Кеуде клеткасының рентгеннографиясын


кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза



бет41/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
гос экзамен

кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

251.Бала 5 - ші жүктіліктен, өз уақытында 3000 г салмақпен туылған, бойы 50 см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсиды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын - ала диагнозыңыз


нәрестенің гемолитикалық ауруы

252.Нәрестелер патологиясы бөліміне 20 күндік ұл бала 5 - 6 күн бұрын басталған, динамикада күшейген «фонтан» тәрізді құсу шағымдарымен түскен. Құсық массаларға өт араласпаған, динамикада құсық көлемі ұлғаю үстінде. Бала құмарланып емеді, бірақ дене салмағын қоспайды, жетіспеушілігі байқалады. Зәр шығару жиілігі азайған, зәрінде қызылдау рең пайда болған. Қандай патология жөнінде ойлауға болады


пилоростеноз

253.Бала гестациялық мерзімнің 40 аптасында туылған, дене салмағы 3750г. Айқайы лезде. Емшекке 1 тәулігінде салынды, емшекті жақсы алды, емуі белсенді. Өмірінің 3 тәулігінде салмағы 3600гр. Кеудесінде, ішінде және аяқ-қолдарында ала-папулезді қызғылт түсті бөртпелер байқалды. Өтпелі кезеңді анықтаңыз


дене салмағының транзиторлы төмендеуі, уытты эритема

254.3 жүктіліктен туылған бала. Анамнезінде - 2 медициналық аборт. Туғаннан кейін 9 сағаттан кейін сарғаю пайда болды. Бауыр қабырға доғасының шетінен + 1,5 см. Гемоглобин 158 г/л, жалпы билирубин 99,8 мкмоль/л, тура емес – 91,6 мкмоль/л, тура - 8,2 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 бірлік. Жіктелуіне сәйкес алдын ала диагноз қойыңыз


Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы, сарғаю формасы

255.Дәрігер - акушер 20 жастағы жүкті әйелмен мешелдің антенаталды профилактикасы жайында әңгіме жүргізді (мерзімі 36 апта). Дәрігердің ұсынысы: витамининдерге бай тамақтармен тамақтану, таза ауада көп серуендеу, күн тәртібін сақтау. Қандай ұсыныс мешелдің арнайы профилактикасына жатады


Д тобының витаминдерін қабылдау

256.Нәресте 1 - ші жүктіліктен, босануы тез, туғандағы салмағы 2900 г, ана сүтімен тамақтанады, дене температурасы қалыпты, жағдайы қанағаттанарлық. Перзентханадан 4 – ші күні шығарылды, салмағы 2850 г. Педиатр қарауға келгенде балаға «гестация мерзіміне аз салмақты» диагнозын қойды. Классификация бойынша нәресте қай аз салмаққа жатады


2500 г төмен

257.Бала 1 жүктіліктен, жүктілік ағымы қалыпты, 1 босануы 38 аптада. Туғандағы салмағы – 2900 гр, бойы - 49 см. Әйелде А(II), Rh(+) қан тобы, балада - АВ (IV), Rh (-) қан тобы. Апгар шкаласы бойынша 7 - 8 балл. Өмірінің 3 тәулігінде тері қабаттары сары түске боялды. Жағдайы қалыпты. Емуі белсенді, құспайды. Тума автоматты рефлекстері белсенді шақырылады. Биохимиялық қан талдауында:билирубин - 90 мкмоль/л тікелей емес фракция есебінен,трансаминаза қалыпты. нәрестеге босану үйінде күнтізбесіне сай қандай екпе беріледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет