Кеуде клеткасының рентгеннографиясын


сүйек кемігінің пункциясы



бет14/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
гос экзамен

сүйек кемігінің пункциясы

79.Науқас 19 жаста, иектерінің қанағыштығына, тамағының ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене температурасы 39°С. Тері жамылғысы бозғылт, көптеген петехиялар мен экхимоздар бар. Бадамша бездері некрозды жабынмен жабылған. Жақасты лимфа түйіндер ұлғайған. Бауыр, көкбауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Қанда: эритроцит -2,5 х1012/л, Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейкоцит -29х109/л, бласты жасушалар - 98%, сегм - 2%, тромбоциттер -28 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазға реакция оң. Осы аурудың диагностикасында шешуші симптом болып табылады


бластемия

80.Науқас С., 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға, тұрақсыз дәретке шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Бауыр, көкбауыр шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер -2,6х1012/л, Нв-104 г/л, ТК-1,2 лейкоциттер -2,7х109/л, тромбоциттер -115х109/л, ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін


В12-тапшылықты анемия

81.В12 тапшылықты анемияға қандай клиникалық синдром тән


фуникулярлы миелоз

82.Науқас К., 24 жаста, қатты арықтауға (бір айда 9кг), ауызының құрғауына, шөлдегіштікке, жиі зәр бөлінуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарағанда: терісі құрғақ, алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр талдауында: қант - 2,9% және ацетон. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған анағұрлым тиімді


қысқа әсерлі инсулин

83.Науқас 17 жаста, аузының құрғауына, шөлдегіштікке, бір ай ішінде 7 кг арықтауға шағымданады. Қантты диабет бойынша тұқымқуалаушылығы жоқ. Қарағанда: гипергликемия 13 ммоль/л, гликозирленген Нв -7% анықталды. Сіздің диагнозыңыз


қантты диабет 1 тип

84.Науқас 32 жаста, мазасыз, күйгелек, көптеген артық қимылдары бар, психикалық қозғыш, ұйқысы нашар, тәбеті жоғары бола тұра арықтаған, іш өтулер бар. Қарағанда: қол саусақтарының треморы, көз симптомдары оң. Жүрек үндері қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚ– 150/70 мм. сын.бағ.. ЖЖЖ- 110 рет мин. Қалқанша безі ұлғайған, жұтынғанда көрінеді. Қан талдауы: Нв – 100 г/л. Лейк - 8.0*109/л, ЭТЖ – 12мм/сағ. Қандағы глюкоза – 6,8 ммоль/л. Дұрыс алғашқы диагнозды таңдаңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет