аналық без цистаденомасы
130.Науқас 65 жаста, қынаптан сұйық сары түсті,сасық иісті, кейде қан аралас бөліндіге шақымданады. Шағымдары бір жылдан бері байқалады. Айқын қосалқы аурулар бар: декомпенсирленген қант диабеті, диабеттік табан, ЖИА, 2017 жылы миокард инфарктісі, энцефалопатия, артериалық гипертензия 3дәрежелі, СЖЖ ФК3. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Анамнезінде 3 жүктілік, 1 босану, 2 мед.түсік. Соңғы рет гинеколог қарауында жеті жыл бұрын болған. Айнамен қарауда: қынап қысқарған. Жатыр мойнында кратер некроздық қабатпен қапталған. Қынаптан «ет жуындысы» тәрізді бөлінді. Қынаптық тексеру: қынап қабырғасының 2/3 бөлігі инфильтрацияланған. Кіші жамбас астауында екі жақ жамбасқа созылған, қозғалмайтын, ауырсынатын тығыз ісік конгломераты анықталады. Ректальді тексерісте: тік ішек шырышты қабаты қозғалыссыз. Параметрияда екі жақтанда жамбас қабырғасына жететін инфильтрат. Саусақта қан жұғады. Құрсақ қуысының КТ бауырда метастаз анықталған. Науқасқа «жатыр мойны обыры, IV cаты» диагнозы қойылған. Ем түрі
симптоматикалық ем
131.Науқас 44 жаста 2 айдан бері жыныс
жолдарынан етеккір циклінің 16нан 22не дейін болатын қанды бөлініске шағымданады. Етеккірі 3-4 күн, 27 күн сайын. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, бимануальді қарауда жатыры алға қарай, ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары екі жақтан да ұлғаймаған, ауырсынусыз. Науқасқа бөлшектік диагностикалық қырнау жасалды, гистологиялық қорытындысы– аденокарцинома. Мүмкін алыс гематогенді метастаздарды издеу үшін қандай диагностикалық әдіс керек
құрсақ қуысының УДЗ, кеуде мүшелерінің рентгенографиясы
132.Науқас 55 жаста гинекологқа ішінің төменгі жағының ауырсынуына, ішінің ұлғаюына, құсу, 1,5 ай ішінде салмағының 8 кгға азайғанына шағымданады. Объективті: іші ұлғайған, кернеулі. Гинекологиялық қарауда: жатыр мойны таза, артқа ығысқан. Ректо-вагинальді қарауда кіші жамбаста конгломерат, тас тәрізді, қозғалмайтын, бұдыр беткейлі. СА-125 – 2356 МЕ/мл. Диагнозды айқындайтын маңызды тексеру әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |