Альпорт синдромы
292.6 жастағы балаға бронх демікпе ұстамасына жедел дәрігер шақырылды. Анамнезінен 4 жастан бастап бронх демікпе ұстамасымен Д бақылауда тұратыны анықталған. Аллергологқа қаралған, үй шаңына, тағамдарға сезімталдығы бар. Ұстаманы өздігінен қайтаруға болмаған. Жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт. Экспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Дем алу 1 мин - 40 рет. Қашықтықтан сырыл естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысы «қорап» тәрізді дыбыспен жүреді. Демалысы әлсіз, жайылған құрғақ сырыл. Қандай ем міндетті түрде жүргізу керек
сальбутамол
293.5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуы. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақаттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр. - 3,6 х 1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. – 200 x 10 %, Ли - Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450 мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфикация қалпына келді. Төмендегі көрсетілген диагноздың қайсысы дұрыс
А гемофилиясы
294.Науқаста келесі симптомдар анықталған: бетінің көгеруі, аккроцианоз, веналары кеңейген, веналық пульсі оң, аускультацияда семсер өсіндісінде үрілген систолалық шу, жоғарыға және оң жаққа беріледі, тыныс алғанда күшейеді, дем шығарғанда әлсірейді. Бауыры ұлғайған, пальпациялаған кезде бауырда пульсация сезіледі, ол қарыншаның систоласымен синхронды ЭКГда Р тісшесі биік, рентгенограммада жүрек көлеңкесі үш бұрышты, ол оң жақ жүрекшемен қарыншаның үлкеюмен байланысты. Қандай ақау туралы ойлауға болады
үшжармалы қақпашаның жеткіліксіздігі
295.9 жастағы ер бала, зәр анализіндегі өзгерістеріне және естудің төмендеуіне шағымданады. Бала токсикозбен 2 - ші жүктіліктен, 2 - ші босанудан (бірінші бала – ер бала, 11 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды, 3 жастан бері – құлағы естімейді). Клиникаға түскенде: хал - жағдайы орташа дәрежеде, терісі бозғылт, ісінуі жоқ, қан қысымы 105/55 с.б. дизэмбриогенез стигмалар анықталады. ЖЗА - нәруыз - 0,9 %, лейкоциттер – 6 - 7 к/а, эритроциттер - көп мөлшерде, тығыздылығы - 1007. Зимницкий байқауы: зәр тығыздығының тербелісі 1002 - 1008; күндізгі диурез - 250 мл, түнгі диурез - 500 мл. Аудиометрияда: есту қабілеті төмендеген. Окулист қарауында: катаракта I дәрежелі, миопия. Бұл қандай синдромға тән
Достарыңызбен бөлісу: |