қанайналым жеткіліксіздігінің ІI Б сатысы - ФК ІII
29.Науқас Р., 58 жаста, 5 жыл артериалық гипертензиямен зардап шегеді. АҚ көтерілгенде анда-санда Каптоприл қабылдайды. Кейінгі жылы аздаған физикалық күштемеде ентігу, жүректің қатты қағуы, өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар пайда болды. Науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің сатысын анықтаңыз
ҚАЖ II А сатысы
30.Науқас ер адам, 62 жаста, клиникаға тыныштық қалыпта болатын төс артыңдағы басып, қысып ауырсынуға, ауырсынудың нитроглицерин қабылдағанда басылмауына шағымданып келді. Анамнезінде: осыдан бір ай бұрын миокард инфарктісін басынан кешірген. ЭКГ-да динамикалық өзгерістер жоқ. Науқасқа қандай диагностикалық әдіс жүргізу қажет
коронарография
31.Науқас 20 жаста., жиі түнгі уақытта мазалайтын, эпигастрия аймағында айқын ұстамалы, шаншып, бұрап ауырсынудың болуына шағымданып ауруханаға түсті. Ауырсыну күндізгі уақытта тамақ қабылдағаннан соң басылады. Асқазанды пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауырсыну, Мендель симптомының оң болуы анықталды. Қандай болжамды диагноз болу мүмкін
Он екі елі ішектің ойық жара ауруы
32.25 жастағы ер адам ішінің оң жақ жартысындағы сыздап аурырсыну сезіміне, күніне 6-8 ретке дейін болатын сұйық дәретке, соңғы 2 жылда 8 кг-ға арықтауына, ірі буындардағы ауырсынуға, ұзақ уақыт бойы мазалайтын субфибрилитетіне шағымданды. Тексергенде: екі сирақта түйінді эритема, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы 33.айқын ауырсынады; іш перденің тітіркену симптомы жоқ. Нв 84 г/л, түсті көрсеткіш 0,8, лейкоциттер 1 мкл-де 12,6 мың, ЭТЖ 56 мм/сағ, жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер 39%, холестерин 2 мкмоль/л, сарысулық темірі 7 мкмоль/л. Колоноскопия кезінде соқыр ішектің шырышты қабатының қуыс тәрізді терең жаралар анықталды. Мүмкін болатын диагноз
Крон ауры
34.Науқас О., 32 жаста алкоголь немесе ащы тағамнан 30 минуттан соң пайда болатын асқазан асты аймағындағы басып ауру сезіміне және сода қабылдағаннан кейін басылатын күшті қыжылдау сезіміне шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен жабылған, терең сипағанда эпигастрийде жайылмалы ауру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, ісінген, антральды бөлігінде – бірлі-жарым қан құйылулар. Қандай зерттеу әдісі барынша ақпаратты
Достарыңызбен бөлісу: |