В12-тапшылықты анемия
63.Науқас 34 жаста, әлсіздікке, басының айналуына, жүрегінің қағуына, ентігуге шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен сырқат. Объективті: тері және шырышты қабаты бозғылт, койлонихиялар. Жүрек үндері тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер -3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер -4,8 мың., тромбоциттер -200 мың., ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сарысуындағы темір - 6,4 мкмоль/л. Қандай ем жүргізу тәсілін таңдадаған жөн
темір сульфаты пероралды
64.Науқас В., 40 жаста, жалпы әлсіздікке, терлегіштікке, арықтауға, сол қабырғаастындағы тұйық ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көкбауыр кіндік маңында, тығыз, ауырсынусыз. Қанда: эритроциттер - 3,0х1012/л, лейкоциттер - 96х109/л, миелобласттар - 2%, промиелоциттер-4%, метамиелоциттер-8%, таяқшаядролы - 12%, сегментядролы - 52%, эозинофилдер-5%, базоф-5%, лимф-12%, тромбоциттер - 200х109/л. ЭТЖ-56 мм/сағ. Қандай диагноз анағұрлым тән
созылмалы миелолейкоз
65.35 жастағы әйел адам, қабылдау бөлімшесіне жалпы әлсіздікпен, басының айналуымен, жүрегінің қағуына шағымданып түсті. 1 жыл бойы етеккірі 10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозарған, тырнағының сынғыштығы мен сызықтығы анықталады, шашының түсуі, тахикардия 100 рет минутына. АҚ 110/60 мм.сын.бағ. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроцит - 2,6 х 1012/л, ТК - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоцит - 420 х 109/л. Гинекологқа қаралған: жатыр миомасы, 12 апта. Ота жасау ұсынылған. Аталғандардың ішінде науқасты жүргізудегі қандай әдіс ұтымды
темірдің парентералды препараттары
66.48 жастағы науқас, әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, сол жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарағанда: көкбауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы. Қанда: Нв- 128г/л, эритроциттер 4,0∙1012/л, лейкоциттер – 47∙109/л, тромбоциттер 480∙109/л, формуласы: эоз-2%, баз-3%, бласты жасушалар 1%, промиелоциттер-2%, миелоциттер -4%, жас жасушалар -10%, т/я - 26%, с/я-34%, лимф-12, мон–6%, ЭТЖ 6 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсінді жасушаларының гиперплазиясы. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет
Достарыңызбен бөлісу: |