау шарттарын дұрыс сақтамағаннан;

5

Жоғары ылғалдылығы

Қойма жайларында ауа ылғалдығының, сақтау температурасының дұрыс сақталмағанынан;

2.2 Макарон өндірудің негізгі процесстері мен технологиясы
Макарон өнімдерін шығару үшін «Кукси» макарон өнімділігі 12 т/тәу. «Брайбинти» фирмасының автоматты желісі орналасқан. Желі құрамына келесі жабдықтар кіреді: шнекті макарон пресі «Кобра» 2, «Ультравелло 600» штампмашинасы 3, екі трабатто 5, көлбеу таспалы транспортер 4, алғашқы кептіргіш «Интелл-9/9» 8, соңғы кептіргіш «Телесс-15/11, өнімдері тработтадан алғашқы кептіргішке және алғашқы кептіргештен соңғы кептіргішке тасымалдауға арналған көлбеу таспалы элеваторлар 7,9,11, өнімдерді жинақтап, тұрақтандыруға арналған силостар13. Бұл силостар өнімдерді бір сменада қораптаған жағдайда желінің бір тәулік жұмысын қамтамасыз етеді. Силостарға өнімдер каретаға бекітілген және ілгерілмелі қозғалыс жасайтын таспалы конвейер арқылы беріледі; өнімдер силостардан екі таспалы конвейерге түседі. Әр конвейермен өнімдер қораптағыш автоматтарға түседі, бір автомат целофан пакеттерге салады, ал екінші автомат-картон қораптарға. «Кибра» шнекті макарон пресінің өнімділігі 500кг/сағ. Негізгі технологиялық бөліктеріне шнекті ұн мөлшерлегіш, үш қорыталы қамыр илегіш және үрлегіш қондырғы мен кескіш механизммен жабдықталған диаметрі 300мм дискалы матрицаларға арналған екі камера жатады. Шнек диаметрі 125мм, қадамы 75мм, айналу жиілігі минутына 20 және 26 айналым.Ұн мен су мөлшерлегіштерден қамыр илегіштің бірінші қорытпасына түседі және күрекшелері бар білік көмегімен араласып, қорытпаның қарсы бетіне қарай жылжиды. Қорытаның түбіндегі тесіктен қамыр екінші қрытаға түседі. Екінші қорытада бір-біріне қарсы айналып тұрған екі күрекшелі біліктің көмегімен одан араласып, қарсы бағытта жылжиды. Қорытаның бүйір жағындағы тесіктен қамыр екі қалталы роторлы қоректендіргіш көмегімен үшінші қорытаның орта шеніне түседі, үшінші қорыта бірінші және екінші қорытаға перпендикуляр орналасқан. Трабатто макарон өнімдерін алдын-ала ауамен үрлеп, сыртқы бетін кептіруге арналған. Бұл жағдай алғашқы кептіргіште бір-біріне жабысып қалмас үшін жасалады. Әр тработто электроқозғағышпен, вентилятормен, ауаны қыздыратын батарейлермен және қолданылған кептіргіш ауаны сорып алуға арналған вентилятормен жабдықталған. Кептіргіш ауаның температурасы 38°С, салыстармалы ылғалдылығы 50% болғаны жөн. Қарастырылып отырған желіде екі ТМ-5 трабатто орналасқан, ауа алмасуы 1800м/сағ, ыстық су шығыны 2500 л/сағ, кептіру ұзақтығы 2-3 минут, ылғалдың өнім бетінен шығуы 2-3%. Алғашқы кептіргіш «Интел» болат каркастан жасалған тонель болып келеді. Тоннельде нейлон торкөзден жасалған таспалы конвейер жалғасқан. Таспалы конвейерлерді қозғаушы механизм тоннель корпусына бекітілген. Конвейерлерді бір электроқозғағыштың және шынжырлы берілістердің көмегімен қозғалады. Макарон өнімдері жоғарғы ярустан, төменгі ярусқа түсіп, қарама-қарсы бағыттарда жылжып отырады. Кептіргіш төменгі таспалы конвейердің астына бекітілген екі винтті вентилятор мен су батареясымен өнімді жоғарғы кон вейерге жайып салуға, арналған механизммен, төменгі конвейерден кептірілген өнімді алуға арналған вибротрнспортермен, кептіргіш ауаның температурасы мен ылғалдылығын реттегіш «Драгор» жүйесімен жабдықталған. Өнімділігі 12 т/тәу желі құрамында ұзындығы 9360 мм, ені 2505 мм, биіктігі 3505 мм, таспа ені 2000 мм «Интел – 9/9» алғашқы кептіргіш жұмыс істейді. Таспалардың жұмысшы беті 120м2, жылу шығыны 69800 Вт. Кептіргіш ауа температурасы 40-50°С, салыстырмалылығы 50-70%. Жұмсалатын мөлшері оның параметрлеріне байланысты өзгеріп тұрады. Температурасы 50°С, салыстырмалы ылғалдылығы 70% болған жағдайда ауа шығыны 900м/сағ болады. Соңғы кептіргіш «Телесс» те нейлоннан жасалған таспалы конвейерлермен жабдықталған. Өнімділігі 12 т/тәу. желіде ұзындығы 15550 мм, ені 3415 мм, биіктігі 4685мм «Тлесс-15/11» кептіргіш орналасқан. Таспалардың жұмысшы ені 1850 мм. Кептіргіште ауа 16 вентилятор көмегімен үрленеді. Ондағы 19 электроқозғағыштың қуаты 13,5 кВт. Өнім түріне байланысты кептіргіш ауа температурасы 45 -50ºС , ал салыстырмалы ылғалдылығы 65-74º С. Ауа температурасы, 45º С, салыстырмалы ылғалдылығы 65% болғанда ауа шығыны 6000м³/сағ, жылу шығыны 125600 Вт. Ауа температурасы 12°С-қа көтеру үшін 9000л/сағ су шығындалады. Жинақтау силостарының сыйымдылығы 3 м. Олардың формасы түбі пирамида тектес параллелепед. Бір силостың массасы 200кг. Силос ортасында өнім түсетін төртбұрышты құбыр орналасқан. Кепкен өнімдер силостың пирамида тектес түбіне бекітілген.Тасымалдағыш қондырғылар өнімді бір элементтен екінші элементке беруге арналған және олар төмендегідей:
-қуаты 0,5 кВт электроқозғағышпен жабдықталған, өнімдерді тработтадан алғашқы кептіргішке тасымалдауға арналған ені 0,4 м таспалы көлбеу элеватор;
-дәл осындай, өнімдерді алғашқы кептіргіштен соңғы кептіргішке тасымалдауға арналған көлбеу таспалы элеватор;
-Z- тәріздес, ені 0,4 м электроқозғағыштың қуаты 0,5 кВт, өнімдерді соңғы кептіргіштерден силостарды толтыратын транс-портерге беруге арналған элеватор;
-Электроқозғағышының қуаты 0,5 кВт, ені 0,25 м, силостарды толтыруға арналған таспалы транспортер;
- силостарды босатуға арналған, ені 0,3 м екі таспалы конвейер.
Желі құрамында өнімдерді целлофан пакеттерге және қораптағыш автоматы бар.
Желінің техникалық сипаттамасы
Өнімділігі, кг/сағ...................................................................400
Электроқозғағыштардың жалпы қуаты, кВт........................65
Кептіруге жұмсалатын жылу шығыны, ккал/сағ.................198000
Су шығыны, кг/сағ..........................................................................
Пресстегіш қондырғыларды суытуға ......................................350
Вакуум насосқа ..........................................................................600
Габариттері, мм ...........................................................................
Ұзындығы .................................................................................49666
Ені ................................................................................................3415
Дайын макарон өнімдерін қораптау үшін макарон фабрикасында италиялық фирмасының қораптағыш автоматы орналасқан. Ол өнімдерді целлофан және полиэтилен пакеттерге салуға арналған машина және қорапшаларға салатын машиналар болады.
Макарон қамырының рецептурасы деп, қамырға қосылатын шикізаттардың (ұн, су) мөлшері мен олардың сипаттамасын ылғалдығы мен температурасы) айтады. Әдетте су мен қосымшалар мөлшерін 100 кг ұнға келтіреді.
Макарон фабрикасында қамыр рецептурасын шығарылатын өнім түріне, ұнның сапасына байланысты құрады және есептейді.
Біріншіден, қамырдың ылғалдығын Wқ белгілейді, ал ұнның ылғалдығы Wұ зертхананың анықтағаны бойынша алынады. Енді қамыр илеуге қажетті су мөлшерін есептейді:
С = Ұ(Wқ –Wү) / 100 - Wқ (2)
мұнда С- судың мөлшері, л;
Ұ- ұнның мөлшері, кг;
Wқ – қамыр ылғалдығы,%
Wұ – ұнның ылғалдығы,%.
Қамыр илеуге қажетті су мөлшерін анықтаған соң оның температурасын есептейді. Ол үшін алдын-ала қамырдың илеу соңындағы температурасын белгілеу керек. Әдетте қамыр температурасы пресстің шнекті камерасында 10-20°С-қа көтерілетін, ал матрица алдында оның 50-55° С болғаны жөн. Сонымен, егер шнекті камерада қамыр температурасы 10°С-қа көтерілетін болса, онда қамырды илеу соңында ол 40°С шамасында, ал егер 20°С-қа көтерілетін болса, 30°С шамасында болу керек.
Пресстің шнекті камерасында қамыр температурасы қаншаға жоғарылайтынын тәжірибелік жолмен анықтайды. Қамыр илеуге қажетті су температурасын келесі формуламен есептейді:
С = Қt Сқ – ҰtС / ѰѰ (3)
мұнда : t c-судың температурасы,°С;
Қ- қамырдың массасы, кг,Қ=Ұ+С;
tқ – қамырдың температурасы,ºС;
ұ- ұн мөлшері, кг;
Tұ- ұнның температурасы ,ºС;
С- судың мөлшері,кг;
C-қамырдың меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/(кгК)
Сс- судың меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/(кгК)
Қамыр мен ұнның меншікті жылу сыйымдылығы олардың ылғалдығына байланысты және 1,2- кестелер көмегімен анықталады
Ал СС = 4181 Дж/(кгК)

Кесте 2
Макарон қамырының меншікті жылу сыйымдылығы



Ылғалдылығы,%

Сқ,Дж/(кгК)

Ылғалдылығы,%

Сқ,Дж/(кгК)

29,5
30,0
30,5
31,0

2400
2420
2430
2440

31,5
32,0
32,5
33,0

2455
2470
2480
2490

Кесте 3


Ұнның меншікті жылу сыйымдылығы



Wұ,%

Сұ,Дж/(кгК)

Wұ,%

Сұ,Дж/(кгК)

10,0
10,5
11,0
11,5
12,0

1915
1925
1940
1955
1960

12,5
13,0
13,5
14,0
14,5

1980
1990
2000
2015
2025





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет