Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер қатты бөлшектер



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#11518
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АМАНЖОЛ

Газ тарату желілерін пайдалану

Газ құбырлары мен жабдықтарының істен шығып қалуын алдын алу, тез арада анықтап, дер кезінде жөндеу пайдалану қызметіндегілердің міндеті. Бұл қызметтегілер жер астымен жүргізілген құбырларды пайдалану үшін мынадай жұмыстарды орындаулары қажет:

- жаңадан жүргізілген газ құбырларын пайдалануға қабылдап

алу;


- жаңадан орындалған құбырларды бұрынғы құбырларға қосу;

- жаңа газ құбырларын іске қосу;

- газ құбырлары мен тетіктерді қадағалау;

- қажетті және кҥрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- қысымды қадағалау;

- тоттанудан сақтау.

Газ құбырларын қабылдау кезінде мұқият қарап, пісіріліп жалғанған жерлер мен тоттанудан сақтағыш шаралар сапасын тексеру қажет. Дайын болған газ құбырларын көмбей тұрып қарап, кемшіліктерін шығару керек. Міндетті түрде құбырлардың жүргізілу тереңдігі, кеңістігі, қойылған тіреуіштері, тетіктердің жұмысы тексеріледі. Егерде тексерген кезде ешқандай кемшіліктер болмаса, онда газ құбырларын жоғарғы қысымдағы ауамен сынауға кіріседі.

Сынау алдында құбырларды тазалау үшін ауамен түгелдей үрлеп алады. Газ құбырларын сынау екі кезеңнен тұрады. Біріншісі жалғану беріктігін, ал екіншісі жалпы жұмысын сынау. Сынаудың бірінші кезеңі құбырларды 20-25 см-ге топырақпен көміп, жалғану орындарын ашық қалдырып жүргізеді. Қажетті қысымнан сәл жоғарғы деңгейде құбырларды 3 сағат бойы сынайды да, онан әрі қысымды қажетті деңгейге дейін төмендетіп, сынау нәтижесін тексереді. Кемшіліктерді газ құбырындағы қысымды жою үшін атмосфералық деңгейге дейін төмендетеді.

Екінші кезең құбырлар жобаға сәйкес кӛміліп болған сон басталады. Сынау құбырдағы ауа мен топырақ температуралары теңескен соң жүргізіледі. Сынау ұзақтығы газ қысымына, құбырлар диаметріне байланысты 3-тен 48 сағатқа дейін созылады. Газ қысымының сынау барысындағы жұмсалуы мынадай өрнекпен анықталған дәрежеден асып кетпеуі керек:

Үй ішіндегі құбырлар да екі кезеңге сыналады. Бірінші кезенде сынау қысымының мөлшері 0,1 МПа болса, екінші кезеңде 5 кПа.

Құбырдағы ауа мен бөлмедегі ауа температурасы теңесу үшін сынауға үш сағат өткеннен кейін ғана кірісу керек. Егерде екінші кезең сынауына 5 минут бойы жұмсалған қысым мөлшері 200 Па-дан асып кетпесе, онда құбырлар сынақтан өтті деп есептеледі.

Жаңадан салынған газ құбырларын іске қосу.Бұл жұмыс өте жауапты болғандықтан, оны жақсы дайындықтан өткен арнайы топ жүргізеді. Жаңа құбырларды газ өтіп жатқан

құбырларға газды тоқтатпай-ақ жалғауға болады. Ол үшін газ қысымы 200-1200 Па аралығында болуы қажет.

Қысым бұл мөлшерден төмен болған жағдайда ауаның құбырларға ену қаупі, онан жоғары мөлшерде шарпыған жалынды өшіру қиындығына әкеліп соғады. Газ аспаптарының бір қалыпта жұмыс атқаруы газ қысымының мөлшері мен тұрақтылығына байланысты.

1.3 ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНА ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІ
Қалалық газ құбырларының бөлінуі.

Газды тұтынушыларға құбырлармен тасымалдайды. 3.1-суретте газдың қалаларға дейінгі тасымалдау шарттары кӛрсетілген. Газ скважиналардан (СК) іріктеу орындарына (I0) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан тазартылған газ құбырлармен ӛндірістік газ тарату станцияларына (ӚГТС) жеткізіледі. Мұнда газды қайта тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын тӛмендетеді.



С
К-скважиналар; І0-іріктеу орындары; ӚҚ-ӛндірістік құбырлар; ӚГТС-ӛндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистральды құбырлар; ҚКС-қосалқы компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары; ЖҚ – жер асты қоймалары;

ҚТ-қосалқы тұтынушылар.

3.1-сурет. Газды қалаларға дейінгі тасымалдау
Газдың ӛз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен ӛндіру барысында тӛмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы стансалар қолданылады. Қосалқы компрессорлы стансалар әрбір 150 км сайын орнатылады. Жӛндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем дегенде әрбір 25 км сайын ажыратқыш тетіктері орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу үшін желілер санын екі немесе онан да кӛп етіп қабылдайды. Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі ӛндіріс тораптарынының ГТС-мен шектеледі.

Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді. Қолданылуына қарай газ құбырларын мынадай үш топқа бӛлуге болады:

1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері. Тӛменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық және тұйық болып орындалады;

2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ тасымалдайтын тармақтар;

3. үй ішіндегі аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар.

Қысымдарына қарай қаладағы газ құбырлары тӛмендегідей түрленеді:

1. Қысымы 5 кПа-ға дейінгі қысымдағы тӛменгі газ желілері;

2. 5 кПа-дан 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымдағы газ желілері;

3. 0,3-0,6 МПа аралықтарындағы II-дәрежелі жоғарғы қысымдағы желілер;

4. 0,6 МПа-дан 1,2 МПа-дейінгі I-дәрежелі жоғары қысымдағы табиғи газды тасымалдаушы желілер. Ал сұйытылған газдағы желілерде қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін.


Тӛменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын қоғамдық үйлер және тұрмыстық қызмет кӛрсету мекемелеріне тартылады. Тұрғын үйлердегі құбырлардағы қысым 3 кПа-дан аспауы қажет.

Орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары (ГРО) арқылы қалалық орташа және тӛменгі газ тарату желілерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ реттеу орындары (ГРО) арқылы ӛнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады.



I-дәрежелі жоғары қысымдағы газ желілер ірі қалаларды газбен жабдықтаудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Олар орташа және жоғары қысымдағы желілері мен 0,6 МПа-дан жоғарғы қысымдағы ӛнеркәсіп мекемелерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл желілерді кӛбінесе айнала жабық немесе жартылай жабық етіп орындайды.

Желілердегі қысымдар сатыларына байланысты газбен жабдықтау жүйелері мынадай болып бӛлінеді:

1. Екі сатылы тӛменгі және орташа немесе тӛменгі және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.

2. үш сатылы тӛменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.

3. Кӛп сатылы барлық қысым сатыларындағы желілерден құралады.

үш және кӛп сатылы газ жүйелері ірі қалаларда ғана қолданылады. Қалалардағы газ кӛзі газ тарату станциялары ГТС-лары болып табылады.

3.2-суретінде қаланы газбен жабдықтау сұлбасы келтірілге

1- магистральды газ құбырлары; 2- газ тарату стансалары; 3-газ реттеу орындары; 4,5,7-жоғарғы, орташа және тӛменгі қысымдау газ желілері; 6-жер асты қоймалары

3.2-сурет. Қаланы газбен жабдықтау көп сатылы жүйе

3.2 Газ құбырларын жүргізу шарттары

Газ құбырлары кӛбінесе жер астымен, ал сәулет талаптарына сәйкес жағдайларда жер бетімен жүргізіледі. Жерге кӛмілген, құбырлардың тӛмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен анықталады. Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажыратқыш болып табылады. Тереңдік ӛскен сайын жұмсалатын қаржы да ӛсе түседі. Газ құбырларын жүргізу шарттары КНжЕ 2.04.08-87* кӛрсетілген.

Газ құбырларын жүргізу кезінде оларды тоттанудан сақтау қажет. Темір тоттанған кезінде сыртқы беті қоршаушы орта әсерімен бұзыла бастайды. Қаладағы газ құбырларын тоттанудан сақтау үшін алдын-ала мынадай кӛрсеткіштер анықталады:

- құбырлар жүргізілетін жерлердің тоттануға тигізер әсері;

- жер қабатындағы кездейсоқ токтардың болуы;

- газ құбырларының электрлік тоттану шарттары.

Жалпы тоттануға мынадай кӛрсеткіштер әсер етеді: топырақ құрамы, ылғалдылығы, құбырлар жүргізілетін тереңдік, жақын маңдағы электр кӛздері және жақын орналасқан басқа да жер астындағы жүйелер. Құбырларды тоттанудан екі әдіспен сақтандырады. Біріншісі құбырларды кӛп қабатты оқшаулау және әртүрлі материалдармен құрау болса, екіншісі катодты протекторлы және электрлік дренаж деп аталатын мұқият ұйымдастырылған



әдістер. Бұл жағдайда жердің ылғалы, қышқылдар, тұздар және басқа жағдайлар газ құбырының бетінде гальваникалық элементтер туғызады, соның арқасында анодты бӛлік, яғни темір құбырға тоттануға мүмкіндік болады.

3.3-суретте анодты (А) және кадотды (К) екі гальваникалық орындар кӛрсетілген. Анодты орын болуы себебі – сақтандырғыш материалдың жоғынан, әлде оның жыртылуға мүмкіндік болғанда (мысалы жер қазу кезінде). Катод орынан электрі ток металмен анодқа жылжиды (жоғары жағы), ал жер бойымен (астынғы жағы) анодтан, катодқа жылжуы кезінде А нүктесінде металлдың беті бұзылады.

1-жер; 2-құрсау (сақтандырғыш) материал жыртылған орын; 3-құбырдың қабырғасы; 4-құбырдың ішкі жағы; 5-қалыпты бӛлік.

3.3-сурет. Газ құбырдың бетінде гальваникалық орыны болуының сұлбасы

Электрлік кӛліктердің (трамвай, темір жолы) рельстерінен темір құбырларға кездейсоқ электр тоғынан электро-химиялық бұзылуларға әкеледі. Кездейсоқ электр тоғының трамвай жолынан газ құбырға әсер беруі 3.4-суретте кӛрсетілген. Бұл жағдайда электр тоғының жоғары әсерімен құбырдың сыртында тесіктер болуы мүмкін.

Тоттануға қарсы екі әдіс қолданылады. Біріншісі құбырларды сақтандырғыш материалдармен құрсау, ал екіншісі кездейсоқ электр тоғынан қорғайтын катодты, протекторлы және кездейсоқ тоқты оның кӛзіне қайтаратын электрлік дренаж. Бұл әдістер жер астындағы құбырларға қолданылады. Жер бетіндегі құбырларды сыртқы бетін ӛңдеу (сырлау, лактау т.б) арқылы қорғайды.

Катодты және протекторлы әдістерде тоқ кӛзімен және газ құбыр арасында тоқтың әсерімен бұзылатын элементер (графитті анод және протектор-активатор) қойылады. Сол себептен газ құбырларға кездейсоқ электр тоғы әсер бермейді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет