жеңіл дәрежелі нормохромды анемия
74.57 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жүрген кездегі ентігуге, эпигастрия аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: күйлілігі төмен, тері және көрінетін шырышты қабаттары сарғыш реңді бозарған, шамалы спленомегалия. Қанында: эритроциттер -2,1х1012/л, Нв-89 г/л, ТК-1,1, лейкоциттер -2,8 х109/л, тромбоциттер-115 х109/л, ЭТЖ-24 мм/сағ, макроцитоз. Аталған патологияны емдеудің 5-7 күнінде қанда қандай өзгеріс анықталады
ретикулоциталық криз
75.60 жастағы әйел адам, жалпы әлсіздікке, эпигастрия аймағындағы ауырылық сезіміне, тамақ қабылдағанннан кейін кекіруге шағымданады. Объективті: дене температурасы 36,6°С; ТАЖ- 20/мин.; пульс - 96/мин.; АҚ - 115/70 мм. сын.бағ. Тері және көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Қан талдауында: эритроциттер - 2,0х1012/л; Нв - 100 г/л; ТК - 1,5; ЭТЖ- 28 мм/сағ. Асқазанның париеталдық жасушаларына антиденелер анықталған. Науқаста анемиялық синдромды емдеуде қандай тәсіл тиімді
В12 дәруменін тағайындау
76.30 жастағы науқас 1 айдан бері ауырады, әлсіздік, геморрагиялық синдром бар. Лимфа түйіндері ұлғайған. Температурасы – 38,5С. Тері жамылғысы бозарған, интоксикация. Қан анализі – Нв 40 г/л, эритроциттер 2,0х109/л, лейкоциттер 0,8х109/л, тромбоциттер 50∙109/л, ЭТЖ – 41 мм/с, формула есептелмейді. Мүмкін болатын диагноз
жіті лейкоз
77.Науқас А., 19 жаста, қарағанда спленомегалия. Гемограммада: лейкоциттер 78х10 9/л; лейкоформула: промиелоциттер 3%, миелоциттер 8%, метамиелоциттер 12%, таяқша ядролы 21%, сегментядролы нейтрофилдер – 41%, базофил – 3%, эозинофил – 6%, лимфоцит – 6%. Тромбоциттер – 784*109/л, гемоглобин – 114 г/л. Миелограмма: сүйек миы гипержасушалы, миелокариоциттер, мегакариоциттердің жоғарылуы, гранулоцитарлық қатардың барлық жасушалары анықталады. Зерттеудің келесі кезеңі қандай
қанды цитогенетикалық зерттеу
78.34 жастағы ер адам бір ай бойы науқас, әлсіздік, геморрагиялық синдром мазалайды Лимфа түйіндері ұлғайған. Температура – 39,5С. Тері қабаттары бозарған, интоксикация. Қанында: Нв - 36 г/л, эритроциттер - 2,2х109/л, лейкоциттер - 0,8х109/л, тромбоциттер – 50х109/л, ЭТЖ – 41 мм/сағ, формуласы саналмайды. Келесі зерттеу әдісін таңдаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |