3.1. Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінен тәжірибе жетекшісінің құқықтары мен міндеттері Шарт негізінде оқитын Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК студенттерінің кәсіптік тәжірибесін өткізу үшін ұйымдарды, кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу мекемелерін анықтайды, және тәжірибе базалары ретінде олармен тәжірибені өту бағдарламаларын және күнтізбелік кестелерін үйлестіреді.
Шарттарда Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК-нің, тәжірибелер базаларының және студенттердің міндеттері анықталады.
Келісілген шартқа сәйкес Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК және тәжірибе базаларының жетекшілері тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу үшін жауапкершілікте болады.
Тәжірибені оқу-әдістемелік басшылыққа алуды, оқу жоспарларын, тәжірибе бағдарламаларын орындауды және оны өткізу сапасын тиісті Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК кафедралары жүзеге асырады.
Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі:
жыл сайын кәсіпорындармен, ұйымдармен алдағы күнтізбелік жылға тәжірибе базасы ретінде бекіту затына шарттар жасасады және оқу жылының басталуына дейін тәжірибелер базаларымен, студенттермен тәжірибені өтудің бағдарламаларын және күнтізбелік кестелерін үйлестіреді;
тәжірибе жетекшілері ретінде мамандық ерекшелігін және тәжірибелер базаларының қызметін жақсы білетін тәжірибелі оқытушыларды тағайындайды;
студенттерді тәжірибені өтетін кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сонымен қатар тәжірибе бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;
студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізуді, оның мерзімін және мазмұнын сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда тәжірибеге жіберілетін студенттердің медициналық байқауын ұйымдастырады.
Ж.Қ.Букенов атындағы ҚБК-нан тәжірибе жетекшісі:
тәжірибе басталуына дейін студент-тәжірибеленушілердің қажетті дайындығын ұйымдастырады;
оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес студенттермен кеңес беруді өткізеді;
кәсіпорынмен, ұйыммен, мекемемен дұрыс еңбек жағдайын және студенттер болмысының дұрыс жағдайын қамтамасыз етуді, олармен еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықтарды өткізуді, тәжірибеленушілермен ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындауды бақылауын жүзеге асырады;
тәжірибе бойынша студенттердің есептерін қарастырады, олардың жұмыстары бойынша пікірлерін береді және каферда меңгерушісіне студенттердің тәжірибелік дайындықтарын жетілдіру бойынша ескертулермен және ұсыныстармен бірге тәжірибені өткізу туралы жазбаша есепті ұсынады;
тәжірибе бойынша сынақтарды қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына және өндірістік тәжірибе қорытындылары бойынша ғылыми студенттік конференцияны дайындауға қатысады.