ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия, госпитализацияға жіберу
16.Науқас А., 52 жаста трансмуральды алдыңғы-перделік микард инфарктімен ауруханада ем қабылдаған. Аурудың 3-ші күні науқас жағдайы нашарлап, 3- қабырғааралықта төстің сол жақ шетіне таралатын дөрекі систолалық шу пайда болды және оң жақ қарыншалық жеткіліксіздік белгілері үдей түскен. Дамыған асқынуды диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн
Тыныштықтағы эхокардиография
17.Науқас жедел коронарлы синдром клиникасымен жеткізілді. ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауымен өте биік «коронарлы» Т тісшелері анықталады. Тропонин I оң мәнді. Алғашқы диагноз қандай
ЖИА. Q тісшесіз миокард инфарктісі
18.Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары бозарған, суық тер байқалады, жүрек тондары бәсеңдеген, диурезі төмендеген. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған
кардиогенді шок
19.Науқас ер адам, 38 жаста, жүректің шалыс соғуына және жүректің қатты қағуына, жүректің «тоқтап қалу» сезіміне, аздаған физикалық күштемедегі ентігуге шағымданып келді. ЭКГ-да: ритм синусты, ЖЖЖ минутына - 86 рет. Жүректің электрлік өсі қалыпты орналасқан. Жиі полиморфты қарыншалық экстрасистолия анықталады. Науқасқа тәуліктік ЭКГ-қ мониторлау жүргізілгенде полиморфты қарыншалық экстрасистолалар және жұптасқан қарыншалық экстрасистолалардың 6 эпизоды тіркелген. Осы жағдай қарыншалық экстрасистолалардың Lown бойынша жіктемедегі қандай класқа жатады
IVa
20.75 жастағы ер адам, темекіні көп шегеді, қиын бөлінетін құрғақ ауыр жөтелге, айқын ентігуге шағымданады. Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
21.Миокард инфарктісімен науқаста кенеттен тұншығу ұстамасы дамып, ентігу күшейді, өкпесінде қатқыл тыныспен қатар көптеген ылғалды ұсақ әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Пульсі минутына - 104 рет, АҚ 100 және 60 мм.сын.бағанасында. Осы науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған
Достарыңызбен бөлісу: |