Кеуде клеткасының рентгеннографиясын


Helicobakter pylori тыныстық уреазды сынама



бет6/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
гос экзамен

Helicobakter pylori тыныстық уреазды сынама

35.28 жастағы ер адам, күніне 20 рет болатын жағымсыз иісті қан, шырыш, ірің араласқан сұйық нәжістің болуына, дефекация актісінің алдында күшейетін және үлкен дәреттен кейін басылатын ішінің бүріп ауруына, буындарының сырқырауына, көзінің ауырсынуына, ауыз қуысында ойықжаралардың пайда болуына, басының айналуы және дене қызуының жоғарлауына шағымданып түсті. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін


Бейспецификалық жаралы колит

36.Ер адам К., 42 жаста, 2 ай бойы ішінің көлем жағына үлкейгеніне шағым айтады. 12 жыл алдын гепатит В ауырған, кезеңді алкоголь қабылдайды. Қарау барысында іш аймағында көктамырлық тор байқалады, асцит 2 дәрежесі. Бауыр циррозы кезінде асцитті емдеуде қандай дәрілер тобын тағайындау анағұрлым дұрыс


Ілмектік диуретиктермен бірге калий сақтаушы диуретиктер тобын

37.Әйел А., 43 жаста, соңғы 4 ай ішінде оң жақ қабырға астында ауырсыну мазалаған, 2 апта бұрын сарғаю дамыған. Анамнезінде: вирусты гепатит В, алкоголь қабылдайды. Қарау кезінде: науқастың тамақтануы төмен. Тері жамылғысы және склерасы сарғыш, телеангиоэктазиялар анықталады. Іші желденген. Бауыр қабырға доғасынан +4 см-ге шығыңқы, тығыз сезімтал. Көкбауыр +3 см-ге үлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 28 мм/сағ; жалпы билирубин - 84 мкмоль/л, басым тікелей фракциясына байланысты. Берілген диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал


Бауыр циррозы

38.Әйел 18 жаста., дефекация кезінде пайда болатын сол жақ гипогастриядағы ауырсынуға, үлкен дәреттен кейін басылатын, кезеңді үлкен дәретінің сұйықтануына шағымданып емханаға келді. Қарағанда: пальпация кезінде тоқ ішектің барлық аймағына ауырсыну анықталады. Копрограммада: шырыш++++. Тоқ ішектің рентгенологиялық зерттеуінде дискенезия белгілері, ал колоноскопияда спазмға бейімділік. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал


Тітіркенген ішек синдромы

39.36 жастағы ер адамды күніне 35 ретке дейін болатын шырыш, ірің, қан аралас, сұйық нәжіс, дене қызуының жоғарлауы, ауыз қуысындағы ойық жаралар, көзінің ауыруы мазалайды. Эпидемиологиялық анамнез ерекшеліксіз. «Бейспецификалық ойықжаралы колит» диагнозы қойылған. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді


Сульфасалазин

40.Науқас Д., 52 жаста, ауруханаға тамақ қабылдағаннан соң 20-30 минуттан кейін пайда болатын, төс астындағы ауырсынуға, ауамен кекіруге, дене салмағының соңғы айда 3 кг төмендеуіне шағымданып келді. ЭФГДС кезінде асқазанның кіші иінде, оның ортаңғы үштен бірінде қатпарлардың анық жанасуымен жұлдызшалы ақ тыртық байқалады, сол аймақта шеттері ісінген, қабынған, өлшемі 6х8 мм жаңа жара анықталды. Жараның түбінде қан ұйындысы бар. Биопсия жүргізілу Helicobacter pylori табылды. Қандай емдеу үлгісін тағайындаған жөн




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет