1.Деректер базасы, дерекқор жүйесі және оны басқаруы жайлы түсінік. 2.Ақпараттық жүйе ұғымы,жұмыс жасауы және архитектурасы. 3.Деректер базасының модельдері.
Деректер базасы, дереққор жүйесі және оны басқаруы жайлы түсінік
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта сақталынатын файл. Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.
Ақпараттық жүйе ұғымы,жұмыс жасауы және архитектурасы.
Ақпараттық жүйенің архитектурасы. Ақпараттық жүйенің (АЖ) тиімді қызмет етуі көп жағдайда оның архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасының болашағы зор болып отыр. Оның жеткілікті түрде таралған нұсқасында компьютерлік желі мен үлестірілген мәліметтер қоры болады, сонғысында корпоративтік мәліметтер қоры мен дербес мәліметтер қоры орналасады.Компьютерлік желідегі белгілі бір ресурстың сервері деп осы ресурсты басқаратын компьютер аталады, ал клиент деп осы ресурсты пайдаланатын компьютер аталады. Компьютерлік желінің ресурсы ретінде мысалы, мәліметтер қоры, файлдық жүйелер, баспа қызметтері, пошта қызметтері алынады. Сервердің типі ол басқаратын ресурстың түрімен анықталады.
Деректер базасының модельдері.
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады 70-80 жылдардың соңында деректер қорының басқару жүйесінің дамуы негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір модельдің өзінің ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.