Кетер жылдың соңында


ды жүзбе-жүз қатынасуға итермелеуге деген



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата10.01.2017
өлшемі4,84 Mb.
#1567
1   2   3   4   5

ды жүзбе-жүз қатынасуға итермелеуге деген 

ұмтылыс па? 

— Әрине. Бұл менің бауырым Александрдың 

ойы еді, шынын айтар болсам, бұл дәстүрдің 

қалыптасып кетпегеніне қобалжыдық. Қазір 

осындай құрылым Батыста керемет жұмыс 

істейді, бірер жылдан соң Алматыға да келіп қалар.  

Бірақ өткен жылы біздің бастамамызды нарық 

қолдамады.  Біз оған әлі де қайтіп ораламыз деп 

ойлаймын.    

— Сіздің компаниядағы ұялы байланыстың рөлі 

туралы әңгімелеп беріңізші?

— Біздің компания серпінді құрылым ретінде 

сапалы әрі арзан ұялы байланысты қажет етеді. 

Бүгінгі біздің корпоративтік байланысымыз — 

Kcell және оған көңіліміз тоқ. Менің ойымша, нағыз 

кәсіпқойдың кез келген уақытта өз әріптестерімен 

байланысуға әлбетте мүмкіндігі болуы тиіс.  Ұялы 

байланыс қызметін көрсететін компа- 

ниялар қазіргі кезде біз шетелдерде көріп жүрген 

телефондық қарым қатынастың тиісті деңгейін 

қамтамасыз етіп үлгермесе 2—3 жылдан соң өте 

кеш болатындығын жіті түсінуі тиіс сияқты.    



— Сіз скайпты жиі пайдаланасыз ба?

— Мен жаппай танымалдылыққа онша 

қызықпаймын, мен үшін скайп  ыңғайсыз, өйткені 

дербес қатынасуға мүмкіндік бермейді, оған қоса 

мен сақтап қалғым келетін шектен өтіп кетеді. 

Оған қарағанда ұялы телефон бірімен-бірі дара, 

сенімді  қатынасу сезімін тудырады. Бұл мен өзім 

үшін негізгі деп атайтын байланыс түрі. Күніне 

үш сағатқа дейін сөйлесе аламын және  Kcell –ң 

корпоративтік тарифтерінің  осындай қарқынды 

қарым-қатынас кезінде де өз қаражатыңды 

үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін атап өткім келеді. 

Әрине, мен тікелей телефон арқылы маңызды 

мәмілелер жасамаймын, бірақ өте маңызды жедел 

мәселелерді шешемін.  Шетелде де өз телефоным-

мен айрылыспаймын — үнемі  роумингке қосылып 

отырамын. Сонда да ең бастысы, ұялы телефон— 

жұмыс орнында  ұзақ әрі жиі болмауға мүмкіндік 

береді, мәселен іссапар кезінде жоқтатпайды. Ұялы 

телефон — бұл қайсы бір жағдайдың тізгінін ұстап 

отыруға мүмкіндік беретін күрделі бизнес-құрал. ●

оқырман alisher 

Idrissovтың сауалы: 

— Адамдар заттай тасы-

малдаушыларды пай-

далануды қойған кезде 

бизнес үлгілерді жаңартуға 

қатысты болашақ 

жоспарларыңыз бар ма? 

— Біздің білуімізше, 3—5 жыл 

ішінде адамдардың басым 

бөлігі сандық тасымалда-

ушыларды пайдаланады, 

бұдан әлі құтылу мүмкін 

емес, өйткені өте ыңғайлы. 

Бірақ біз революциялық 

өзгерістерге дайын емеспіз. 

Бір жағынан, біз сандық 

түрдегі контентті  сатуға 

арналған платформаны 

дайындап жатсақ, екінші 

жағынан – жақында 

"MARWIN" атты жаңа 

отбасылық дүкендер желісі 

ашылды, онда әрбір отбасы 

мүшесі көңілінен шығатын 

тауар мен кәсіпті таба алады.

    


Біздің оқырманымыз

руслана Галимовтан сауал:

— Отбасылық 

байланыстарыңыз бизнес- 

ке кедергі келтірмейді ме? 

— Мен сенімді түрде жоқ, 

кедергі келтірмейді — деп, 

жауап беремін. Біріншіден, 

біздің ана-анамыз бір-

бірімізді  кіршіксіз сыйлауға 

үйретті және біздің өзара 

қарым-қатынасымыз 

бизнестегі кез келген 

мәселеден жоғары. Екіншіден, 

екі бас үнемі бір бастан 

жақсы, ал ауыр сынақтар 

жақындатпаса, алыстат-

пайды.  Үлкен ақша мен 

мыс құбырлардың  сынағы 

әлдеқайда күрделі.  



И

қ а з а н   —   же л т о қс а н   /   № 4  [2 4 ]

29

ұялы 



байланыс 

туралы 5 

аңыз 

1-аңыз «ұялы байланыс 

бас миының рак ауруын тудырады»

Менің анам бұған 100 % кәміл сенеді. Бұның 

себебі аталған факті нақты дәлелденбеген 

және бұның кері жағына да сенімсіз. Сондықтан 

анамның қасында болған кезде мен гарнитурды 

пайдаланамын. Осындай менің анам сияқты 

адамдар, сірә, аз емес шығар. Олардың бұл ойла-

рын су сепкендей басқым келеді. 2011 жылы дат 

рак эпидемиология институтының ғалымдары 

ұялы телефондарды ұзақ уақыт пайдалану ми 

рагын тудырмайтындығы туралы мәлімдеді. 

Мамандар қажетті зерттеулер жүргізіп, олардың 

барысында ұялы телефондарды көп жыл 

пайдалану мен орталық жүйке жүйесінің рак 

аурулары арасындағы болжамды байланысты 

зерттеп көрді. Ғылыми жұмысқа ұялы телефон-

дарды ұзақ уақыт бойы пайдаланған 350 мың 

адам қатысты. Ғалымдар осындай телефондар-

ды пайдаланбағандар мен пайдаланғандарды 

салыстыра келіп, рактың туындау тәуекелінің 

артқанын анықтаған жоқ. 

Бірақ ата-ананың көңілі тоқ болу үшін гарни-

турды пайдаланған жөн :-)

№2 аңыз «зиянды»

сәуле шығарудан қорғаныс бар»

Ешкім және ешқашан ұялы телефонның 

толығымен қауіпсіз екендігі туралы айтқан 

емес. Микро толқынды пеш, тұмша пеш, прин-

тер сияқты электр магнитті аясы бар кез кел-

ген құрылғы сынды ұялы телефон да сәуле 

шығарады. Бүгінгі таңда ұялы телефондардың 

қауіпсіздігін реттейтін әлемдік стандарттар сәуле 

шығару деңгейін SAR өлшемімен сипаттайды 

(Specific Absorption Rates — салыстырмалы 

сіңіру коэффициенті), ол килограмға қатысты 

ватпен есептеледі. Еуропада рұқсат етілген 

сәуле шығару мәні 2 Вт/кг құрайды. АҚШ-та 

1,6 Вт/кг-нан аспайды. Өзгелер бұл жағдайды 

белсенді пайдалануға тырысады, өйткені 

сатылымда сәуле шығару деңгейін азайтуға 

арналған түрлі керек-жарақтар бар. Бірақ 

бұндай құрылғылардың жұмыс істеу сұлбасы 

қоса ұсынылмайды. Бұны «фирманың құпиясы» 

десе де болады. Бір мысал келтірейік.

"VISION International People Group" (Ресей) 

компаниясы тұрмыстық электр тауарларының 

электр магниттік өрістерінен қорғау үшін, оның 

ішінде ұялы телефондар да бар, "Антирадиант" 

жапсырмаларын ұсынады. Оның қорғаныс 

механизмі зиянды сәулелердің шығу көзін 

жоюға немесе оны экрандауға емес, «адамның 

өз бойындағы электр магниттік тербелістерді 

инверсиялау жолымен ағзаға тән емес жалпы 

қорғаныс қасиеттерін арттыруға» негізделген. 

Бұл мәтінге мынадай ескерту беріледі: 

аспаптың әрекет ету тиімділігін арттыру үшін 

ағзадан улы заттардың белсенді бөлініп 

шығуына ықпал ететін "Vision" деп атала-

тын тағамға белсенді биологиялық қоспаны 

пайдаланған жөн. 

Осының барлығына белсенді қоспаларды 

араластырып, «өз ағзаңызға тән емес қорғаныс 

қасиеттерін» оятқыңыз келсе, ерік өзіңізде. 

Бірақ менде бұндай ұсыныстар өз бойымдағы 

электр магниттік тербелістерді инверсиялау 

жолымен миымның белсенді тербелуін ғана 

тудырады. 

№3 аңыз «оператордар абоненттердің шот-

тарынан құпия жолмен ақша ұрлайды» 

Мен әлдебір танысымның ұялы байланыс 

қызметін көрсететін операторлардың 

М

1992 жылы Германия-

да GSM

 технологиясы 

негізіндегі байланыс 

жүйесі коммерциялық 

пайдалануға қосылды. 

Қазір 20 жыл өткен 

соң, оның әдеттегі 

әрі күнделікті 

қажеттілікке 

айналғаны сонша, 

адамдардың басым 

бөлігі өздерін ұялы 

байланыссыз елестете 

алмайды. Батыс- 

та оны әлдеқашан 

«commodity» ұғымына 

жатқызған, яғни кең 

тұтынылатын зат. 

Бірақ осындай сенгісіз 

тарихына қарамастан 

жыл сайын осы бір 

ыңғайлы қызмет 

туралы жаңа аңыздар 

пайда болып оты-

рады. Адам осылай 

қалыптасқан: нағыз 

революциялық заттар 

аңыздармен, тіпті тыл-

сым күштермен қатар 

жүреді. Жұмыртқамен 

болған оқиға- бірінші 

де, соңғы да емес 

және ең сорақысы да 

емес


әлдеқашан интернетте ұялы телефонның жұмыртқаны пісіре 

алатындығын дәлелдейтін роликтің пайда болғаны есімде. Міне, сіздерге 

тағы бір құпияның көзін ашайын. Ол жұмыртқаны пісіріп қана қойған 

жоқ, шай шығарып, бутербродтар дайындап, осының барлығын салат 

жапырағымен безендіріп те үлгерді. Сенбейсіз бе? Дұрыс! Өйткені бұл  

ұялы байланыс маңындағы аңыздардан алынған классикалық үлгі

Салтанат

Бердіқұлова



маркет

адал қызмет көрсетпейтіндігі туралы ашулы 

монологының куәгері болдым: «Барлық жерде 

алдайды, баланс сенгісіз жылдам таусылып 

қалады және т.б..». Мен одан қандай тарифті 

пайдаланасың деп сұраған кезде ол иығын 

қысып «Ешқашан қызығып көрмеппін» деп, жау-

ап берді. 

Сіздерге бір құпияны ашайын: карта-

ны іске қосатын кезде оператор бірден ең 

қымбат тарифтік жоспарды автоматы түрде 

«іліп» жібереді. Сондықтан қызығушылық 

танытпасаңыз, қардай еріп кететін тарифке ұзақ 

уақыт ашулануыңыз мүмкін. Ал бұл уақытта 

сіздің барынша белсенді достарыңыз сағаттап 

сөйлесіп, өз қаражатын үнемдегеніне қуанады. 

Менің танысымның басындағы жағдай да 

осы сынды еді. Абоненттерге қызмет көрсету 

орталығында оның осындай тарифке қосылғаны, 

оған қоса ғаламторды «пакеттік» ұсыныссыз 

пайдаланғаны анықталды. Әрине, барлығын 

қайта қосып, тарифке қатысты мағлұмат та 

берілді. 

Тағы бір құпиямен бөліскім келеді: опе-

ратор ұрлай алмайды, арнайы биллинг жүйесі 

(яғни санақ жүйесі, ағылшынның «bill» — санақ 

деген сөзінен) бұған техникалық тұрғыда жол 

бермейді. Бұл өте күрделі бағдарламалық 

жасақтама немесе компьютерлік жүйе. Дәл 

осы жүйе оператордың әрбір абоненті үшін 

әрбір қызмет құнын есептейді. Сондай-ақ ол 

барлық тарифтер туралы ақпарат қоймасының 

да функцияларын атқарады. Бір нәрсені «қосып 

жазу» үшін немесе керісінше алып тастау үшін 

оның жұмысына сырттан араласу мүмкін емес. 

Өйткені кез келген сырттан араласу кезінде 

оның жұмысы бұғатталады. Бұл операторды 

жүздеген миллион доллармен есептелетін 

ауқымды шығынға батырады. Клиенттердің 

сенімін жоғалту өз алдына орны толмас залал. 

Парасатты ойлау қабілетінен айрылмаған ешбір 

адам бұндай тәуекелге бармайды. 

Сондықтан басты кеңес- операторға 

сұрақ қоюға ерінбеңіз. Әдетте, дербес шот-

ты егжей-тегжейлі саралап берген кезде өз 

провайдеріңіздің адалдығына деген күмәніңіз 

өз-өзінен сейіледі. Ақшаның есебін жүргізген 

кезде ғана барлығының адал екендігіне көзіңді 

жеткізерің анық. 



№4 аңыз «ұшақ ішінде ұялы телефонды 

пайдалануға тыйым салынған»

Көптеген әуе компаниялары ұшатын және 

қонатын кезде ұялы телефондар мен өзге 

электронды құрылғы түрлерін сөндіріп тастау-

ды сұрап, бұны навигациялық жабдықтардың 

жұмысына кедергі тудыру мүмкіндігімен 

түсіндіреді. Жолаушылардың басым көпшілігі 

осы ережені сақтап, өз ұялы құрылғыларын 

биіктеу барысында және қону кезінде ғана емес, 

ұшақ қозғалтқышы толығымен тоқтағанша 

сөндіріп қояды. Бұл бойымызға қалыптасып, 

сіңіп қалған ұялы телефондар міндетті түрде 

апатқа әкеп соқтырады деген түсінікке байла-

нысты болар. Мысалы, АҚШ-та әуе рейстері 

кезінде ұялы телефондарды пайдаланудың 

зияны туралы сауалнама жүргізілді. 

Респонденттердің тоқсан пайызы ұялы 

құрылғылардың навигациялық жабдықтың 

жұмысын бұзуы мүмкін екендігіне және апат 

тәуекелі артатындығына сенімді болып шықты. 

Бақытымызға орай, технологиялар бір 

жерде тұрған жоқ, қазір ұялы телефондарды 

әуеден телефон соғу үшін және хабарламалар 

жолдау үшін қолдануға рұқсат беріп жатқан 

жағдайлар бар. Француз Air France әуе ком-

паниясы ұшу кезінде жолаушыларға ұялы 

байланыс қызметтерін ұсынған алғашқы 

еуропалық әуе компаниясы болды. Оның 

артынан ағылшын British Airways, португалдық 

TAP пен ирландық Ryanair өз лайнерлерін 

тиісті техникамен жабдықтап, ұялы телефон-

дарды пайдалануға рұқсат берді. Ұялы байла-

ныс пен Ғаламторға кіру мүмкіндігін қазір Delta

Emirates Airlines, Lufthansa әуе компаниялары 

да ұсынып отыр. 

№5 аңыз «құпия

аккумуляторға кіру коды бар»

Міне, мына жағдайда мен де сан ұрып 

қалдым. Әлдебір танымал әлеуметтік желіден 

телефонның қуаты бітіп қалып, ал сізге 

жедел қоңырау соғу керек болса, кез кел-

ген ұялы телефонда қосымша қуат па, әлде 

жасырын батарея ма немесе соған ұқсас бір 

нәрсе болатындығы туралы оқыдым. Сан-

дардан тұратын белгілі бір кодты, тор мен 

жұлдызшаны ғана теру керек екен-мыс. Мен 

телефонның осы мүмкіндігін тексеріп көргім-

ақ келді. Сондықтан тылсымым тына теле-

фон қуаты қашан бітер екен, қашан қосымша 

энергия зарядын алады екенмін деп күтумен 

болдым. Бұның өтірік екенін білгенде көңілім 

су сепкендей басылды. 

Бұл аңыздың танымал болып кеткені 

соншалық, адамдар осы мәселеге қатысты 

ақпарат беруді сұрап сарапшыларға да жүгінді. 

Шындығына келгенде, ешқандай қосымша 

аккумулятор жоқ болып шықты. Ұялы теле-

фонда энергияны үнемдеу режімі ғана бар 

(экрандағы жарықты сөндіру және т.б.), бірақ 

ешқандай жасырын қуат көзі жоқ. ●

Қорытындылай келе, мынадай 

дәйексөзді келтіргім келеді  

«Аңыз-ескірген өсек қана».

Ричард Палмер

Блакмур 

30


қ а з а н   —   же л т о қс а н   /   № 4  [2 4 ]

32

33



METRO Cash&Carry:

өркениетті сауданы дамыту жолында

Қазақстан тәуелсіздік жылдары көптеген ритейл-желілердің өркендеуі мен біртіндеп өшуінің 

куәгері болды, оның ішінде халықаралық ритейл-желілер де бар. 2008 жылы халықаралық 

ритейл алыбы Metro Cash&Carr-ң біздің нарыққа аяқ басуын сарапшылар оң қабылдаған 

еді. Оң қабылдамағанда ше, біздің еліміздің пайдасына жасалған бұл таңдау осы нарық 

келешегінің бар екендігінің куәсі болатын. 3 жыл өткен соң Қазақстанда компанияның 

8 сауда орталығы бой көтерді. Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бас 

директордың орынбасары Ерлан Ысқақов VOX.com-ға берген сұхбатында халықаралық 

ритейл жетекшісінің өз бизнесін калай дамытып келе жатқаны туралы әңгімелеп берді



— Ерлан, жаһандық басшылық Қазақстан 

нарығын экспанция үшін неліктен лайықты 

деп тапты?

— Бұған Қазақстанның Еуропа мен Азияны, Ресей 

мен Қытайды түйістіріп тұрған географиялық 

орналасу жағдайы түрткі болды, бұл келе-

шекте инвесторлардың біздің елімізге деген 

қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Біздің Дюссельдорфтағы офисіміз Қазақстанды 

таңдаған кезде оның Қытай мен Ресейдегі 

сауда орталықтарына жақын болатындығын 

және өнімдерді жеткізу логистикасын барынша 

жеңілдетуге болатындығын басшылыққа алды. 

Бірақ бұл елдің экономикалық өсімі мен саяси 

тұрақтылығы да негізгі көрсеткіштер қатарында 

болғаны анық. Ресей экономикасы мұнай мен 

газдан бюджетке түсетін табысының құрылымы 

жағынан Қазақстанмен ұқсас болып келеді, 

болашақтағы экспансия үшін Қазақстанды 

таңдатын кезде бұл факті де назардан тыс 

қалған жоқ. 

— Сіз біздің еліміздің осы нарығындағы 

бәсекелестік деңгейін калай бағалайсыз?

— Өте қызықты сауал, өйткені маған бәсекелестік 

туралы әңгіме қозғау қиын. Жекелеген желілер 

бар, олар өз өңірінде маңызды рөл атқарады. 

Егер біздің желі туралы айтатын болсақ, ол 

B2B пішімінде жалғыз, қалған ойыншылар B2C 

пішімінде болар. МЕТРО-ң келуімен бұл нарық 

жандана түсті және өз пайымдауымыз бойын-

ша, біз өзге инвесторларға түрткі болдық деп 

есептейміз. Мен осы нарыққа жаңа халықаралық 

ритейлдің келуі туралы келіссөздер жүргізіліп 

жатқанын естідім. Біз үшін бұл жағымды 

жаңалық, өйткені бәсекелестік ортаны тудыруға 

мүмкіндік береді, ал ақырғы пайдаланушылар 

ұтымды баға мен өнім сапасының куәгері бола-

ды. Сондай-ақ бұл қазіргі сәтте осы елге жетпей 

тұрған өркениетті сауда деңгейін арттырады. 

— Көрсеткіштер жағынан өткен жыл Сіздің 

компания үшін қандай болды және осы 

жылғы жұмыс нәтижелеріңіз қандай?

— Компанияның жедел қызметі туралы ай-

татын болсақ, өткен жыл Павлодарда сауда 

орталығының ашылуымен көрнекі болды. 

Сондай-ақ өткен жылы біз ҚР Президентінің 

жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне 

(ШИК) кірдік. Биыл Өскемен мен Ақтөбе 

қалаларында дүкендерімізді аштық. Енді біз 8 

сауда орталығын біріктіреміз, яғни бұл біздің 

ұлттық желі атануымызға мүмкіндік береді. 

Тағы айта кетері, биылғы жылдың мамыр айын-

да өткен ШИК-ң 25-мерейтойлық сессиясында 

Президент бізді «Әлеуметтік тұрғыда жауапты 

компания» номинациясы бойынша марапаттады. 

Бұл 3 жылғы қажырлы еңбегінің нәтижесінде 

осындай жетістікке жеткен компания үшін өте 

қуантарлық жаңалық болды. Сондай-ақ ШИК — 

барлық әлемдік компаниялар өз жетістіктерінің 

тарихымен және инвестициялық жобаларды 

жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісе алатын тиімді 

алаң. Биыл Экономика министрлігінде мәжіліс 

өтіп, онда ведомство басшысы сауда желілерін 

толғандыратын сұрақтарды тыңдап, қазіргі 

кезде желілерді алаңдатып тұрған шығын нор-

масын әзірлеу мәселесіне қатысты көмектесуге, 

өркениетті сауданы дамыту үшін, преференция-

ларды ұсыну арқылы сауда саласын экономиканың 

бірінші қатардағы секторына кіргізу үшін ҚҚС 

саралауға сөз берді. Біз осы аталған мәселелер Эко-

номика министрлігінің бағдарламалық құжатында 

көрсетіледі және сауда индустриясындағы 

жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп 

үміттінеміз.

— Біз көптеген ритейлдік компаниялардың осы 

нарыққа келуіне де, кетуіне де куәгер болдық, 

сіздердің табыстарыңыздың негізгі құпиясы 

неде? 

— Көптеген желілердің осы нарықта аяқтарынан 

тік тұрып кете алмағаны, әрине, өкінішті-ақ: 

бұның бірнеше себебі бар: әлсіз менеджмент, қатаң 

кредиттік және жал талаптары, логистика және 

т.б. «МЕТРО-групп»-ң бас компаниясына 48 жыл. 

МЕТРО компаниясының Қазақстан нарығында өз 

операциялық қызметін бастағанына биыл 3 жыл 

толды. Табыс тұғыры біреу ғана — корпоративтік 

менеджменттің бірыңғай стандарттары, неміс 

тәртібі және ертеңгі күнге деген сенімділік. Мен 

барлығын керемет деп айта алмаймын, бірақ 

көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, бір жер-

де бейімделуге тырыссақ, енді бір жерде, керісінше, 

айналып кетуге тырысамыз. Бүгінгі таңда біз  

логистика мәселесін шешу үстіндеміз. Біз 

тауар құнын арзандату үшін тауарды сауда 

орталықтарына дейін жеткізу мәселесін қайта 

қарастырып жатырмыз.  Біз инвесторларды 

тарту үшін оған жағдай жасау керектігіне үкімет 

назарын аударғанбыз.  Қазақстанда баршаға 

мәлім екі мәселе бар: жалпылай қабылданған 

стандарттар бойынша «қала тұрғындарының 

саны миллионнан асатын» болса,  бұл жердегі 

қалалар тығыз қоныстанбаған (орта есеппен 300 

мың адам

) және қалалар  бірінен  бірі қашық 

орналасқан, инфрақұрылымы әлсіз дамыған 

(көлік, инженерлік, сауда-логистикалық 



орталықтардың болмауы және т.б

.). Біз жоғары 

деңгейде жайғастырылған, кез келген ауа-рай-

ына қолайлы автомобиль жолдарын, жылдам 

теміржол шатлдарын, заманауи автомобиль 

тракттарын, «А» класындағы заманауи  сауда-

логистикалық орталықтарды және т.б. көргіміз 

келеді. Сондықтан мемлекет тиісті жағдай 

жасап, преференцияларды құруы тиіс, әсіресе, 

сауда саласындағы инвесторларға қарсы қадам 

жасауы тиіс, сонда олар  мемлекет басшысы 

өзі бастамашы болған «Жаңа Жібек жолы» деп 

аталатын бағдарлама аясындағы тауар айналы-

мында маңызды рөл атқарады.  Тағы да бір сәтті 

атап өткен жөн сияқты. Жақында Экономика 

министрлігінде мәжіліс өтіп,  Ауыл шаруашылық 

министрлігінің өкілі сауда желілерін сатып алу 

көлеміне қатысты өз наразылығын білдірді,  

оның пікірі бойынша бұл үлкен көлемді ауыл 

шаруашылық кооперативтерін құруға кедергі 

келтіріп,  шағын шаруашылықтар санын ғана 

арттыруға алып келеді. Жеткізілімдердің 

тұрақсыздығына байланысты бұл сауда 

желілері үшін өте ыңғайсыз, өйткені үнемі жаңа 

өндірушілермен келісім-шарттар жасап отыру 

керек болады. Бұл ретте шағын шаруашылықтар 

өздеріне  сауда желілерімен жасалған келісім-

шарт міндеттемелерін артуға тырыспайды  және 

салық төлеуді, банктерде есеп айырысу шотта-

рын ашуды және т.б. талап ететін транспаренттік 

қатынастарға кіргілері келмейді.  Өткениетті 

сауда жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтарынан 

тұратын ауыл шаруашылығын дамытуға түрткі 

болады және біздің компания осы мәселеге 

қатысты  жеткізушілермен ынтымақтаса 

отырып, өнім сапасын ұдайы жақсарту жо-

лында қажырлы жұмыс істеуге тырысады. 

Сондықтан өркениетті сауданы дамыта отырып,  

шыдамдылықты шыңдау керек. 

— Сіздерде клиеттерге қолдау көрсету және 

оларды ұстап қалу бағдарламалары бар ма? 

— Қазір МЕТРО карталары иегерлерінің саны 

Қазақстан бойынша 760 мың адамнан асты. Бұл 

бағдарламалар тұрақты негізгі клиенттер үшін 

жұмыс істейді және біз өзге клиенттерді де 

қамтуға тырысамыз. 



Біз Сіздің компанияның өзге мобильді 

оператордың корпоративтік клиенті 

болғанын білеміз. Сіздің Kcell байланысына 

ауысуыңызға не түрткі болды?

— Біз өз таңдауымызда ағымдағы 

экономикалық жағдайды басшылыққа алдық, 

яғни өзіміз үшін экономикалық тұрғыда барын-

ша тиімді ұялы байланыс қызметін көрсетушіні 

таңдадық. ●



METRo cash & carry 

— әлемдегі ең ірі сауда 

компанияларының бірі 

болып табылатын METRO 

Group неміс концернінің 

сауда бөлімшесі. 2011 

жылы METRO Group-ң 

сатылым көлемі шамамен 

66,7 млрд евроны құрады. 

METRO Group-қа шама-

мен 29 елдегі 740 дүкен 

тиесілі, қызметкерлер 

саны 280 адамнан асады. 

Бұл топқа әрқайсысы 

өз нарық сегментінде 

әрекет ететін мына-

дай сауда бөлімшелері 

кіреді: METRO/Makro 

Cash&Carry өз өзіне 

қызмет көрсететін 

шағын көтерме сау-

да орталықтары, Real, 

Media Markt және Saturn 

гипермаркеттері — элек-

троника мен тұрмыстық 

техника дүкендері еуропа 

нарығының жетекшілері 

және Galeria Kaufhof 

әмбебап дүкендері.

Е



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет