Кеуде клеткасының рентгеннографиясын



бет35/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
жатыр атониясы, қан кету

214.40 жастағы науқас әйел, қан кету және ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен гинекологиялық бөлімге түсті. Соңғы 1,5 жылда, етеккірі ұзаққа созылып, көп мөлшерде бөлінуінен бастап ауырады. Соңғы етеккірі мерзімді келіп, 10 күнге жалғасуда. Анамнезінде: бір босану және 3 артифициальды түсік болған, асқынусыз. Осы жағдай етеккір қызметінің қандай бұзылысына сипатты


гиперполименорея

215.25 жастағы әйел, 5 күн бойы жыныс жолдарынан іріңді бөліністер мен кіші дәретке отырғанда ашу сезімінің пайда болғанына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық өмірі ретті емес, тұрақты серіктесі жоқ. Айнамен қарауда: қынап және жатыр мойны қызарған, көп мөлшерде «іріңді лента» түріндегі іріңді - шырышты бөліністер анықталды. Бимануальды зерттеуде: жатыр және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Аурудың себебін анықтауға қандай зерттеу мүмкіндік береді


дақылдық әдіс

216.Науқас А., 24 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен және жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, етеккірінің 2 аптаға тежелуіне шағымданып келді. АҚҚ 100/60 мм рт ст, тамыр соғысы минутына 90 соққы. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырышы көгерген, бөліністері қанды, күңгірт. РV: жатыры аздап ұлғайған, қозғалмалы, оң жақ қосалқыларында консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынатын түзіліс анықталады. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қайсысы


жатырдан тыс жүктілік

217.Жүкті әйелде, ұрықты екінші скринингтік ультардыбысты зерттеуде плацентаның төмен орналасқандығы диагностикаланды. Плацентаның төмен орналасуына ең сипатты клиникалық симптом болып табылады


жыныс жолдарынан қайталамалы қанды бөліністер

218.20 жасар науқас, етеккір циклінің 13-ші күнінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып, гинекологиялық бөлімге түсті. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Тамыр соғысы минутына 90 соққы. Тері жабыны бозарған. Іші жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауырсыну бар. Шажырқайдың тітіркену симптомы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінулері шырышты қан араласқан. PV: жатыры қалыпты өлшемде, алдыңғы іш қабырғасының кернелуінен жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауырсынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет