Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер қатты бөлшектер


Газды қалаларға дейінгі тасымалдау



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#11518
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АМАНЖОЛ

Газды қалаларға дейінгі тасымалдау

Газдың өз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен өндіру барысында төмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы стансалар қолданылады. Қосалқы компрессорлы стансалар әрбір 150 км сайын орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем дегенде әрбір 25 км сайын ажыратқыш тетіктері

орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу үшін желілер санын екі немесе онан да көп етіп қабылдайды.

Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі өндіріс тораптарынының ГТС-мен шектеледі.

Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді. Қолданылуына қарай газ құбырларын мынадай үш топқа бөлуге болады:

1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері. Төменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық және тұйық болып орындалады;

2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ тасымалдайтын тармақтар;

3. Үй ішіндегі аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар.Қысымдарына қарай қаладағы газ құбырлары төмендегідей түрленеді:

1. Қысымы 5 кПа-ға дейінгі қысымдағы төменгі газ желілері;

2. 5 кПа-дан 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымдағы газ желілері;

3. 0,3-0,6 МПа аралықтарындағы II-дәрежелі жоғарғы қысымдағы желілер;

4. 0,6 МПа-дан 1,2 МПа-дейінгі I-дәрежелі жоғары қысымдағы табиғи газды тасымалдаушы желілер. Ал сұйытылған газдағы желілерде қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін.

Төменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын қоғамдық үйлер және тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне тартылады. Тұрғын үйлердегі құбырлардағы қысым 3 кПа-дан аспауы қажет.

Орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары (ГРО) арқылы қалалық орташа және төменгі газ тарату желілерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ реттеу орындары (ГРО) арқылы өнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады.

I-дәрежелі жоғары қысымдағы газ желілер ірі қалаларды газбен жабдықтаудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Олар орташа және жоғары қысымдағы желілері мен 0,6 МПа-дан жоғарғы қысымдағы өнеркәсіп мекемелерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл желілерді көбінесе айнала жабық немесе жартылай жабық етіп орындайды.

Желілердегі қысымдар сатыларына байланысты газбен жабдықтау жүйелері мынадай болып бөлінеді:

1. Екі сатылы төменгі және орташа немесе төменгі және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.

2. Үш сатылы төменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.

3. Көп сатылы барлық қысым сатыларындағы желілерден құралады.

Үш және көп сатылы газ жүйелері ірі қалаларда ғана қолданылады. Қалалардағы газ көзі газ тарату станциялары ГТС-лары болып табылады.

Газ құбырларын жүргізу шарттары

Газ құбырлары көбінесе жер астымен, ал сәулет талаптарына сәйкес жағдайларда жер бетімен жүргізіледі. Жерге көмілген, құбырлардың төмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен анықталады. Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажыратқыш болып табылады. Тереңдік өскен сайын жұмсалатын қаржы да өсе түседі. Газ құбырларын жүргізу шарттары көрсетілген.

Газ құбырларын жүргізу кезінде оларды тоттанудан сақтау қажет. Темір тоттанған кезінде сыртқы беті қоршаушы орта әсерімен бұзыла бастайды. Қаладағы газ құбырларын тоттанудан сақтау үшін алдын-ала мынадай көрсеткіштер анықталады:

- құбырлар жҥргізілетін жерлердің тоттануға тигізер әсері;

- жер қабатындағы кездейсоқ токтардың болуы;

- газ құбырларының электрлік тоттану шарттары.

Жалпы тоттануға мынадай көрсеткіштер әсер етеді: топырақ құрамы, ылғалдылығы, құбырлар жүргізілетін тереңдік, жақын маңдағы электр көздері және жақын орналасқан басқа да жер астындағы жүйелер. Құбырларды тоттанудан екі әдіспен

сақтандырады. Біріншісі құбырларды көп қабатты оқшаулау және әртүрлі материалдармен құрау болса, екіншісі катодты протекторлы және электрлік дренаж деп аталатын мұқият ұйымдастырылған әдістер. Бұл жағдайда жердің ылғалы, қышқылдар, тұздар және басқа жағдайлар газ құбырының бетінде гальваникалық элементтер

туғызады, соның арқасында анодты бөлік, яғни темір құбырға тоттануға мүмкіндік болады.

Анодты орын болуы себебі – сақтандырғыш материалдың жоғынан, әлде оның жыртылуға мүмкіндік болғанда (мысалы жер қазу кезінде). Катод орынан электрі ток металмен анодқа жылжиды (жоғары жағы), ал жер бойымен (астынғы жағы)

анодтан, катодқа жылжуы кезінде А нүктесінде металлдың беті бұзылады.

1-жер; 2-құрсау (сақтандырғыш) материал жыртылған орын; 3-құбырдың қабырғасы; 4-құбырдың ішкі жағы; 5-қалыпты бөлік.

Электрлік көліктердің (трамвай, темір жолы) рельстерінен темір құбырларға кездейсоқ электр тоғынан электро-химиялық бұзылуларға әкеледі. Кездейсоқ электр тоғының трамвай жолынан газ құбырға әсер беруі 3.4-суретте көрсетілген. Бұл жағдайда электр тоғының жоғары әсерімен құбырдың сыртында тесіктер болуы мүмкін.

Тоттануға қарсы екі әдіс қолданылады. Біріншісі құбырларды сақтандырғыш материалдармен құрсау, ал екіншісі кездейсоқ электр тоғынан қорғайтын катодты, протекторлы және кездейсоқ тоқты оның көзіне қайтаратын электрлік дренаж. Бұл әдістер жер астындағы құбырларға қолданылады. Жер бетіндегі құбырларды

сыртқы бетін өңдеу (сырлау, лактау т.б) арқылы қорғайды.

Катодты және протекторлы әдістерде тоқ көзімен және газ құбыр арасында тоқтың әсерімен бұзылатын элементер (графитті анод және протектор-активатор) қойылады. Сол себептен газ құбырларға кездейсоқ электр тоғы әсер бермейді.

Электрлік дренаж қолданған кезінде газ құбырдың темірі электр элементтерімен, яғни тоқ келетін орынмен тікелей байланысты.

Дренаждық қондырғылар арнайы шкафтарда орналасады. Бір дренаждық қондырғы газ құбырларының 5-6 км аралығында сақтайды. Газ желілерінде болаттан жасалған жүксіз, тура жікті және спиральді жікті құбырлар қолданылды.

Қолданылатын болаттың сапасы мен қасиеттері Мемлекеттік стандарт – 380-71 және Мемлекеттік стандарт – 1050-74 талаптарына сәйкес болуы қажет. Жер астымен жүргізілетін құбырлардың қалыңдығы кем дегенде 3 мм, ал жер бетінде жҥргізілетін құбырлар үшін кемі 2 мм болуы қажет.

Құбырлардың жалғанған орындары мұқият тексеріліп сынақтан өтуге тиіс. Құбырларды сақтандыруға қолданылатын материалдар ҚНжЕ 2.04.08-87 бойынша қабылданады.

Бұл материалдардың төмендегідей қасиеттері болуы керек:

а) мықты (жыртылмайтын);

б) ылғалға төзімді және оны өткізбейтін;

в) құбырларға жабысқыш;

г) химиялық әсерлерге төзімді.

Сонымен қатар бұл материалдарды табу қиынға тҥспегені жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет