макроагиопатиямен 2 типті қантты диабет
89.22 жастағы әйел адам жүрек қағуына,
эмоциялы лабилділікке, ашушаңдыққа, 2 айда 8 кг арықтауға шағымданады. Науқас астеникалы, жылауық, терінің диффузды гипергидрозы, жалпы тремор – «телеграф бағанасы» симптомы. ЖЖЖ 120 рет/мин. Қалқанша безі біркелкі ұлғайған, орташа дәрежелі экзофтальм. Төменде көрсетілген препараттардың қай тобын бірінші кезекте тағайындаған жөн
тиреостатиктерді
90.26 жастағы жігітте басынан өткен вирусты инфекциядан кейін тәулігіне 6 литрге дейін шөлдегіштік, жиі және көп мөлшерде зәр бөлу, соңғы айда 3 кг арықтау, жалпы әлсіздік пайда болған. Қандай ауру болуы мүмкін
қантсыз диабет
91.Динамикалық тексеру кезінде қантты диабеттің компенсация дәрежесін анықтайтын көрсеткішті атаңыз
гликолизирленген гемоглобин
92.50 жастағы артық салмағы бар науқас әйелде 2 рет ашқарынға гликемияның жоғарылауы 6,9 және 12,2ммоль/л дейін анықталған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін
қантты диабет 2 тип
93.42 жастағы науқаста гипотиреоздың клиникалық белгілерімен қалқанша безі 2-ші дәрежеге дейін ұлғайған. Қанында ТГ және ТПО, ТТГ-ға антиденелер жоғарылаған. Емдеу препаратын таңдаңыз
левотироксин
94.Әйел 33 жаста, шаршағыштық пен әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, L-тироксин 50 мкг қабылдаған. Қарағада: беті ісінген, жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ 54 рет мин, АҚ- 100/70 мм. сын.бағ. ЭХОКГ: перикад қуысында сұйықтық бар. Емді тағайындауға зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты болып табылады
ТТГ, бос Т4 деңгейін анықтау
95.Эндокринологқа 42 жастағы науқас келді. Айқын әлсіздікке, дене салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келген ісінулерге, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі айқын ентігуге шағымданады. Анамнезінде: көптүйінді эутиреоидты жемсауға байланысты струмэктомия жасалған. АҚ 70/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ - 56 рет мин. Жүрек үндері тұйық, кардиомегалия. ЭХОКС-та: перикад қуысында аздаған сұйықтық байқалады. Ашқарындағы гликемия 3,5 ммоль/л. Диагнозды анықтау үшін қандай гормондар қажет
ТТГ, Т4 бос
96.Ер адам 30 жаста, бойы 170 см, салмағы 105 кг, кеуде аймағында айқын майлардың жиналуы, иықтары мен сандарының ішкі беткейінде қызыл-қоңыр стриялар бар; бетінде және арқасында көптеген вульгарлы безеулер. АҚ 150/90 – 165/110 мм сын.бағ. деңгейінде тұрақты жоғарылаған. Кортизол деңгейі 1050 нмоль/л (қалыпты 101-535 нмоль/л). Ашқарындағы гликемия 12 ммоль/л, зәрдегі қант 1%, зәрдің ацетонға реакциясы теріс. Қантты диабеттің типін анықтаңыз
стероидты
97.Гипотиреозы бар қарт адамда 2-ші функционалды кластыстенокардия қосарланғанда жүргізілетін емду қағидасын таңдаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |