Клиника- лабораторлық тексеру жүргізу және жүктілікті үзуге жолдама беру
202.Науқас Л., 28 жаста, гинекологиялық бөлімге жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен келіп түсті. Тексеру кезінде АИВ-ке реакциясының оң екендігі анықталды. Қандай жағдайда, АИВ инфекциясын лабораторлы дәлелденген деп санауға болады
ИФА реакциясы екі рет оң + иммуноблот
203.18 жасар науқас, сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына, зәр шығару кезінде ашуына шағымданады. Бір апта бойына өзін науқаспын деп санайды, оның алдында іріңді баспамен ауырған, соған байланысты ампициллин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, дене қызуы қалыпты, соматикалық дені сау. Қынапқа кіре берісте қызару, ісіну, ақ ірімшік тәрізді бөліністер анықталады, мақтадан жасалған тампонмен сүрткенде оңай сылынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы
Кандидозды кольпит
204.27 жастағы науқасты зерттеу барысында анықталды: қынап бөліндісінің рН 5,2, қынап шырышты қабатының гиперемиясы, оң мәнді аминді тест, қынап бөліндісін микроскопиялық зерттеуде "кілтті жасушалар" анықталды. Ең ықтимал диагноз
бактериальды вагиноз
205.Жүктіліктің 8-9 аптасына қарай жүкті әйелде тәулігіне 22 ретке дейін құсудың, ауырсынуың болуы, гипотония, тамыры минутына 110 рет соғуы, диурездің азайғандығы байқалған, қалдық азот және креатинин көбеюде, зәрде ацетон-4+. Диагноз
жүктілердің құсуы, ауыр формасы
206.Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану және үш медициналық түсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп тұр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жүктіліктің мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, аз мөлшерде. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келеді
өздігінен түсік болу қаупі
207.Әйелдің перименопаузальды кезеңінде дисфункциональды жатырдан қан кетуді гормональды емдеу мақсатында, мүмкіндігінше қолданады
гестагендерді
208.Жедел медициналық көмек машинасымен 27 жастағы қайта босанушы, мерзіміне жеткен жүктілікпен, ұрық маңы суының төгілуіне шағымданып, перзентханаға жеткізілді. Босану қызметі жоқ. Анамнезінен: Паритет 2/1. Алғашқы жүктілігі осыдан 2 жыл бұрын ұрық жағдайының қиналуына байланысты, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен аяқталған. Босанғаннан кейінгі кезең эндометритпен асқынып, емделіп шыққан. Дәрігер тактикасы
Достарыңызбен бөлісу: |